О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 576 «Об утверждении формы индивидуальной карты занятости и правила ее ведения» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-қосымшада: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке бас деректерін енгізе отырып жүгінгендер, жұмыспен қамту тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары және олардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау туралы мәліметтерді жинауға арналған.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының және Орталықтардың қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Бірыңғай байланыс-орталығына акпарат беруді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.