О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 95 «Об утверждении Правил организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру жəне өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қағидалардың 2-тармағының 4) және 8) тармақшалары және 20-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «4) оқытуды басқару жүйесі Learning management system – LMS (Ленинг менеджмент жүйелері – LMS) (бұдан әрі – LMS) – оқу процесін басқаруды автоматтандыруға арналған цифрландыру объектісі.»; «8) Педагогтердің бірыңғай деректер қоры» цифрлық объектісі (бұдан әрі – ПБДҚ) – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған, педагогтің біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректерді жинауды, өңдеуді және верификациялауды қамтамасыз ететін Ұйымның цифрлық жүйесі;»; «20. Тыңдаушыларды бюджет қаражаты есебінен Курстарға қабылдау Ұйым басшысының бұйрығымен Білім басқармаларының хаттары негізінде тыңдаушылар тізімдерін қоса бере отырып ресімделеді. Курстарға жіберілген педагог ұйымға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Педагогтер туралы деректерді қамтитын цифрландыру объектісі болған кезде жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі талап етілмейді.».
Басқа 8. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 145-НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) біліктілік – тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;
Тармақша 2
2) жаттықтырушы-оқытушы – Курстардың білім беру бағдарламаларын бойынша іске асырушы тұлға;
Тармақша 3
3) қорытынды бағалау – педагогтің Курстың білім беру бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;
Тармақша 4
4) оқытуды басқару жүйесі Learning management system – LMS (Ленинг менеджмент жүйелері – LMS) (бұдан әрі – LMS) – оқу процесін басқаруды автоматтандыруға арналған ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 5
5) педагогтердің біліктілігін арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) - қосымша кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылатын оқыту нысаны;
Тармақша 6
6) педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
Тармақша 7
7) педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымы – үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтердің біліктілігін арттыру Курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым (бұдан әрі – Ұйым);
Тармақша 8
8) «Педагогтердің бірыңғай деректер қоры» ақпараттық объектісі (бұдан әрі – ПБДҚ) – білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) айқындаған, педагогтің біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректерді жинауды, өңдеуді және верификациялауды қамтамасыз ететін Ұйымның ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 9
9) педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;
Тармақша 10
10) сертификат – біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасына сәйкес қорытынды бағалаудан табысты өткен тыңдаушыларға берілетін құжат;
Тармақша 11
11) сертификатқа қосымша – бағалары көрсетілген білім беру бағдарламасының меңгерілген модульдерінің тізбесі бар құжат;
Тармақша 12
12) тыңдаушы – Курстан өтуші тұлға.
Тармақ 3
3. Курстарды білім беру қызметін жүзеге асыратын және:
Тармақша 1
1) біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасының бағыты бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар жаттықтырушы-оқытушылар. Бұл ретте ұйым жаттықтырушы-оқытушыларының жалпы санының кемінде 40% – мынадай дәрежелер мен біліктіліктердің бірі болуы тиіс: ғылым кандидаты (ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе магистр дәрежесі; «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты; «педагог-шебер» біліктілік санаты; немесе тиісті бейін бойынша ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың) мамандары мен қызметкерлерінің болуы;
Тармақша 2
2) қашықтан немесе аралас нысанда оқытуды жүзеге асыру кезінде LMS пайдалану туралы мәліметтер қамтылған Ұйымның интернет-ресурсы;
Тармақша 3
3) санитарлық қағидалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығындағы материалдық активтер немесе жалға берілетін материалдық активтер. Курстарды өткізу кезеңінде жекелеген дәрістерді оқуға және практикалық сабақтарды жүргізуге ұйымның шешімі бойынша өңірлік палаталардың, кәсіпорындардың және қызметкерлер қауымдастықтарының өкілдері тартылады.
Тарау 2. 2-тарау. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Ұйым білім саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - Уәкілетті орган) келесі құжаттарды (бұдан әрі – Құжаттар) ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәліктің көшірмесі, нотариалдық куәландырылған Ұйымның жарғысы;
Тармақша 3
3) жаттықтырушы-оқытушылардың білімі, дәрежесі немесе біліктілік санатының берілгенін, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындағы кемінде 3 (үш) жылдық жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 4
4) жаттықтырушы-оқытушылармен жасалған еңбек-шартының немесе Курсты өткізу бойынша өтеулі қызметтер көрсету шартының көшірмесі;
Тармақша 5
5) жеке ғимаратының бар екендігін растайтын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе материалдық активтерді сенімгерлік басқару құқығына жататын құжаттардың көшірмелері немесе оқу құралдарымен жабдықталған арнайы кабинеті бар жалға берілетін материалдық активтер;
Тармақша 6
6) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының (актінің) және өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің (хаттың) көшірмесі;
Тармақша 7
7) қашықтан немесе аралас нысанда оқытуды жүзеге асыру кезінде LMS-ті пайдалану туралы мәліметтер қамтылған Ұйымның интернет-ресурсына сілтемесі және LMS-тің жұмыс істеуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттар, оның ішінде оны енгізу туралы бұйрық, пайдалануға беру актісі немесе қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт.
Тармақ 5
5. Ұйымның құжаттарының осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкестігін қарау және мониторинг жүргізу үшін Уәкілетті органның бұйрығымен өкілеттік мерзімі – 3 (үш) жыл болатын Комиссия құрылады. Комиссия құрамына Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелерінен кемінде 5 (бес) адамнан құрылады. Комиссия қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Комиссия құрамы қайта қаралады. Мүдделер қақтығысы деп Комиссия құрамына кіретін адамдардың жеке мүдделері олардың өз міндеттерін орындамауына немесе тиісті деңгейде орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай түсініледі. Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп танылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді. Құжаттарды қарау мерзімі – 10 (он) жұмыс күні. Ұйымның құжаттарын қарау қорытындылары бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген өлшемшарттарға «сәйкес келеді» немесе «сәйкес келмейді». «Сәйкес келмейді» деген шешім шығарылған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес Уәкілетті орган Ұйымға бас тарту туралы алдын ала шешім, тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тыңдау нәтижелері туралы уәкілетті тұлға қол қойған хабарламаны Уәкілетті орган Ұйымға жолдайды. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган Комиссияның осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімі негізінде Ұйымды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) 3 (үш) жыл мерзімге енгізеді. Тізілім Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 8
8. Тізілімде болу мерзімін мерзім аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ұзарту үшін уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады және осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімдерде қаралады. Мерзімдерді ұзарту үшін құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган 3 (үш) жылға ұзарту туралы немесе мерзімді ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Тізілімге енгізілген ұйымдардың мониторингін Комиссия жүргізеді. Ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін ПБДҚ-на педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыру бойынша қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырады. Ұйым педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыру бойынша қызмет нәтижелері туралы есепті өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынады. Ұйым Тізілімге енгізілген жылы көрсетілген есеп Тізілімге енгізілген күннен бастап тиісті күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі кезең үшін ұсынылады. Іске асырылған біліктілікті арттыру курстары мен тыңдаушылар туралы мәліметтер ұйым ПБДҚ-на енгізген мәліметтер негізінде қалыптастырылады. Ұйымның қызмет нәтижелері туралы есебіне: педагогтердің біліктілігін арттырудың іске асырылған бағдарламалары туралы; біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыруға қатысатын тиісті бейін бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың, ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың) мамандары мен қызметкерлерінің білімі, дәрежесі немесе біліктілігі туралы; Курстарды өткізу нысаны туралы (күндізгі, қашықтықтан немесе аралас оқыту нысаны); тыңдаушыларды қорытынды бағалау нәтижелері және олардың Курстардың сапасы бойынша кері байланысы туралы; Курстардың мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұйым қабылдаған шаралар туралы ақпарат кіреді. Ұйым қызмет нәтижелері туралы есеп бергеннен кейін Комиссия күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ПБДҚ-дағы ұсынылған мәліметтер мен деректерге талдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда жұмыс тобы: Курстардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады; Курс Тыңдаушылар арасында сауалнама жүргізеді. Мониторинг жүргізу кезінде мынадай негізгі көрсеткіштер ескеріледі: осы Қағидалардың 3 және 4 тармақтарына сәйкестігі; ПБДҚ-ға енгізілген өткізілген Курстар мен тыңдаушылар туралы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы; тыңдаушыларды қорытынды бағалау нәтижелері; біліктілікті арттыру курстарының сапасы бойынша тыңдаушылардың кері байланыс нәтижелері. Мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды қалыптастырады және оны Уәкілетті органға жолдайды. Көрсетілген қорытындының негізінде Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкес Ұйымның Тізілімде болуын растау немесе одан шығару туралы шешім қабылдайды және оны Ұйымға ПБДҚ арқылы жолдайды.
Тармақ 10
10. Ұйымның тізілімде болуын растаудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Уәкілетті орган мониторинг мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес Ұйымға бас тарту туралы алдын ала шешім, тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Уәкілетті тұлға қол қойған тыңдау нәтижелері туралы хабарламаны Уәкілетті орган ПБДҚ-да орналастырады.
Тармақ 11
11. Ұйым тізілімнен келесі жағдайларда шығарылады:
Тармақша 1
1) ерікті түрде алып тастау туралы өтінішті ұсынғанда;
Тармақша 2
2) Ұйымның таратылғанда;
Тармақша 3
3) Тізілімде болу мерзімінің өткенде;
Тармақша 4
4) мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкессіздік анықталған кезде. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 12
12. Педагог кәсіби құзыреттерді қолдау және дамыту мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен де, басқа да көздер есебінен де біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Педагог мемлекеттік бюджет есебінен курстардан өту үшін білім беру ұйымына осы Қағидаларға 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтініш береді.
Тармақ 13
13. Жыл сайын білім беру ұйымы:
Тармақша 1
1) келесі күнтізбелік жылға педагогтердің біліктілігін арттыру жоспарын жасайды және өтінім дайындайды;
Тармақша 2
2) 1 (бірінші) маусымға дейін осы Қағидалардың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне және Уәкілетті органға (республикалық білім беру ұйымдарына) педагогтерді курстарға жіберу туралы өтінім береді.
Тармақ 14
14. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі педагогтердің біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастырады, ұсынылған өтінімдерді қарайды және оларды жыл сайын 1 (бірінші) шілдеге дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасына (бұдан әрі – Білім басқармасы) жібереді.
Тармақ 15
15. Білім басқармасы жыл сайын 1 (бірінші) қыркүйекке дейін педагогтерді курстарға бөле отырып, алдағы қаржы жылына арналған облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастырады және уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 16
16. Білім басқармасы Уәкілетті органға бекітілген жоспарларға сәйкес Курстар басталғанға дейін 2 (екі) ай бұрын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтерді курстарға жіберу туралы өтінім жібереді.
Тармақ 17
17. Ұйым Курстарды өткізудің жылдық кестесін әзірлейді және келіседі:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Курстардың білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде білім басқармасымен;
Тармақша 2
2) республикалық бюджет қаражаты есебінен Курстардың білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде Уәкілетті органмен және Білім басқармасымен.
Тармақ 18
18. Педагогтер білім беру ұйымдары, білім бөлімдері, білім басқармалары басшыларының бұйрықтарының негіздерінде Курстарға жіберіледі.
Тармақ 19
19. Курстарды ұйымдастыру және өткізу жылдық кестемен және сабақ кестесімен реттеледі.
Тармақ 20
20. Тыңдаушыларды бюджет қаражаты есебінен Курстарға қабылдау Ұйым басшысының бұйрығымен Білім басқармаларының хаттары негізінде тыңдаушылар тізімдерін қоса бере отырып ресімделеді. Курстарға жіберілген педагог ұйымға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Педагогтер туралы деректерді қамтитын ақпараттандыру объектісі болған кезде жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі талап етілмейді.
Тармақ 21
21. Ұйым ПБДҚ-да курстардан өткен педагогтердің мәліметтерін толтырады. Деректер педагог Курстарды аяқтаған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей толтырылады.
Тармақ 22
22. Білім басқармасы жыл сайын 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылған курстардың білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Педагогтердің біліктіліктерін арттыру курстарын жүргізу тәртібі
3-тарау. Педагогтердің біліктіліктерін арттыру курстарын жүргізу тәртібі
Тармақ 23
23. Курстар:
Тармақша 1
1) күндізгі нысанда (жалақысын сақтай отырып, еңбек қызметінен қол үзіп);
Тармақша 2
2) қашықтық нысанда (еңбек қызметінен қол үзбей);
Тармақша 3
3) аралас нысанда (қашықтықтан оқыту нысанын қолдана отырып, күндізгі нысанда ұйымдастырылады.
Тармақ 24
24. Қашықтықтан немесе аралас нысанда оқыту LMS-те жүзеге асырылады, оған:
Тармақша 1
1) тыңдаушының жеке кабинеті;
Тармақша 2
2) оқыту және бағалау материалдары мен ресурстары;
Тармақша 3
3) оқу сабақтарының кестесі;
Тармақша 4
4) педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу материалдары кіреді.
Тармақ 25
25. Курстардың ұзақтығы 36 және одан да көп академиялық сағатты құрайды. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
Тармақ 26
26. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда Тыңдаушы Ұйыммен оқытуға арналған шарт жасасады.
Тармақ 27
27. Курс аяқталғаннан кейін Ұйым білім беру бағдарламасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бағалау өткізеді.
Тармақ 28
28. Қорытынды бағалаудан өткен тыңдаушыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қағаз немесе цифрлық түрде сертификат беріледі. Қағаз түріндегі сертификат арнайы қорғау деңгейін талап етеді және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 «Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес сатып алынады. Цифрлық сертификат Ұйым тарапынан міндетті түрде QR-кодты (кью ар-кодты) пайдалану және ПБДҚ-да верификациялау арқылы беріледі. Осыған байланысты қағаз сертификаттарды беру талап етілмейді.
Тармақ 29
29. Тағылымдама техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары үшін Курстың бір бөлігі болып табылады. Тағылымдама Курстың бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес кәсіпорындарда (ұйымдарда) ұйымдастырылады. Ұйым кәсіпорынмен (Ұйыммен) тағылымдаманы ұйымдастыру туралы меморандум жасайды.
Тармақ 30
30. Қорытынды бағалаудан өтпеген тыңдаушыларға Ұйым осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Курсты тыңдағаны туралы анықтама береді. Курсты тыңдау туралы анықтама тыңдаушыны оқыту бойынша Ұйымның міндеттемелерін орындағанын растайтын қорытынды құжат болып табылады. Курсты тыңдау туралы анықтаманы алған тыңдаушылар жылына бір реттен артық емес қорытынды бағалаудан қайта өту мүмкіндігіне ие болады.
Тармақ 31
31. Курсты өту туралы келісімнің шарттарын дәлелді себепсіз орындамаған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығы негізінде оқудан шығарылады. Дәлелді себептер ретінде Тыңдаушыға байланысты емес және оның келісім шарттарын орындауына кедергі келтіретін, құжаттамалық расталған мән-жайлар, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық, науқас баланы күту қажеттілігі, жақын туысының қайтыс болуы, процестік әрекеттерге қатысуы, төтенше жағдайлар танылады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленген қаражатты қайта есептеу және қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тыңдаушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Өзге де көздер есебінен төленген қаражатты қайта есептеу және қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Оқуды дәлелді себептермен аяқтамаған Тыңдаушы қаржыландыру көздеріне қарамастан төленген қаражат шеңберінде ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде басқа топқа ауыстырылады. Тиісті құжаттармен расталған дәлелді себеп бойынша оқуды жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда, тыңдаушы өтініші негізінде оқудан шығарылады. Көрсетілмеген қызмет үшін қаражатты қайта есептеу немесе қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Ұйым тыңдаушының жұмыс берушісіне оқудан шығарылғаны жөнінде хабарлайды.
Тармақ 32
32. Ұйым басшысы берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде жарамды сертификатқа және сертификаттың түпнұсқалығын тексеру үшін QR-коды (кью ар-коды) бар қосымшаға қол қояды.
Тарау 4. 4-тарау. Педагогтің қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
4-тарау. Педагогтің қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 33
33. Ұйым педагогтің Курсқа жіберген білім беру ұйымымен бірлесіп, педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді жүзеге асырады. Курстан кейінгі қолдаудың мазмұны Курстардың білім беру бағдарламасының мақсаттарымен, міндеттерімен және күтілетін нәтижелерімен анықталады. Жаттықтырушы-оқытушылармен курстан кейінгі сүйемелдеудің ұзақтығы Курстардың ұзақтығына сәйкес белгіленеді және оқытудың әрбір академиялық сағатына курстан кейінгі сүйемелдеудің кемінде 2 (екі) академиялық сағатын құрайды.
Тармақ 34
34. Курстан кейінгі сүйемелдеу курс аяқталғаннан кейін бір күнтізбелік жыл ішінде Ұйым белгілеген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Курстан кейінгі сүйемелдеуді жүзеге асыру барысында педагог:
Тармақша 1
1) курстан кейінгі сүйемелдеудің жеке жоспарын жасайды және Курстар аяқталғаннан кейін 2 (екі) апта ішінде білім беру ұйымының басшысына бекітуге ұсынады;
Тармақша 2
2) Ұйымға сабақтың (оқу сабағының, ұйымдастырылған іс-әрекеттің, іс-шараның) жоспарын ұсынады және жоспарлау бойынша кері байланыс алады;
Тармақша 3
3) кері байланысты ескере отырып, сабақтар (сабақтар, іс-шаралар) өткізеді;
Тармақша 4
4) меңгерген құзыреттерді қолдануды талдайды және Ұйымға сабақтың (оқу сабағының, ұйымдастырылған іс-әрекеттің, іс-шараның) қорытындысы бойынша талдамалық есеп ұсынады;
Тармақша 5
5) меңгерген құзыреттерді енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім беру нәтижелеріне білімді диагностикалық бағалау және сауалнама жүргізу арқылы мониторинг жүргізеді;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымының педагогтері үшін әдістемелік іс-шара өткізеді;
Тармақша 7
7) Ұйым өткізетін курстан кейінгі сүйемелдеу іс-шараларына (конкурстарға, конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге және басқа да білім беру іс-шараларына) қатысады. Білім беру ұйымы:
Тармақша 1
1) курстан кейінгі сүйемелдеу жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) сабақты (сабақтарды, іс-шараларды) бағалау арқылы педагогтің алған құзыреттерін қолдануына бақылауды және мониторингілеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Ұйым өткізетін курстан кейінгі сүйемелдеу іс-шараларына қолжетімділікті және педагогтің қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) педагогке осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша курстан кейінгі сүйемелдеуден өткені туралы анықтама береді. Ұйым:
Тармақша 1
1) Курста оқытудың бірінші және соңғы күні педагогтерге білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен мазмұнына қанағаттану деңгейі, Курсты өткізу сапасын бағалау бойынша сауалнама жүргізу арқылы білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 2
2) Курстар аяқталғаннан кейін 2 (екі) апта ішінде курстан кейінгі сүйемелдеу бағыттарын айқындау үшін қажеттіліктерге талдау жүргізеді;
Тармақша 3
3) курстан кейінгі сүйемелдеудің жеке жоспарын әзірлеу кезінде педагогтерге әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетеді;
Тармақша 4
4) сабақты (оқу сабақтарын, іс-шараны) жоспарлау кезінде педагогке әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетеді, сабақ жоспары (оқу сабақтары, іс-шаралар) бойынша кері байланыс ұсынады;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымының сұрауы бойынша сабақтарды (оқу сабақтарын, іс-шараларды) байқау арқылы педагогтердің тәжірибесіндегі өзгерістер динамикасына талдау және бағалау жүргізеді;
Тармақша 6
6) педагогтердің алған құзыреттерін қолдану тәжірибесімен алмасу бойынша курстан кейінгі сүйемелдеу іс-шараларын жүргізеді;
Тармақша 7
7) ПБДҚ-на курстан кейінгі сүйемелдеуден өткені туралы анықтаманы жүктейді. Білім басқармасы:
Тармақша 1
1) педагогтердің меңгерген кәсіби білімдері мен дағдыларын тәжірибеге енгізуі бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді;
Тармақша 2
2) сабақтарды (оқу сабақтарын, ұйымдастырылған іс-әрекеттерді, іс-шараларды) бақылау арқылы педагогтердің практикасындағы өзгерістер динамикасына талдау және бағалау жүргізеді;
Тармақша 3
3) білім алушылардың білім беру жетістіктеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша есептілікті жүргізеді.
Басқа 1. Өтініш
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 1-қосымша Нысан Өтініш ____________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) Педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының Тізіліміне енгізуді сұраймын. Заңды тұлғаның мекен-жайы ______________________________________ Электрондық поштасы ___________________________________________ Телефондары __________________________________________________ Басшы _____________________________________________________ (мөр орны) (Қолтаңба) (ТАӘ (ол болған жағдайда) «______» _________________ 20_____ж. (Толтырған мерзімі)
Басқа 2. Педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының Тізілімі
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 2-қосымша Нысан Педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының Тізілімі № Педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымы Шешімнің нөмірі мен күні Қолданылу мерзімі
Басқа 3. Өтініш
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 3-қосымша Нысан Басшыға ____________________________ (білім беру ұйымының атауы) ____________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) кімнен ______________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) ____________________________ (қызметі) Өтініш Мен, _____________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курсында оқу ______________ тілінде жүргізілетін топта оқу үшін кандидатурамды қарауыңызды өтінемін. __________________ (өтініш берушінің қолы) «____» _______20____ жыл (өтініш берілген күні)
Басқа 4
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 4-қосымша Нысан Білім беру ұйымы/Білім басқармасы _______________________________________ білім беру ұйымының/білім басқармасының атауы «___» ____________20___жыл Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарына арналған педагогтер тізімі _______ жыл № (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Лауазыма Пәні Оқыту тілі 1 2 3 4 Білім беру ұйымының/білім басқармасының басшысы: ТАӘ: ___________________________ Қолы: ___________________________
Басқа 5. Біліктілікті арттыру курсы бойынша оқыту туралы келісім
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 5-қосымша Нысан Біліктілікті арттыру курсы бойынша оқыту туралы келісім Мен, _____________________________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) «___________________________________________» «___»________ бастап «___»____________ 202 _____ аралығындағы тиісті бағыт бойынша ______________________базасынды өткізілген ________ (бұдан әрі - Ұйым) ________________________________________ тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысы екендігімді растаймын. Осыған байланысты мынадай міндеттемелерді аламын: 1) бекітілген оқу кестесі, оқу жоспары және сабақ кестесіне сәйкес білім алу; 2) оқу тәртібін және этикалық нормаларды сақтау, жаттықтырушы-оқытушыларға және басқа тыңдаушыларға құрметпен қарау; 3) біліктілікті арттыру курсының сабақтарына сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде қатысу; 4) қорытынды бағалаудан белгіленген түрде өту. Осы келісімнің міндеттемелерін бұзған жағдайда, Ұйым Жұмыс берушіні/Білім басқармасын бұл туралы хабардар етуге құқылы екеніне келісемін. Осы келісім шеңберінде менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген келісімнің мерзімі осы келісімнің қолданылу кезеңінде қолданылады. ________________ «_____»______ 20___ жыл (қолы) «___»______ 20____ жыл
Басқа 6. СЕРТИФИКАТ
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 6-қосымша Нысан Ұйымның ресми атауы Ұйымның логотипі Официальное наименование организации СЕРТИФИКАТ Осымен ____________________________________ біліктілікті арттыру (ТАӘ (ол болған жағдайда) курсын ________________________________________ тақырыбы бойынша (курс тақырыбы) ____________ академиялық сағат көлемінде өткендігін растайды. Ұйым басшысы ____________________________ ____________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) Тіркеу нөмірі № ________ Берілген күні: «___»____________ 20__жыл Ұйымның ресми атауы Ұйымның логотипі Официальное наименование организации № Бағдарлама модульдерінің атауы Сағат саны Баға Ұйым басшысы ____________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) Тіркеу номері № _________ Берілген күні: «___»____________ 20__жыл
Басқа 7. Курсты тыңдағаны туралы анықтама
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 7-қосымша Нысан Курсты тыңдағаны туралы анықтама ___________________________________________________________ берілді. (ТАӘ (ол болған жағдайда) Ол 20___жылғы «___» ___________ 20____ жылғы «___»____________ аралығында _______________________________________________ бойынша (мамандықтың және біліктіліктің атауы) __________________________________ базасында ______бастап ______дейін (кәсіпорынның (ұйымның) атауы) ______________________________ академиялық сағат көлемінде курстан өтті __________________________________________________________ бойынша (қызметтің атауы) функционалдық міндеттерін атқарды ___________________________ кәсіби дағдыларға ие болды. Ұйым басшысы ___________________________________ ______ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) Тіркеу номері № _________ Берілген күні: «___»____________ 20__жыл
Басқа 8. Курстан кейінгі қолдау қызметінен өту туралы анықтама берілді
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына 8-қосымша Нысан Курстан кейінгі қолдау қызметінен өту туралы анықтама берілді _____________________________________________, (ТАӘ (ол болған жағдайда) «___»_________ 20__ ж. бастап «___» _________ 20 ж. дейін біліктілікті арттыру курсы аясында курстан кейінгі қолдауға қатысып, __________________________ тақырыбы бойынша _________________________ академиялық сағат көлемінде курсты өтті және кәсіби құзыреттерді педагогикалық тәжірибеге енгізу жөніндегі материалдарды ұсынды. Білім беру ұйымының басшысы _____________________________ __________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) Берілген күні: «___»____________ 20__жыл