О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 28 марта 2016 года №401 «О форуме молодежи Кызылординской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылорда облысының жастар форумы туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысының жастар форумы туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №401 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5488 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11153 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының жастар форумын өткізу Қағидасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңын, басқа да құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Қағиданы басшылыққа алады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы «06» қарашадағы № 931 қаулысына қосымша Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы «28» наурыздағы №401 қаулысымен бекітілген Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі-ұйымдастыру комитеті) құрамы Қызылорда облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, ұйымдастыру комитетінің төрағасы; «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары; «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитетінің хатшысы; Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы); «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша); «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (немесе міндетін атқарушы); «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша); «Қызық орда» шығармашылық тобы» қоғамдық қорының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша).