О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 11-1-2/66 «Об утверждении Правил распределения распределяемой бюджетной программы «Представительские затраты» Күшін жойған
Басқа 0
«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларында (бұдан әрі – қағидалар):
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
реттік нөмірі 2 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі
10 АЕК-ке дейін
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта–қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі