О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 августа 2017 года № 167 «Об утверждении перечня, форм, сроков отчетности единого накопительного пенсионного фонда и Правил их представления» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есептің нысаны; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есептің нысаны;»; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есептің нысаны;»; мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын: «20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес нысаналы талаптар туралы есептің нысаны; 21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта: 1) ай сайын: осы қаулының 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтері болған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей; осы қаулының 1-тармағының 3), 5), 6), 7), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16) және 19) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей; 2) тоқсан сайын: осы қаулының 1-тармағының 8) және 14) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей; осы қаулының 1-тармағының 17) және 18) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей; 3) жыл сайын – осы қаулының 1-тармағының 20) тармақшасында көзделген есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) сәуірінен кешіктірмей ұсынады.»; 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 19-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда 20-қосымшамен толықтырылсын; осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда 21-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқа 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 97 Қаулыға 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына 1-қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілігіне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) зейнетақы активтерінің құны туралы есеп;
Тармақша 2
2) зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп;
Тармақша 3
3) сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері туралы есеп;
Тармақша 4
4) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп;
Тармақша 6
6) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерi туралы есеп;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақы төлемдерінің және зейнетақы жинақтарының көлемі туралы есеп;
Тармақша 8
8) меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
Тармақша 9
9) меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есеп;
Тармақша 10
10) меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар, ақша және ақшалай қаражаттың баламалары туралы есеп;
Тармақша 11
11) басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп;
Тармақша 12
12) меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есеп;
Тармақша 13
13) дефолтқа жол берген эмитенттердің зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша есеп;
Тармақша 14
14) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есеп;
Тармақша 15
15) шартты зейнетақы міндеттемелерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есеп;
Тармақша 16
16) экономика секторлары бойынша (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері бойынша) сыныпталған активтер мен міндеттемелер туралы есеп;
Тармақша 17
17) экономика секторлары бойынша (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша) сыныпталған активтер мен міндеттемелер туралы есеп;
Тармақша 18
18) нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есеп;
Тармақша 19
19) нысаналы талаптар туралы есеп.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 97 Қаулыға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ENPF_PV Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын Нысан Кесте. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтары бойынша __________________________________________________ (зейнетақы активтерін басқарушының атауы) (мың теңгемен) Са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) жа­сы Са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры (қо­сал­қы шот­та­ры) мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын есеп­ке алу бой­ын­ша Ер­лер Әй­ел­дер Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны 1 2 3 4 5 6 7 20 жас­қа дей­ін 21 жас 22 жас 23 жас 24 жас 25 жас 26 жас 27 жас 28 жас 29 жас 30 жас 31 жас 32 жас 33 жас 34 жас 35 жас 36 жас 37 жас 38 жас 39 жас 40 жас 41 жас 42 жас 43 жас 44 жас 45 жас 46 жас 47 жас 48 жас 49 жас 50 жас 51 жас 52 жас 53 жас 54 жас 55 жас 56 жас 57 жас 58 жас 59 жас 60 жас 61 жас 62 жас 63 жас 64 жас 65 жас 66 жас 67 жас 68 жас 69 жас 70 жас 71 жас 72 жас 73 жас 74 жас 75 жас 76 жас 77 жас 78 жас 79 жас 80 жас 81 жас және одан үл­кен Бар­лы­ғы кестенің жалғасы: Са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры (қо­сал­қы шот­та­ры) мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­рын есеп­ке алу бой­ын­ша Ер­лер Әй­ел­дер Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны 8 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы: Са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры (қо­сал­қы шот­та­ры) ерік­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын есеп­ке алу бой­ын­ша Ер­лер Әй­ел­дер Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны 14 15 16 17 18 19 кестенің жалғасы: Же­ке тұ­лға­лар­дың шар­тты зей­не­та­қы шот­та­ры жұ­мыс бе­ру­ші­нің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын есеп­ке алу бой­ын­ша Ер­лер Әй­ел­дер Же­ке тұ­лға­лар­дың шар­тты зей­не­та­қы шот­та­ры­ның са­ны Шар­тты зей­не­та­қы шот­та­рын­да­ғы со­ма Же­ке тұ­лға­лар­дың шар­тты зей­не­та­қы шот­та­ры­ның са­ны Шар­тты зей­не­та­қы шот­та­рын­да­ғы со­ма 20 21 22 23 Сәйкестендірілмеген салымшылар бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы ________ мың теңгені құрайды. Резервтік қорлардың шоттарындағы ақша сомасы ________ мың теңгені құрайды. Атауы ______________________________________ Мекенжайы __________________________________________________________ Телефоны ________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________ Орындаушы ______________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _______________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 2.1. «Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_PV, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп нысанына қосымша «Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_PV, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Нысанды есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бойынша және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бойынша бөлек толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 2, 5, 8, 11, 14 және 17-бағандарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және жеке зейнетақы шотының құрамында ашылатын және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған салымшылардың (алушылардың) қосалқы шоттарының саны ерлер мен әйелдер бойынша бөлек (тиісті бағандарда) салымшының (алушының) жасына қарай бөліп, көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 3, 6, 9, 12, 15 және 18-бағандарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы және жеке зейнетақы шотының құрамында ашылатын және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған салымшылардың (алушылардың) қосалқы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ерлер мен әйелдер бойынша бөлек (тиісті бағандарда) салымшының (алушының) жасына қарай бөліп, көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 4, 7, 10, 13, 16 және 19-бағандарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары жоқ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және жеке зейнетақы шотының құрамында ашылатын және салымшылардың (алушылардың) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған зейнетақы жинақтары жоқ қосалқы шоттарының саны ерлер мен әйелдер бойынша бөлек (тиісті бағандарда) салымшының (алушының) жасына қарай бөліп, көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Сәйкестендірілмеген салымшылар бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және резервтік қорлардың шоттарындағы ақша сомасы ақпараттық жүйеде көзделген Нысанға ескертпеде көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан толтырылмай ұсынылады.
Басқа 3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 97 Қаулыға 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына 6-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ENPF_PV_OBL Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын Нысан Кесте. Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтары бойынша _________________________________________ (зейнетақы активтерін басқарушының атауы) (мың теңгемен) № Об­лыс неме­се рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла Са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры (қо­сал­қы шот­та­ры) Ата­уы Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің сы­нып­та­уы­шы бой­ын­ша ко­ды мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын есеп­ке алу бой­ын­ша мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­рын есеп­ке алу бой­ын­ша Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бар са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры жоқ са­лым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) же­ке зей­не­та­қы шот­та­ры­ның (қо­сал­қы шот­та­ры­ның) са­ны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Өңі­рі көр­се­тіл­ме­ген Бар­лы­ғы кестенің жалғасы: Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (қосалқы шоттары) Жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы шоттары ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша Зейнетақы жинақтары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны Зейнетақы жинақтарының сомасы Зейнетақы жинақтары жоқ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны Зейнетақы жинақтары бар жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарының саны Зейнетақы жинақтарының сомасы Зейнетақы жинақтары жоқ жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарының саны 10 11 12 13 14 15 Сәйкестендірілмеген салымшылар бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы ________ мың теңгені құрайды. Резервтік қорлардың шоттарындағы ақша сомасы ________ мың теңгені құрайды. Атауы ______________________________________ Мекенжайы __________________________________________________________ Телефоны ________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________ Орындаушы ______________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _______________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 3.1. «Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_PV_OBL, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп нысанына қосымша «Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_PV_OBL, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Нысанды есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бойынша және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бойынша бөлек толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 2-бағанда Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына (ӘАОС) сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) коды көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 4, 7 және 10-бағандарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және жеке зейнетақы шотының құрамында ашылатын және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған салымшылардың (алушылардың) қосалқы шоттарының саны салымшының (алушының) тұрғылықты жеріне қарай бөліп көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 5, 8 және 11-бағандарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы және жеке зейнетақы шотының құрамында ашылатын және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған салымшылардың (алушылардың) қосалқы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы салымшының (алушының) тұрғылықты жеріне қарай бөліп көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 6, 9 және 12-бағандарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары жоқ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны мен жеке зейнетақы шотының құрамында ашылатын және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған зейнетақы жинақтары жоқ салымшылардың (алушылардың) қосалқы шоттарының саны салымшының (алушының) тұрғылықты жеріне қарай бөліп көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Сәйкестендірілмеген салымшылар бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және резервтік қорлардың шоттарындағы ақша сомасы ақпараттық жүйеде көзделген Нысанға ескертпеде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан толтырылмай ұсынылады.
Басқа 4. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 97 Қаулыға 4-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына 19-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Нысаналы жинақтарды төлемдері және қайтарылуы туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ENPF_VVCN Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын Нысан Кесте. Нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы Жол коды Баптардың атауы Есепті ай үшін Жыл басынан бері кезең үшін алушылар саны (адам) төлемдер саны (бірлік) сома (АҚШ долларымен) алушылар саны (адам) 1 2 3 4 5 6 100 Нысаналы жинақтардың төлемдері оның ішінде: 101 тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 102 білім ақысын төлеу үшін 103 мұрагерлерге 200 Нысаналы жинақтардың қайтарылуы Х Х Х Атауы ______________________________________ Мекенжайы __________________________________________________________ Телефоны ________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________ Орындаушы ______________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _______________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 4.1. «Нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_VVCN, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есеп нысанына қосымша «Нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_VVCN, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 3-бағанда есепті айдағы нысаналы жинақтардың төлемдері жүргізілген алушылар саны бірліктермен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 4-бағанда алушыларға есепті айда жүргізілген нысаналы жинақтар төлемдерінің саны бірліктермен көрсетіледі. Нысаналы жинақтар төлемдерінің саны бойынша ақпарат алушыларға жүргізілген нысаналы жинақтар (транзакциялар) төлемдерінің негізінде көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 5-бағанда есепті айдағы нысаналы жинақтар төлемдерінің немесе қайтарылу сомасы Америка Құрама Штаттарының долларымен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 6-бағанда жыл басынан бергі кезең үшін нысаналы жинақтардың төлемдері жүргізілген алушылар саны (жинақталған қорытындымен) бірліктермен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан толтырылмай ұсынылады.
Басқа 5. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 97 Қаулыға 5-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына 20-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Нысаналы талаптар туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ENPF_CT Кезеңділігі: жыл сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) сәуірінен кешіктірмей, жыл сайын Нысан Кесте. Нысаналы талаптар Қатысушылардың туған жылы Қатысушылар саны Есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы нысаналы талаптар сомасы (АҚШ долларымен) Есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы нысаналы талаптар сомасына есептелген кіріс сомасы (АҚШ долларымен) Есепті жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа алынған инвестициялық кірісінің елу пайызы сомасынан нысаналы талаптар сомасы (АҚШ долларымен) Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптар сомасы (АҚШ долларымен) 1 2 3 4 5 6 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа алынған инвестициялық кірісінің елу пайызының сомасы _______ АҚШ долларын құрайды. Нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптасқан нысаналы талаптарына есептелген кіріс сомасы ________ АҚШ долларын құрайды. Түзету ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа алынған инвестициялық кірісінің елу пайызының сомасы _______ АҚШ долларын құрайды. Орташа алынған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі________ пайызды құрайды. Есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы саны ________ адам. Атауы ______________________________________ Мекенжайы __________________________________________________________ Телефоны ________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________ Орындаушы ______________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _______________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 5.1. «Нысаналы талаптар туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_CT, кезеңділігі – жыл сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Нысаналы талаптар туралы есеп нысанына қосымша «Нысаналы талаптар туралы есеп» (индексі – 1-ENPF_CT, кезеңділігі – жыл сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Нысаналы талаптар туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жыл сайын толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 1-бағанда нысаналы талаптарға қатысушылардың туған жылдары көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 2-бағанда тиісті туған жылдың нысаналы талаптарына қатысушылардың саны бірліктермен көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3-бағанда есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы нысаналы талаптар сомасы Америка Құрама Штаттарының долларымен (бұдан әрі – АҚШ доллары) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 4-бағанда есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы нысаналы талаптар сомасына есептелген кіріс сомасы АҚШ долларымен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 5-бағанда есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа алынған инвестициялық кірісінің елу пайызының сомасынан нысаналы талаптар сомасы АҚШ долларымен көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 6-бағанда есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша 3, 4 және 5-бағандардағы мәндердің сомасына тең нысаналы талаптар сомасы АҚШ долларымен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа алынған инвестициялық кірісінің елу пайызының сомасы, нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптасқан нысаналы талаптарына есептелген кіріс сомасы, түзету ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа алынған инвестициялық кірісінің елу пайызының сомасы, орташа алынған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі және есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы саны ақпараттық жүйеде көзделген Нысанға ескертпеде көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан толтырылмай ұсынылады.
Басқа 6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 97 Қаулыға 6-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына 21-қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары
Тармақ 1
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қор есептілікті «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесін қолдану арқылы электрондық түрде ұсынады.
Тармақ 3
3. Қор басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.
Тармақ 4
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын Қордың басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының долларымен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «Резидент» және «бейрезидент» ұғымдары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде пайдаланылады.