О признании утратившим силу постановления акимата города Алматы от 28 декабря 2017 года № 4/574 «Об утверждении перечня приоритетных видов спорта города Алматы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1443 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2.«Алматы қаласының Спорт басқармасы» комуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.