О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 552 «Об утверждении тарифов на оказываемые услуги, предоставляемые на платной основе Национальным военно-патриотическим центром Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы
28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерде:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Орталық әскери оркестрі» деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с №
Қызметтер атауы
Өлшем бірлігі
Өлшем бірлігінің құны, теңге
1.
Әскери оркестрдің өнер көрсетуі
сағат
400 000
Жиыны:
400 000
2.
Іс-шаралар өткізу үшін концерт залын беру бойынша көрсетілетін қызметтер:
1 күн
350 000
жарық жабдығын жалға алу
1 күн
200 000
Led экранын жалға алу
1 күн
200 000
Жиыны:
750 000
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.