О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 552 «Об утверждении тарифов на оказываемые услуги, государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в области культуры, предоставляемые на платной основе» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерде: 1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Ұлттық әскери-патриоттық орталық»; 2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-параграф. Орталық ансамбль»; 3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-параграф. Филиалдың эстрадалық-би тобы»; 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-параграф. Репетиторлық көрсетілетін қызмет»; 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-параграф. Орталық әскери оркестр»; 6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-параграф. Филиалдың әскери оркестрі»; мынадай мазмұндағы 2-тараумен толықтырылсын: «2-тарау. Мемлекеттік әскери-тарихи музей Р/с № Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы Өлшем бірлігі Өлшем бірлігінің құны, теңге 1. Кіру билеті Ересек адамдарға 1 билет 500 Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) 300 Мектеп жасындағы балаларға және зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) 200 2. Ұжыммен бару үшін экскурсия (5-тен 20 адамға дейінгі топта) Ересек адамдарға 1 билет 600 Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) 400 Мектеп жасындағы балаларға және зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) 250 3. Кіру билеті (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) ҰОС, Ауған соғысының ардагерлері және оған теңестірілгендер; Денсаулыққа байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдар; 7 жасқа дейінгі балалар; Әскери қызметшілер; Көпбалалы отбасы 1 билет тегін 4. Біліктілігін арттыру курстарын, семинарлар, тренингтер өткізу, сондай-ақ жоғары және орта оқу орнының студенттері, кино және теледидар, бұқаралық ақпарат құралының қызметкерлері, сондай-ақ әртүрлі фото және бейнеөнімді шығару, сұхбат пен телевизиялық бағдарламаны жазу кезінде консультант ретінде қатысуды қоса алғанда, басқа да мүдделі адамдар үшін білікті ғылыми консультация беру; 1 сағат 30000 5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейі (бұдан әрі кестеде – ҚР ҚК МӘТМ) залдарының тақырыбы бойынша дәріс 1 дәріс 2000 Көшпелі дәрістер 1 дәріс 4000 6. Жеке және заңды тұлғалар үшін көшпелі көрмені ұйымдастыру және өткізу ҚР ҚК МӘТМ көрме павильонында СК экранмен, жарықтандырғышпен жарақтандырылған аспалы шатыры бар көшпелі көрме 1 көрме* 200000 көрме павильонынсыз көшпелі көрме 1 көрме* 100000 7. Ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша көрсетілетін қызмет 1 ғылыми жоба 120000 8. Музей экспозицияларын жасау бойынша көрсетілетін қызмет 1 экспозиция 195000 9. Экспонаттарды суретке-, бейнетүсіру, ҚР ҚК МӘТМ қорынан құжаттардың көшірмесін жасау Санат Қолдану құқығымен бір экспонатты (құжатты) суретке түсіру, көшіру және сканерлеу: 1* 2* баспасөз басылымында жариялау құқығынсыз оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы үшін 1500 2000 оқу және оқу-әдістемелік басылым үшін 2000 3000 ғылыми басылымда жариялау үшін 3000 5000 көрмеде қолдану үшін экспонаттың фотосуреті 4000 7000 бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін 4000 15000 ғылыми-танымдық және көркем басылымда, альбомда, каталогта жариялау үшін 7500 18000 күнтізбені, ашық хатты, плакатты, жарнаманы жариялау үшін 10000 32000 ҚР ҚК МӘТМ қорындағы бір экспонатты суретке және бейнетүсіру (тапсырыс берушінің жеке фотоаппаратымен және бейнекамерасымен) оқу бағдарламасы үшін 1975 12945 жарнама үшін 11945 12475 өзге де мақсаттар үшін 13975 35750 10. ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында суретке-, бейнетүсіру ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында келушілер үшін дөңгелек шамды қоспағанда, штативсіз, қосымша жарықтандыру аспабынсыз әуесқойлық бейне-, суретке түсіру (өзінің бейнекамерасымен, фотоаппаратымен, мобильді телефонымен) саны шектеусіз 1000 ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында кәсіби суретке түсіру (жеке фотоаппаратпен, қосымша жабдықпен және тапсырыс берушінің заттарымен) – А-дан G*-ге дейін күрделілік деңгейі әртүрлі цифрлық фотосуретті орындау 1 сағат 1250 – 15000 11. ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында түсірілімнің түріне* байланысты кәсіби бейне-, теле-, кинотүсірілім Жобаның түрі, құны коммерциялық шетелдік бағдарламалық, ақпараттық (1 сағат) 17750 23750 деректі фильм (1 сағат) 35500 47000 көркем фильм (1 сағат) 62500 100000 12. Кәдесый және полиграфиялық өнімді жасау және өткізу көлемі 3,5см х 3,5см баспасөз төсбелгісі 1 дана 500 қабырғаға ілінетін күнтізбе 1 дана 1000 экспонат, тарихи және мәдени мұра объектісі, Қазақстан қалаларының көрікті жері бейнеленген магнит 1 дана 1500 13. Басқа музейлердің қорынан (құқық иесінің рұқсатымен) диорама, макет, модель, бұйым мен экспонаттың көшірмелерін, сондай-ақ жеке коллекциядан көркем бұйым жасау бойынша көрсетілетін қызмет: күрделі емес реконструкция 1 шаршы сантиметр 15000 күрделілігі орташа реконструкция 25000 күрделі реконструкция 40000 14. Басқа музейлердің қорынан бұйым мен экспонатты және жеке коллекциялардағы көркем бұйымды реставрациялау матадан жасалған бұйым, кілем-киіз бұйымы, былғары, станокты кескіндеме, қағаз негіздегі жұмыс: 1 шаршы сантиметр күрделі емес реставрациялау (үзілген жерді желімдеу, тесілген жерді толтыру, майысқан жерді жою 2000 күрделілігі орташа реставрациялау (үзілген жерді желімдеу, тесілген жерді толтыру, майысқан жерді жою, дақтарды кетіру, химиялық өңдеу) 5000 күрделі реставрациялау (негізді нығайту, жаңа негізге қайталау, негіз бен суреттің жоғалған фрагментін орындау) 10 000 металдан, ағаштан, керамикадан, фарфордан және басқа материалдан жасалған бұйым күрделі емес реставрациялау 1 шаршы сантиметр 15000 күрделілігі орташа реставрациялау 25000 күрделі реставрациялау 40000 15. Оқыту үйірмесін, шеберлік сыныбын, квестіні, көркем студиясын ұйымдастыру және өткізу 1 сағат 1000 Ескертпе: 1. Көрме* – құнына экспонат пен жабдықты жалға алу, қажет болған жағдайда экспозиционерлер көрсететін қызмет кіреді, көшпелі көрмені ұйымдастыру үшін мүлікті тасымалдау шарт негізінде тапсырыс беруші есебінен жүзеге асырылады. 2. 1-санат* – қосымша қордың экспонаттары. 3. 2-санат* – негізгі қордың экспонаттары. 4. А* күрделілік деңгейі – алтын және күміс бұйымдарды суретке түсіру, құны 10075. 5. В* күрделілік деңгейі – күшті жарық әсерінен жойылатын заттар, құны 15000. 6. С* күрделілік деңгейі – көлемі 2,50х1,5 метрден асатын заттар, құны 6875. 7. D* күрделілік деңгейі – A2, A1 стандарты бойынша, сондай-ақ стандартты емес картина мен фотоқұжатты суретке түсіру, құны 6875. 8. E* күрделілік деңгейі – көркем фотосурет (стационарлық жарық, декорация), құны 4625. 9. F* күрделілік деңгейі – көшпелі сессия, құны 2425. 10. G* күрделілік деңгейі – техникалық фотосурет (арнайы дайындықсыз түсіру), құны 1250. 11. Түсірілімнің түріне байланысты* – төлем жасау кезінде түсіру тобының ҚР ҚК МӘТМ аумағында нақты болу уақыты есептеледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.