О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 552 «Об утверждении тарифов на оказываемые услуги государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в области культуры, предоставляемые на платной основе» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметке тарифті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметке тарифті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметке тарифте: «Ұлттық әскери-патриоттық орталық» деген 1-тарауда: «А13 көрсетілетін қызмет түрі – іс-шаралар өткізу үшін залды, жабдық беру» деген бөлік: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын: « 4-1 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Қонаев қаласындағы филиалы «Алтын Емел» мүліктік кешенін ұсыну бойынша көрсетілетін қызмет 1 ай 4 268 000 »; «Мемлекеттік әскери-тарихи музей» деген 2-тарауда: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Әскери мұражай және Алматы қаласының «Жауынгерлік даңқ» мұражайы»; реттік нөмірі 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 5. Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайы залының тақырыбы бойынша дәріс 1 дәріс 2000 Көшпелі дәріс 1 дәріс 4000 6. Жеке және заңды тұлғалар үшін көшпелі көрме ұйымдастыру және өткізу Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайының СК экранмен, жарықтандырғышпен, аспалы шатырмен жарақтандырылған көрме павильонында көшпелі көрме 1 көрме 200000 көрме павильонынсыз көшпелі көрме 1 көрме 100000 »; реттік нөмірі 9, 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 9. Экспонатты фото, бейнетүсіру, Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайы қорынан құжаттан көшірме жасау санат Қолдану құқығымен бір экспонатты (құжатты) фотоға түсіру, көшірме жасау және сканерлеу: 1 2 баспасөз басылымында жариялау құқығынсыз оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы үшін 1500 2000 оқу және оқу-әдістемелік басылым үшін 2000 3000 ғылыми басылымда жариялау үшін 3000 5000 көрмеде қолдану үшін экспонат фотосуреті 4000 7000 бұқаралық ақпарат құралында жария ету үшін 4000 15000 ғылыми-танымдық және көркем басылымда, альбомда, каталогта жария ету үшін 7500 18000 күнтізбе, ашық хат, плакат, жарнама жасап шығару үшін 10000 32000 Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайы қорындағы бір экспонатты фото және бейнетүсіру (тапсырыс берушінің жеке фотоаппаратымен және бейнекамерасымен) оқу бағдарламасы үшін 1975 12945 жарнама үшін 11945 12475 өзге де мақсат үшін 13975 35750 10. Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында фото, бейнетүсіру Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында келушілер үшін дөңгелек шамды қоспағанда, штативсіз, қосымша жарықтандыру аспабынсыз әуесқойлық бейне, фототүсірілім (өз бейнекамерасымен, фотоаппаратымен, мобильді телефонымен) саны шектеусіз 1000 Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында кәсіби фототүсірілім (тапсырыс берушінің жеке фотоаппаратпен, қосымша жабдықпен және затымен) – күрделілік деңгейі әртүрлі цифрлық фотосурет жасау, А – G дейін 1 сағат 1250 – 15000 11. Әскери мұражай және Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында түсірілім түріне байланысты кәсіби бейне, теле, кинотүсірілім Жоба түрі, құны коммерциялық шетел бағдарламалық, ақпараттық (1 сағат) 17750 23750 деректі фильм (1 сағат) 35500 47000 көркем фильм (1 сағат) 62500 100000 »; реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 14. Басқа мұражай қорынан бұйым мен экспонатты, жеке коллекциядағы көркем бұйымды және пайдаланылмаған әскери мүлікті реставрациялау матадан жасалған бұйым, кілем-киіз бұйымы, былғары, станокты кескіндеме, қағаз негіздегі жұмыс: 1 шаршы сантиметр күрделі емес реставрациялау (ашылған жерді желімдеу, тесілген жерді жамау, майысқан жерді түзету 2000 орташа күрделі реставрациялау (ашылған жерді желімдеу, тесілген жерді жамау, майысқан жерді түзету, дақты кетіру, химиялық өңдеу) 5000 күрделі реставрациялау (негізді нығайту, жаңа негізге қайталау, негіз бен суреттің жоғалған фрагментін толықтыру) 10 000 металл, ағаш, керамика, фарфор және басқа да материалдан жасалған бұйым күрделі емес реставрациялау 1 шаршы сантиметр 15000 орташа күрделі реставрациялау 25000 күрделі реставрациялау 40000 »; ескертпенің 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «11. Түсірілім түріне байланысты – төлем кезінде түсіру тобының ҚР ҚК Әскери мұражай аумағында нақты болған уақыты есептеледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.