О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 28 апреля 2017 года № 70 «О создании Управления по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области и утверждении его Положения» Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Басқарманың келесі құрылымы бекітілсін:
1) басшы;
2) бас маман-есепші;
3) жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімі;
4) азаматтық қорғау бөлімі.»;
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныссалаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12. Міндеттері:
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау,аумақтық қорғаныс, мемлекеттік шекара және азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері бойыншақызметін үйлестіру.»;
14-тармақтың 2) және 25) тармақшалары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауАтырау облысы әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.