О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 28 февраля 2018 года № 16/200 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений Мангистауской области, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Мангистауской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 «Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3546 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 5/64 шешіміне қосымша Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
Тармақша 2
2) ағаштарды кесу – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2- қосымшаның 159 - тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;
Тармақша 3
3) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетикалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;
Тармақша 4
4) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді отырғызу жоспары;
Тармақша 5
5) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
Тармақша 6
6) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
Тармақша 7
7) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
Тармақша 8
8) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
Тармақша 9
9) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
Тармақша 10
10) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 11
11) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 12
12) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар міндетті түрде кесілуі тиіс;
Тармақша 13
13) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын санау) – қөгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;
Тармақша 14
14) жасыл екпелер тізілімі – жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;
Тармақша 15
15) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
Тармақша 16
16) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өніп шыққан өсімдіктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері және объектілер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;
Тармақша 17
17) күтіп-баптау – өсімдіктердің жерасты бөлігін және топырағын күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту және өзге де іс-әрекеттер);
Тармақша 18
18) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
Тармақша 19
19) өтемдік отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;
Тармақша 20
20) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
Тармақша 21
21) санитариялық кесу – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;
Тармақша 22
22) санитариялық кесу – жасыл екпелерді күтіп-ұстау санитариялық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесіледі;
Тармақша 23
23) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
Тармақша 24
24) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 25
25) ұйым – жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 26
26) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсіндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
Тармақша 27
27) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;
Тармақша 28
28) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс;
Тармақша 29
29) ағаштарды заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;
Тармақша 30
30) мәжбүрлі кесу – авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті органның рұқсатынсыз ағаштарды кесу.
Тарау 2. 2- тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
2- тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
Тармақ 1. 1-параграф. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау шаралары
1-параграф. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау шаралары
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер аталған учаскелерде қалалар мен елді мекендердің қоғалуы тиіс бірыңғай жасыл қор құрады.
Тармақ 5
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жасыл екпелерді отырғызу;
Тармақша 2
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
Тармақша 3
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
Тармақша 4
4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару, жазғы маусымда аптада екі рет суарылады;
Тармақша 5
5) ұшарбасты қалыптастыру;
Тармақша 6
6) жасарту;
Тармақша 7
7) тыңайтқыштар салу;
Тармақша 8
8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
Тармақша 9
9) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру.
Тармақ 8
8. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиялары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
Тармақ 9
9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.
Тармақ 11
11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Жасыл екпелердің барлық түрі есепке алынады.
Тармақ 14
14. Жасыл екпелерді есепке алу осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган жасыл екпелер тізілімін және оларды есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 16
16. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат ресімделген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.
Тармақ 17
17. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратына жібереді.
Тармақ 19
19. Қалың өскен жасыл екпелер өздігінен құлаған кезде жасыл екпелерді қалпына келтіру уәкілетті органның бекітілген дендрологиялық жоспарына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу
2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу
Тармақ 20
20. Ағаштарды кесу мынадай:
Тармақша 1
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
Тармақша 4
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;
Тармақша 5
5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.
Тармақ 21
21. Ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 22
22. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу мынадай жағдайларда жүргізіледі: - ағаштардың, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялардың бүлінуіне қауіп төндіреді; - жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергілер, оның ішінде жол белгілерін көзбен шолуды жабатын кедергілер. Ағаштарды санитариялық немесе мәжбүрлі кесу фактісі төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, кейін уәкілетті органға мәжбүрлі кескен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.
Тармақ 24
24. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды санитариялық кесуді және (немесе) кесуді осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйым уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жүргізеді.
Тармақ 25
25. Ағаштарды кесу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган көрсеткен учаскілерге қайта отырғызылады.
Тармақ 3. 3 - параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі
3 - параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі
Тармақ 27
27. Ағаштарды қалпына келтіру арнайы учаскелерде қаланың немесе елді мекеннің өтемдік ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерін құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 29-1
29-1. Іргелес аумақтағы жасыл желектер жойылған жағдайда, қарамағында осы аумақ бар заңды немесе жеке тұлға өтемдік отырғызуды он есе мөлшерде жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады және жиырма есе мөлшерде ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ағаштар заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштарды өтемдік отырғызу отыз есе мөлшерде жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Ағаштарды өтемдік отырғызу биіктігі кемінде 2,5 метр кесекпен немесе биіктігі кемінде 2 метр кесекпен қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі. Көшеттердің жоғарғы тамыр жүйесінен діңінің диаметрі кемінде 3 сантиметр, дің бөлігінің 1,3 метр биіктігінде.
Тармақ 32
32. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді. Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкеліп соққан жағдайда, бес есе көлемдегі өтемақы белгіленеді.
Тармақ 33
33. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі. Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді. Ағаштарды амалсыз кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, жасыл желектерді күтіп-ұстауды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды тарта отырып, жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 35
35. Кепілдік хатқа сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтемдік отырғызу сәтінен бастап екі жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) тармақшаларға сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшасын басшылыққа алады.
Тармақ 36
36. Екі жыл өткеннен кейін өтемдік отырғызуды жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен бірлесіп ағаштардың жерсіну актісін жасайды және одан әрі күтіп-ұстау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының теңгеріміне береді. Уәкілетті орган өскен ағаштарды жасыл желектер тізіліміне енгізеді.
Тармақ 37
37. Отырғызылған көшеттер өтемдік отырғызу кезінде жойылған жағдайда, олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелерді қайта отырғызуды жүргізеді және оларды қайта отырғызу жүргізілген сәттен бастап екі жыл бойы (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі одан әрі іс-шараларды қамтамасыз етеді.
Басқа 92. ____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі
Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына 1-қосымша Нысан ____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі Жасыл екпелер объектілерінің (учаскелерінің) алаңын жердің санатына, өсімдіктің типтеріне, функционалдық мақсатына қарай бөлу Қала/елді мекен Әкімшілік аудан: (код)_____________________ Жауапты иесі:____________________________ Жасыл екпелер тізілімі Кесте Р/с № тү­ген­деу / жа­сыл ек­пе пас­пор­ты­ның № Жер­дің функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты (ек­пе­лер са­на­ты) Ағаш өсім­ді­гі Бір­лі-жа­рым аға­штар, да­на Топ­тар, кур­ти­на­лар, да­на То­ғай­лар, ал­қап­тар, да­на Жол бой­ын­да­ғы ек­пе­лер, да­на Жиы­ны, да­на Бұ­та­лы өсім­дік­те­рі Бір­лі-жа­рым, да­на Жа­сыл қор­шам (қ. м.) Қа­тар­лап отыр­ғы­зу, да­на Топ­тық отыр­ғы­зу, да­на Бар­лы­ғы қ.м./да­на Ашық ке­ңі­стіктер Гүл­зар­лар Кө­гал­дар Жаз­ғы м2 Кө­п­жыл­дық, м2 Кон­тей­нер лік, да­на Ва­зон, м2 Аль­пи­на­рий, ро­ка­рий, м2 Жиы­ны м2 / да­на Пар­тер­лік, м2 Кә­дім­гі,м2 Жер қыр­ты­сы­ның жа­мы­л­ғы сы, м2 Жиы­ны м2/да­на Ескертпе: қ.м. – қума метр; м2 – шаршы метр.
Басқа 93. Кепілдік хат
Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп- ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша Нысан Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның басшысы ____________________________ (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты, мемлекеттік органның атауы) ____________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты не көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға ұйымының атауы) және (немесе) сенімхат бойынша) ____________________________ (ЖСН/БСН) мекенжайы ____________________________ (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері) байланыстар ____________________________ (электрондық мекенжайы, телефон) Кепілдік хат _____________________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) _______дана көлемінде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізуге кепілдік береді, ___________ тұқымдылар, ағаштардың орнына _____ дана, _______ ________ үшін кесілетін тұқымдар _______________________ мекен-жайы бойынша: (себебі көрсетіледі) ___________________________ 20 жылғы «__» жасыл желектерді зерттеу актісіне сәйкес. Отырғызылған көшеттер жойылған жағдайда, қайта отырғызуға кепілдік береді. Өтемдік отырғызу сәтінен бастап екі жыл ішінде, тармақшаларға сәйкес көшеттерді күтіп- ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге кепілдік береді 4), 5), 6), 7) және жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау ережесінің 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және екі жыл өткеннен кейін оларды ағаштардың жерсіну актісі негізінде жергілікті атқарушы органның теңгеріміне берсін. _____________________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатыны хабарланды. Күні: 20__ ж. «___» ____________ _____________________________ Басшының Т. А. Ә. және қолы (мөрі бар болса)