О внесении изменений и дополнения в решение Талдыкорганского городского маслихата от 28 марта 2018 года № 167 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган» Күшін жойған
Басқа 0
Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
7- тармақта:
Тармақша 2
2), 3), 4)- тармақшалары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 52 айлық есептік көрсеткіш;»;
Тармақша 3
«3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – 52 айлық есептік көрсеткіш;»;
Тармақша 4
«4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – 52 айлық есептік көрсеткіш;»;
мынадай мазмұндағы 11) - тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 11
«11) еңбек ардагерлері - 52 айлық есептік көрсеткіш.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.