О внесений изменении в решение маслихата района Бәйтерек от 28 марта 2018 года № 20-8 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата района Бәйтерек» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Бәйтерек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 20-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Бәйтерек ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 20-8 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде: 2-тармақ алынып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 4
«4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі. Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
«6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 12
«12. Бас маман (кадр қызметі) бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді. Осы Әдістеменің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»; 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша»; 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша»; 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 5-қосымша»; 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 6-қосымша»; 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 7-қосымша»; 8-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 8-қосымша».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.