О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 февраля 2018 года № 24 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии» Күшін жойған
Басқа 0
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 28 ақпандағы № 24 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3744 болып тіркелген, 2018 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) стандартының 10 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ірі жануардың сырғалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.»;
8-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ірі жануардың сырғалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.»;
3) 1 тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап».
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.