О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 313 «Об утверждении перечня, форм и сроков представления банками второго уровня, акционерным обществом «Банк Развития Казахстана» и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам и Правил их представления» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Екiншi деңгейдегi банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Екiншi деңгейдегi банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18220 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы қаулыға 3, 5 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілген нысандарда көзделген деректер есепті айда өзгерген немесе алынған кезде есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші (қоса алғанда) күніне дейін электрондық түрде ұсынылады.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңде ұсынылған қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептіліктен қателер анықталған жағдайда екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары қателерді мынадай іс-шараларды төмендегі жүйелілікпен жүзеге асыру арқылы түзетуді қамтамасыз етеді: анықталған қателерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсеткіштер түріндегі қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйесінде 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңде ұсынылған есептіліктегі деректерді түзетуді жүзеге асыру арқылы түзетеді; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бұрын ұсынылған қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептіліктен анықталған қателердің сипатын көрсете отырып жазбаша хабарлама жібереді.»; 10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «10. Осы қаулы: 1) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 4-тармақты; 2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.». 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қамтамасыз ету туралы есеп осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары 2019 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2020 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2019 жылғы «___» _________
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы ________ № ___ қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы «28» желтоқсандағы № 313 қаулысына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ОСКИ1 Кезеңділігі: кредиттік тарих субъектісі туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай Есепті кезең: 20__жылғы «___»«_______________» жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі - кредитор) Ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін - есептілікте көзделген деректер есепті айда өзгерген кезде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: кредиттік тарих субъектісі туралы деректер өзгертілген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Нысан 1-кесте. Заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі № Көр­сет­кіш­тер ата­уы Мәні 1 2 3 1 Заң­ды тұл­ға­ның неме­се бір­лес­кен кә­сіп­кер­лік тү­рін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын да­ра кә­сіп­кер­дің ата­уы 2 Да­ра кә­сіп­кер­дің бел­гі­сі 3 Ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны 4 Мен­шік ны­са­ны 5 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің құ­жат­та­ры: 5.1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 5.2 құ­жат­тың нө­мі­рі 6 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жайы: 6.1 ме­кен­жай­ы­ның тү­рі 6.2 елі 6.3 об­лы­сы 7 Ре­зи­дент­тік бел­гі­сі 8 Оф­шор­лық ай­мақ 9 Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­нің са­на­ты 10 Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі 11 Кре­ди­тор­мен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты бо­лу бел­гі­ле­рі 12 Ком­па­ни­я­лар то­бы­на ти­е­сі­лі­лік 13 Есеп­ке алу кү­ні 2-кесте. Жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалар бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі № Көр­сет­кіш­тер ата­уы Мәні 1 2 3 1 Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) 2 Ту­ған кү­ні 3 Жы­ны­сы 4 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің құ­жат­та­ры: 4.1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 4.2 құ­жат­тың нө­мі­рі 5 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жайы: 5.1 ме­кен­жай­ы­ның тү­рі 5.2 елі 5.3 об­лы­сы 6 Ре­зи­дент­тік бел­гі­сі 7 Оф­шор­лық ай­мақ 8 Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­нің са­на­ты 9 Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі 10 Кре­ди­тор­мен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты бо­лу бел­гі­ле­рі 11 Есеп­ке алу кү­ні Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________ Телефоны ___________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ________________________________ Орындаушы _________________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға _______________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға _______________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20 __ жылғы «___» _________
Басқа 2. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп (индексі – КР_ОСКИ1, кезеңділігі – кредиттік тарих субъектісі туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға олар уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын күндер мынадай форматта көрсетіледі: «КК.АА.ЖЖЖЖ», мұнда «ЖЖЖЖ» - жылы, «КК» - күні, «АА» - айы. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмеген болса, барлық көрсеткішті толтыру міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанның мақсаттары үшін қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Байланысты болу белгілері; Кәсіпкерлік субъектісінің санаттары; Офшорлық аймақтар; Экономикалық қызмет түрі; Компаниялар топтары; Ұйымдық-құқықтық нысаны; Меншік нысаны; Сәйкестендіру құжаттарының түрі; Елі; Облысы; Жынысы.
Тармақ 6
6. Нысанда Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері – заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер болып табылатын кредиттік тарих субъектілері туралы мәліметтер көрсетіледі. Автоматты тәсілмен жасалған керi репо операциялары бойынша кредиттік тарих субъектісі ретінде осы мәмілелер жасалған қор биржасы көрсетіледі. Кредитордың принципал рөлінде болу жағдайын қоспағанда, кредитордың кредиттік тарих субъектісі ретінде өзін көрсетуіне рұқсат етілмейді. Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті кезеңде жаңартылуға жатады.
Тармақ 7
7. 1-кестенің 3, 4, 5.1, 6.2, 6.3, 8, 9, 10, 11, 12-жолдарында, 2-кестенің 3, 4.1, 5.2, 5.3, 7, 8, 9, 10-жолдарында мәндер анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 8
8. 1-кестенің 5, 6, 11, 12-жолдарында, 2-кестенің 4, 5, 10-жолдарында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі. 1-кестенің 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10-жолдарында, 2-кестенің 2, 3, 6, 7, 8, 9-жолдарында бір кредиттік тарих субъектісіне біреуден аспайтын өзекті мән сәйкес келеді.
Тармақ 9
9. 1-кестенің 2-жолында, егер кредиттік тарих субъектісі бірлескен кәсіпкерлік түріндегі дара кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болса «1» мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда «0» көрсетіледі не көрсеткіш жіберілмейді.
Тармақ 10
10. 2-кестенің 2, 3-жолдарында көрсеткіштер Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 11
11. 1-кестенің 3-жолында көрсеткіш Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 12
12. 1-кестенің 4-жолында көрсеткіш заңды тұлғалар болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 13
13. 1-кестенің 5-жолында, 2-кестенің 4-жолында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бір түрдегі бірден артық өзекті сәйкестендіру құжатын көрсетуге рұқсат етілмейді, сондай-ақ біреуден артық субъект бойынша бір нөмірі бар бір түрдегі құжатты көрсетуге рұқсат етілмейді. Барлық кредиттік тарих субъектілері бойынша міндетті түрде мынадай ақпарат көрсетіледі: Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға, бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін); Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – балама сәйкестендіру нөмірі. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, қарыз (шартты міндеттеме) шарты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредиттік тарих субъектілері бойынша міндетті түрде салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Кредиттік тарих субъектісінің резиденттік белгісі өзгерген жағдайда сәйкестендіргіштердің тарихи өзара байланысын сақтау мақсатында ол бойынша бизнес-сәйкестендіру нөмірімен (жеке сәйкестендіру нөмірімен) немесе салық төлеушінің тіркеу нөмірімен қатар балама сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 1-кестенің 6-жолында, 2-кестенің 5-жолында кредиттік тарих субъектісінің тіркелген (заңды) және (немесе) орналасқан жерінің (нақты) мекенжайлары көрсетіледі. Тіркелген мекенжайының «Елі» көрсеткіші кредиттік тарих субъектісінің резиденттік белгісіне сәйкес анықталады. Бір кредиттік тарих субъектісіне әрбір мекенжай түрі үшін елдің, облыстың бір өзекті мәні сәйкес келеді. «Облысы» көрсеткіші Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 15
15. 1-кестенің 7-жолында, 2-кестенің 6-жолында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын кредиттік тарих субъектісі бойынша «1», Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын кредиттік тарих субъектісі бойынша «2» мәні көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 1-кестенің 11-жолында, 2-кестенің 10-жолында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша көрсеткіш бойынша көрсеткіштің өзге мәндерімен бірмезгілде «Байланысты емес» мәнін пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 17
17. 1-кестенің 12-жолында компаниялар тобына қатыстылық кредитордың ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады. Кредитор компаниялар тобына жататын кредиттік тарихтың әрбір субъектісін анықтамалықтағы тиісті топқа байланыстырады. Компаниялар тобының анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажетіне орай дербес жаңартады. Көрсеткіш компаниялар тобына қатысты кредиттік тарихтың барлық субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 18
18. 1-кестенің 13-жолы, 2-кестенің 11-жолы кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойындағы күнді көрсетуге арналған.
Тармақ 19
19. Қосымша түсініктемелер Нысан мақсатында баламалы сәйкестендіру нөмірі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіштердің бірі ретінде болады. Заңды тұлғаларға арналған баламалы сәйкестендіру нөмірі XXYY0ЖЖААККF форматтағы 12 мәндік нөмірді білдіреді, мұнда: XX – латын әліпбиінің екі бас әрпі түріндегі елдердің екі таңбалы кодтарына сәйкес резиденттік; YY – түпнұсқа әліпбидің екі бас әрпі түріндегі заңды тұлғаның атауы; 0 – резервтік позиция; ЖЖААКК – заңды тұлғаның 6 цифр (мұнда «ЖЖ» - жыл, «АА» - ай, «КК» - күн) түріндегі заңды тіркелген күні; F - 0-ден бастап 9-ға дейін бір цифр түріндегі бос мән. Жеке тұлғаларға арналған баламалы сәйкестендіру нөмірі XXYYЖЖААККFF форматтағы 12 мәндік нөмірді білдіреді, мұнда: XX – латын әліпбиінің екі бас әрпі түріндегі елдердің екі таңбалы кодтарына сәйкес резиденттік; YY – түпнұсқа әліпбидің екі бас әрпі түріндегі жеке тұлғаның аты мен тегі; ЖЖААКК – жеке тұлғаның 6 цифр (мұнда «ЖЖ» - жыл, «АА» - ай, «КК» - күн) түріндегі туған күні; FF - 00-ден бастап 99-ға дейін 2 цифр түріндегі бос мән.
Басқа 3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы ________ № ___ қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы «28» желтоқсандағы № 313 қаулысына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ОД1 Кезеңділігі: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай Есепті кезең: 20__жылғы «___»________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі - кредитор) Ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне (қоса алғанда) дейін, - есепті айда болған есептілікте көзделген деректер өзгерген кезде; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректер өзгертілген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Нысан Кесте. Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі № Көр­сет­кіш­тер ата­уы Мәні 1 2 3 1 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі және кре­ди­тор­дың оны­мен шар­ттық қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 1.1 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің тү­рі (рө­лі) 1.2 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің құ­жат­та­ры: 1.2.1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 1.2.2 құ­жат­тың нө­мі­рі 1.3 Да­ра кә­сіп­кер бел­гі­сі 1.4 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) тү­рі 1.5 Шар­ттың нө­мі­рі 1.6 Шар­ттың кү­ні 1.7 Кре­дит­тік же­лі­ге ти­е­сі­лі­лі­гі: 1.7.1 кре­дит­тік же­лі шар­ты­ның нө­мі­рі 1.7.2 кре­дит­тік же­лі шар­ты­ның кү­ні 1.8 Банк ке­піл­ді­гін (ке­піл­де­ме­ні) шы­ға­ру нө­мі­рі 1.9 Банк ке­піл­ді­гін (ке­піл­де­ме­ні) шы­ға­ру кү­ні 1.10 Қарыз­ға (шар­тты мін­дет­те­ме­ге) қыз­мет көр­се­те­тін кре­ди­тор­дың фи­ли­а­лы 1.11 Шар­ттың та­лап­та­ры бой­ын­ша қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні 1.12 Шарт бой­ын­ша ва­лю­та тү­рі 1.13 Шар­ттың ва­лю­та­сы­мен қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) со­ма­сы 1.14 Шарт бой­ын­ша жыл­дық сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі: 1.14.1 мөл­шер­ле­ме тү­рі (бел­гі­лен­ген, өзгер­ме­лі) 1.14.2 өзгер­ме­лі ин­декс ата­уы 1.14.3 сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің жыл­дық пай­ы­здар­мен мөл­ше­рі: 1.​14.​3.​1 бел­гі­лен­ген мөл­шер­ле­ме (өзгер­ме­лі мөл­шер­ле­ме­нің бел­гі­лен­ген спр­э­ды) 1.​14.​3.​2 өзгер­ме­лі ин­декс 1.15 Шарт бой­ын­ша жыл­дық ти­ім­ді сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі: 1.15.1 ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша ба­стап­қы мөл­шер­ле­ме мөл­ше­рі 1.15.2 шы­найы жыл­дық ти­ім­ді са­лы­стыр­ма­лы түр­де есеп­тел­ген сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің мөл­ше­рі 1.16 Өтеу кесте­сі: 1.16.1 кесте жа­сау кү­ні 1.16.2 өтеу ва­лю­та­сы­ның тү­рі: 1.​16.​2.​1 негіз­гі бо­рыш 1.​16.​2.​2 сый­а­қы 1.16.3 тө­лем­дер: 1.​16.​3.​1 өтеу кү­ні 1.​16.​3.​2 ке­зек­ті тө­лем мөл­ше­рі: 1.​16.​3.​2.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 1.​16.​3.​2.2 сый­а­қы бой­ын­ша 1.​16.​3.​3 ке­ле­сі өтеу кү­ніне негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша бе­ре­шек­тің қал­ды­ғы 1.17 Қары­здың (шар­тты мін­дет­те­ме­нің) мақ­са­ты: 1.17.1 кре­дит­теу мақ­са­ты 1.17.2 кре­дит­теу объ­ек­ті­сі 1.17.3 қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) со­ма­сы­ның үле­сі 1.18 Қары­зды қар­жы­лан­ды­ру кө­зі: 1.18.1 қар­жы­лан­ды­ру кө­зі 1.18.2 қарыз со­ма­сы­ның үле­сі 1.19 Қарыз алушы­да ва­лю­та­лық тү­сім­нің және (неме­се) хеджир­леу құ­рал­да­ры­ның бо­луы 1.20 Қарыз бой­ын­ша та­лап ету құқы­ғын бе­ру (са­ту), қа­был­дау (са­тып алу): 1.20.1 бе­ру (са­ту), қа­был­дау (са­тып алу) бел­гі­сі 1.20.2 та­лап ету құқы­ғы бе­рі­л­ген не са­ты­л­ған (қа­был­дан­ған не са­тып алын­ған) ұй­ым­ның тү­рі 1.20.3 та­лап ету құқы­ғы бе­рі­л­ген не са­ты­л­ған (қа­был­дан­ған не са­тып алын­ған) ұй­ым­ның ата­уы 1.20.4 та­лап ету құқы­ғы бе­рі­л­ген не са­ты­л­ған (қа­был­дан­ған не са­тып алын­ған) ұй­ым­ның құ­жат­та­ры: 1.​20.​4.​1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 1.​20.​4.​2 құ­жат­тың нө­мі­рі 1.20.5 бе­ру (са­ту), қа­был­дау (са­тып алу) кү­ні 1.20.6 са­ту (са­тып алу) со­ма­сы 1.21 Қай­та қар­жы­лан­ды­ры­л­ған қарыз бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.21.1 ал­дың­ғы кре­ди­тор­дың құ­жат­та­ры: 1.​21.​1.​1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 1.​21.​1.​2 құ­жат­тың нө­мі­рі 1.21.2 ал­дың­ғы қарыз алушы­ның құ­жат­та­ры: 1.​21.​2.​1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 1.​21.​2.​2 құ­жат­тың нө­мі­рі 1.21.3 шар­ттың нө­мі­рі 1.21.4 шар­ттың кү­ні 1.22 Мін­дет­те­ме­ні тоқ­та­ту: 1.22.1 мін­дет­те­ме­ні тоқ­та­ту негіз­де­рі 1.22.2 ше­шім қа­был­да­ған кре­ди­тор­дың уәкі­лет­ті ор­га­ны 1.22.3 мін­дет­те­ме­ні тоқ­та­ту­дың нақ­ты кү­ні 2 Есеп­ке алу кү­ні Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы ______________________________________________ __________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ____________________________________ _________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға _____________________________________ _________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20 __ жылғы «___» _________
Басқа 4. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп (индексі – КР_ОД1, кезеңділігі – қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға олар уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.
Тармақ 4
4. Егер өзгеше белгіленбеген болса, Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі бүтін сандармен белгіленеді, теңгемен көрсетіледі. Бүтін сандарға дейін дөңгелектеген жағдайда 0,5 аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал 0,5 тең және одан жоғары сома бірге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер және пайыздар үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі. Күндер мынадай форматта көрсетіледі: «КК.АА.ЖЖЖЖ», мұнда «ЖЖЖЖ» - жылы, «КК» - күні, «АА» - айы. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, барлық көрсеткіш толтыруға міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанның мақсаты үшін қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі); Сәйкестендіру құжаттарының түрі; Қарыздың, шартты міндеттеменің түрі; Кредиттеу мақсаты; Кредиттеу объектісі; Қаржыландыру көзі; Міндеттемелерді тоқтату негізі; Талап ету құқықтары берілген не сатылған ұйымның (одан қабылданған не сатып алынған) түрі; Кредитордың уәкілетті органы; Филиалдар; Өзгермелі индекстер; Валюта түрі.
Тармақ 6
6. Нысанда кредитордың кредиттік тарих субъектісімен кредиттік тарих субъектісі және кредитор арасында жасалған шартқа байланысты қалыптасқан өзара қарым-қатынастар не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қарым-қатынастар туралы мәліметтер беріледі. Мәліметтер есепті кезеңде жасалған және (немесе) қолданыстағы не есепті кезеңде қолданылуы тоқтатылған барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттары бойынша, барлық өтелмеген, оның ішінде баланстан есептен шығарылған және (немесе) сенімгерлікпен басқаруға берілген, сондай-ақ өтелген, кешірілген немесе есепті кезеңде сатылған қарыздар бойынша, барлық шартты міндеттемелер бойынша ұсынылады. Қарыздың (шартты міндеттеменің) кредиттік тарих субъектісімен байланысы қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде субъектінің сәйкестендіру құжаты арқылы орнатылады. Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті кезеңде жаңартуға жатады.
Тармақ 7
7. 1.1, 1.2.1, 1.4, 1.10, 1.12, 1.14.2, 1.17.1, 1.17.2, 1.18.1, 1.20.2, 1.20.4.1, 1.21.2.1, 1.22.1, 1.22.2-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 8
8. 1.1, 1.17, 1.18, 1.21-жолдарда бір шарт бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі. 1.2-жолда бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі. 1.3-жолда бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бірден аспайтын өзекті мән сәйкес келеді. 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.15, 1.16, 1.19, 1.20, 1.22-жолдарда бір шартқа бірден аспайтын өзекті мән сәйкес келеді.
Тармақ 9
9. 1.3-жолда, егер қарыз (шартты міндеттеме) дара кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында берілетін болса «1» мәні көрсетіледі, керісінше жағдайда «0» көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді. Көрсеткіш кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғалар болып табылатын кредиттік тарих субъектілерімен жасалған барлық шарттар бойынша толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 10
10. 1.5, 1.6-жолдарда кредитор көрсеткіштер мәндерінің кредиттік тарих субъектісінің және кредитордың арасында жасалған шарттың нөміріне және күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді. «Шарттың нөмірі», «Шарттың күні» көрсеткіштері қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде қарыз (шартты міндеттеме) шартын сәйкестендіргіш ретінде болады және шарт туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады. Бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында, егер кредитордың iшкi құжаттарында қарызға (шартты міндеттемеге) автоматтандырылған жүйелерде өзге сәйкестендіру нөмірін беру көзделген болса, онда шарттың нөмірі ретінде осы сәйкестендіру нөмірін беру мүмкін болады. Бұл ретте сәйкестендіру нөмірі шарт туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады. Егер кредиттік және дебеттік карталар (кредиттік лимиті бар) бойынша төлем карталарын шығару туралы жалпы шарт ресімделетін болса, «Шарттың нөмірі» көрсеткіші бойынша банктің төлем картасын шығару туралы жалпы шартының нөмірін және «/» таңбасы арқылы төлем картасының нөмірін көрсету қажет. Егер кредиттік желі шеңберінде қарыз өтініш негізінде берілетін болса, «Шарттың нөмірі» көрсеткіші бойынша кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімнің нөмірін және «/» таңбасы арқылы қарыздың сәйкестендіру нөмірін көрсету қажет. Автоматты тәсілмен жасалған керi репо операцияларының мәмілелері бойынша мәмілені сәйкестендіргіш көрсетіледі. Шарт күнінің шарттың талаптары бойынша нақты беру күнінен, өтеу күнінен, міндеттемені нақты тоқтату күнінен кеш болуына жол берілмейді.
Тармақ 11
11. 1.7-жол шеңберінде қарыз берілетін «Кредиттік желі» шартты міндеттемесін сәйкестендіруге арналған және кредиттік желі шеңберінде берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады. Кредитор көрсеткіш мәндерінің тиісті кредиттік желінің нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. 1.10-жол кредиторлар анықтамалығына сәйкес қарызға, шартты міндеттемеге қызмет көрсететін кредитордың филиалын сәйкестендіруге арналған. Егер қарызға (шартты міндеттемеге) тікелей кредитор қызмет көрсететін болса, онда көрсеткіш бойынша кредитор, егер филиал көрсететін болса – кредитордың филиалы көрсетіледі. Кредитор филиалдарының анықтамалығын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредитордың өз филиалдары туралы мәліметтер ұсынуы бойынша жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.
Тармақ 13
13. 1.11-жол қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта көрсетілген қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күнін көрсетуге арналған. Егер шартта оның қолданылуының аяқталу мерзімі болмаса, көрсеткіш берілмейді.
Тармақ 14
14. 1.13-жол қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта белгіленген валютамен қарыз (шартты міндеттеме) сомасын көрсетуге арналған. Көрсеткіш бойынша мәні үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі. Көрсетілген көрсеткіш бойынша кредиттік карта, кредиттік желі, овердрафт үшін таңдалған валютамен шарт бойынша лимит көрсетіледі. Шарт валютасымен қарыз (шартты міндеттеме) сомасы не шарт бойынша валюта түрі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзектендіруге жатады. Кредиттік қалдығы бар кредиттік және дебеттік карталарды қоспағанда, шарт валютасымен қарыз сомасының негізгі борыш қалдықтарының сомасынан аз болуына жол берілмейді.
Тармақ 15
15. 1.14-жолда өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген спрэдына және өзгермелі индекске бөле отырып мөлшерлемені көрсету 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған не өзгерістер енгізілетін, сыйақының өзгермелі мөлшерлемесі белгіленген барлық қарыз шарттары үшін міндетті болып табылады. Өзгермелі индекстер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.
Тармақ 16
16. 1.16-жол қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта белгіленген өтеу кестесін көрсетуге арналған. Өтеу кестесінде негізгі борышты және сыйақыны өтеу валютасының түрі, өтеу күндері, негізгі борыш және сыйақы бойынша кезекті төлемдер мөлшерлері, келесі өтеулер күндеріне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, қарызды өтеу кестесі жасалған күн қамтылады. Кезекті төлемдер мөлшері, берешек қалдықтары қосымша келісімдер ескеріле отырып, шарт валютасында көрсетіледі. Шарттың талаптары өтеу кезеңділігінің өзгеруіне немесе өтеу кестесі бойынша өзге өзгерістерге әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат шарттың талаптары өзгерген кезден бастап өзектендіруге жатады. Көрсеткіш өтеу кестесі бар барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 17
17. 1.17-жол кредиттеу мақсаты мен объектісін, сондай-ақ қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартқа сәйкес қарыз сомасынан көрсетілген мақсатқа берілген соманың үлесін көрсетуге арналған. Қарыздың мақсаты (нысаналы мақсаты) «Кредиттеу мақсаты» және «Кредиттеу объектісі» көрсеткіштерінің мәндерін аралас қолданумен айқындалады. Бір қарыз бойынша үлестердің жиынтық сомасы жүз пайызға тең келеді. Керi репо операцияларын қоспағанда, көрсеткіш барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 18
18. 1.18-жол соның есебінен қарыз қаржыландырылған не қарыз бойынша талап ету құқығын иеленген кредиторды қаржыландыру көзінің түрін, сондай-ақ қаражат көзі есебінен қаржыландырылатын қарыз сомасының үлесін көрсетуге арналған. Бір шарт бойынша үлестердің жиынтық сомасы жүз пайызға тең келеді. Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 19
19. 1.19-жолда кредиттік тарих субъектісінде валюталық түсім және (немесе) хеджирлеу құралдары болған жағдайда «1» мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда «0» көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді. Банкаралық қарыздарды, керi репо операцияларын қоспағанда, көрсеткіш шарт бойынша валюта түрі теңгеден өзгеше барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 20
20. 1.20-жол талап ету құқықтары үшінші тұлғаға берілген немесе сатылған не үшінші тұлғадан қабылданған немесе сатып алынған қарыздарды сәйкестендіруге арналған. Талап ету құқығы үшінші тұлғаға берілген жағдайда «01» белгісі, сатылғанда – «02», қабылданғанда – «03», сатып алынғанда – «04» көрсетіледі. Көрсеткіш 2019 жылғы 1 шілдеден кейін талап ету құқықтары берілген (сатылған) не қабылданған (сатып алынған) барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 21
21. 1.21-жол жаңа қарыз шарты шеңберінде берілген қаражат есебінен 2019 жылғы 1 шілдеден кейін қайта қаржыландырылған қарыз шартының нөмірі мен күнін, сондай-ақ қайта қаржыландырылған қарыз бойынша алдында міндеттемелер орындалған алдыңғы қарыз алушының және алдыңғы кредитордың құжаттарын көрсетуге арналған. Көрсеткіш бойынша кредитор қайта қаржыландыруға дейін басқа қарыз шартының нөмірі мен күні бойынша берілген мәліметтердің бірдей болуын қамтамасыз етеді. 1.21.1, 1.21.2-жолдар басқа қарызды қайта қаржыландыру мақсаты үшін берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады, 1.21.3, 1.21.4-жолдар кредитор ішкі қайта қаржыландыру мақсаты үшін берген қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 22
22. 1.22-жол қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша тараптар міндеттемесін толығымен тоқтату негізін, оны нақты тоқтату күнін, сондай-ақ тиісті шешім қабылдаған кредитордың уәкілетті органын көрсетуге арналған. Міндеттемені нақты тоқтату күні ретінде шарт бойынша міндеттеме тоқтатылған күнді көрсету қажет. Егер міндеттемені тоқтату негізі кредитордың iшкi құжаттарымен реттелген болса, «Кредитордың шешім қабылдаған уәкілетті органы» көрсеткіші бойынша кредитордың тиісті iшкi құжатты бекіткен уәкілетті органы көрсетіледі. Міндеттемені нақты тоқтату күнінің шарт күнінен ерте және есепті күннен кеш болуына жол берілмейді. «Міндеттемені тоқтату негіздері», «Міндеттемені нақты тоқтату күні» міндеттемесі толығымен тоқтатылған барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін міндетті болып табылады. «Кредитордың шешім қабылдаған уәкілетті органы» көрсеткіші кредитордың борышты кешіруіне байланысты міндеттемесі толығымен тоқтатылған барлық қарыздар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 23
23. 2-жол қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойынша күнді көрсетуге арналған.
Басқа 5. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы «____» ________ №_ қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы «28» желтоқсандағы № 313 қаулысына 7-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған Қамтамасыз ету туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ОО1 Кезеңділігі: қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай Есепті кезең: 20__ жылғы «___» «_________________» жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі – кредитор) Ұсыну мерзімдері: 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне (қоса алғанда) дейін, - есепті айда болған есептілікте көзделген деректер өзгерген кезде; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: қамтамасыз ету туралы деректер өзгертілген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Нысан Кесте. Қамтамасыз ету туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі № Көр­сет­кіш­тер ата­уы Мәні 1 2 3 1 Ке­піл шар­ты­ның нө­мі­рі 2 Ке­піл шар­ты­ның кү­ні 3 Ке­піл шар­тын тоқ­та­ту: 3.1 ке­піл шар­тын тоқ­та­ту­дың нақ­ты кү­ні 3.2 ке­піл шар­тын тоқ­та­ту негі­зі 4 Ке­піл бе­ру­ші (ке­пі­л­гер, ке­піл бе­ру­ші,сақ­тан­ды­ру­шы): 4.1 субъ­ект тү­рі (заң­ды неме­се же­ке тұл­ға) 4.2 ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) 4.3 ке­піл бе­ру­ші­нің (ке­пі­л­гер­дің, ке­піл бе­ру­ші­нің, сақ­тан­ды­ру­шы­ның) құ­жат­та­ры 4.3.1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 4.3.2 құ­жат­тың нө­мі­рі 5 Қам­та­ма­сыз ету тү­рі 6 Шарт бой­ын­ша ва­лю­та тү­рі 7 Ке­піл құ­ны (тең­ге­мен) 8 На­рық­тық құ­ны (шарт ва­лю­та­сы­мен) 9 Қа­был­дан­ған қам­та­ма­сыз ету­ді есеп­ке алу шо­ты­ның нө­мі­рі 10 Ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) есеп­теу ке­зін­де қо­сы­ла­тын қам­та­ма­сыз ету құ­ны (тең­ге­мен) 11 Ке­ліп мү­лік­тің ор­на­лас­қан (тір­кел­ген) же­рі 12 Ке­піл мүл­кі ны­са­ны­ның же­ке нө­мі­рі 13 Қам­та­ма­сыз ету­ді соң­ғы ба­ға­лау (қай­та ба­ға­лау) кү­ні 14 Ба­ға­ла­у­шы не қам­та­ма­сыз ету құ­нын бел­гі­ле­ген тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 14.1 ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) 14.2 ба­ға­ла­у­шы­ның не қам­та­ма­сыз ету құ­нын бел­гі­ле­ген тұл­ға­ның құ­жат­та­ры: 14.2.1 сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі 14.2.2 құ­жат­тың нө­мі­рі 15 Ке­піл шар­ты (шар­тты мін­дет­те­ме­лер) бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 15.1 шар­ттың нө­мі­рі 15.2 шар­ттың кү­ні 16 Есеп­ке алу кү­ні Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы ______________________________________________ __________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға _____________________________________ _________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ___________________________________ _________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20 __ жылғы «___» ________
Басқа 6. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қамтамасыз ету туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қамтамасыз ету туралы есеп (индексі – КР_ОО1, кезеңділігі – қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Қамтамасыз ету туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.
Тармақ 4
4. Егер өзгесі белгіленбеген болса, Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі бүтін сандармен белгіленеді, теңгемен көрсетіледі. Бүтін сандарға дейін дөңгелектеген жағдайда 0,5 кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал 0,5 тең және одан жоғары сома бірге дейін дөңгелектенеді. Күндер мынадай форматта көрсетіледі: «КК.АА.ЖЖЖЖ», мұнда «ЖЖЖЖ» - жылы, «КК» - күні, «АА» - айы. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмеген болса, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме 5. Қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйедегі Нысан мақсаты үшін мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Елі; Сәйкестендіру құжаттарының түрі; Қамтамасыз ету түрі; Валюта түрі; Шот нөмірі; Кепілді тоқтату негізі.
Тармақ 6
6. Нысанда кредитор кепіл, кепілдік және кепілдеме, сақтандыру шарты негізінде қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша қабылдаған қамтамасыз ету не мүлік түріндегі, оның ішінде болашақта түсетін ақша түріндегі қамтамасыз етуді қосқанда, өзге қамтамасыз ету туралы мәліметтер беріледі. Егер қарыз бойынша кепіл туралы жеке шарт жасалмаған, бұл ретте қарыз шартында кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) орындамаған жағдайда кепіл мүлкін өндіріп алу құқығы көзделген болса, онда кепіл туралы шарт ретінде тиісті қарыз шарты көрсетіледі. Қаржы лизингі бойынша лизинг мәні қамтамасыз ету ретінде көрсетіледі. Кепіл туралы шарт тиісті кепіл мүлкі (кепілдік немесе кепілдеме не өзге мүлік) қамтамасыз ету болатын барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына тәуелді болады. Егер қарыз (шартты міндеттеме) кепілмен, кепілдікпен немесе кепілдемемен не анықтамалықпен көзделген қамтамасыз етудің өзге түрлерімен қамтамасыз етілмеген болса, онда Нысанның өзге көрсеткіштері бойынша мәліметтер көрсетілмейді. Бір қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша кепіл туралы бірнеше шарт көрсетуге рұқсат етіледі. Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті кезеңде жаңартуға жатады.
Тармақ 7
7. 3.2, 4.3.1, 5, 6, 11, 14.2.1-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 8
8. 1, 2-жолдар кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) кепілмен қамтамасыз етілген қарыз (шартты міндеттеме) бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда кредитордың (кепіл ұстаушының) соның негізінде кепіл мүлкінің құнынан қанағаттандыру алуға, шартқа сәйкес кепілгерге немесе кепілдік берушіге не өзге тұлғаға орындалмаған міндеттеме бойынша талап қоюға құқығы болатын кепіл, кепілдік және кепілдеме туралы шарттың нөмірін және күнін көрсетуге арналған. Осы көрсеткіш бойынша мәліметтер шартқа сәйкес толтырылады, кредитор олардың кепіл, кепілдік, кепілдеме не сақтандыру туралы шарттың нөміріне және күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Көрсеткіштер қамтамасыз етуді сәйкестендіргіш болады, қамтамасыз ету туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей болып табылады және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейді. Егер бір кепіл туралы шарт шеңберінде қамтамасыз етудің бірнеше түрі көзделген болса, қамтамасыз етудің осы түрлерінің әрқайсысы осы шарттың нөмірімен және күнімен көрсетіледі. Бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында егер кредитордың iшкi құжаттарында кепіл шартына автоматтандырылған жүйелерде өзге сәйкестендіру нөмірін беру көзделген болса, онда кепіл шартының нөмірі ретінде шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін осы сәйкестендіру нөмірін беруге болады.
Тармақ 9
9. 3-жолда кепіл туралы шарттың қолданылу мерзімінің нақты аяқталу күнін және кепілді тоқтату негізін көрсету қажет. Кепіл туралы шартты нақты тоқтату күні кепіл туралы шарттың күнінен ерте және есепті күннен кеш болуына жол берілмейді.
Тармақ 10
10. 5-жол шартта көзделген қамтамасыз етуді «Қамтамасыз ету түрі» анықтамалығына сәйкес түрлері бойынша жіктеуге арналған.
Тармақ 11
11. 7-жол кредитордың кепіл саясатына сәйкес есептелген қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған. 8, 10-жолдар есепті күндегі соңғы бағалауды (қайта бағалауды) және кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау бойынша iшкi құжаттарға сәйкес есептелген резервтер (провизиялар) есебіне енгізілетін қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған. 9-жол қамтамасыз ету құны ескерілетін шот нөмірін көрсетуге арналған. Кепілдік және нарықтық құны кепіл туралы шарт шеңберінде әрбір қамтамасыз ету бойынша жеке-жеке көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 11-жол кепіл туралы шартқа сәйкес қамтамасыз етуге қабылданған жылжымалы мүліктің тіркелген жерінің және жылжымайтын мүліктің орналасқан жерінің елін көрсетуге арналған және жылжымалы және жылжымайтын мүлік болып табылатын қамтамасыз етудің барлық түрлері үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 13
13. 12-жолда жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастр нөмірі, көлік құралдары үшін көлік құралының бірегей коды көрсетіледі (бар болса). Көрсеткіш жеке негізде бағаланатын кепіл мүлкі нысаны бойынша толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 14
14. 14-жолда егер соңғы бағалауды (қайта бағалауды) кредитор дербес жүргізген болса, онда бағалаушы ретінде кредитор өзін көрсетеді. Көрсеткіш бағалау (қайта бағалау) 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жүргізілген барлық қамтамасыз ету үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 15
15. 15-жолда тиісті кепіл туралы шарт қамтамасыз ету болатын қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні көрсетіледі. Кредитор Нысандағы қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 16
16. 16-жол қамтамасыз ету туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойынша күнді көрсетуге арналған.
Басқа 7. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы «____» ________ №_ қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы «28» желтоқсандағы № 313 қаулысына 9-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ООЗУО1 Кезеңділігі: ай сайын – екінші деңгейдегі банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы; тоқсан сайын – уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары Есепті кезең: 20__жылғы 1 «________» жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі – кредитор) Ұсыну мерзімдері: 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда); 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін (қоса алғанда) Нысан Кесте. Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі № Көр­сет­кіш­тер ата­уы Мәні 1 2 3 1 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.1 шар­ттың нө­мі­рі 1.2 шар­ттың кү­ні 2 Ағым­да­ғы та­лап­тар және есеп­ті ке­зең­де­гі қа­ра­жат қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ақ­па­рат: 2.1 Есеп­ті ке­зең­де есеп­тел­ген (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен): 2.1.1 сый­а­қы 2.1.2 ай­ып­пұл­дар және өсім­пұл­дар 2.2 Есеп­ті ке­зең­де бе­рі­л­ген (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.3 Есеп­ті ке­зең­де нақ­ты бе­ру кү­ні 2.4 Есеп­ті ке­зең­де нақ­ты түс­кен тө­лем­дер со­ма­сы (тең­ге­мен) 2.5 Негіз­гі бо­рыш қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен): 2.5.1 мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 2.5.2 мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек 2.5.3 ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек 2.5.4 ке­ші­рі­л­ген бе­ре­шек 2.6 Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша шот нө­мі­рі: 2.6.1 мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 2.6.2 мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек 2.7 Есеп­тел­ген сый­а­қы қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен): 2.7.1 өтел­ме­ген 2.7.2 мер­зі­мі өт­кен 2.7.3 ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған 2.7.4 ке­ші­рі­л­ген 2.8 Сый­а­қы бой­ын­ша шот нө­мі­рі: 2.8.1 мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 2.8.2 мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек 2.9 Шар­тты мін­дет­те­ме қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.10 Шар­тты мін­дет­те­ме шо­ты­ның нө­мі­рі 2.11 Есеп­тел­ген тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы­ның (ай­ып­пұл­дың, өсім­пұл­дың) қал­ды­ғы: 2.11.1 өтел­ме­ген 2.11.2 ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған 2.11.3 ке­ші­рі­л­ген 2.12 Оң (те­ріс) тү­зе­ту (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.13 Оң (те­ріс) тү­зе­ту бой­ын­ша шот нө­мі­рі 2.14 Дис­конт (сый­лы­қа­қы) (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.15 Дис­конт (сый­лы­қа­қы) бой­ын­ша шот нө­мі­рі 2.16 Мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­ті шот­қа шы­ға­ру кү­ні: 2.16.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 2.16.2 сый­а­қы бой­ын­ша 2.17 Мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­ті өтеу кү­ні: 2.17.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 2.17.2 сый­а­қы бой­ын­ша 2.18 Ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған күн: 2.18.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 2.18.2 сый­а­қы бой­ын­ша 2.19 Бір­тек­ті емес кре­дит­тер бой­ын­ша ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) нақ­ты қа­лып­та­сты­ры­л­ған со­ма­сы: 2.19.1 ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша 2.19.2 уәкі­лет­ті ор­ган­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша 2.20 Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша бір­тек­ті емес кре­дит­тер бой­ын­ша қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) бой­ын­ша шот нө­мі­рі 2.21 Ре­зерв­теу мөл­шер­ле­ме­сі 2.22 Бір­тек­ті емес кре­дит­тер бой­ын­ша бо­ла­шақ ақ­ша ағы­ны­ның дис­конт­тал­ған құ­ны (алу кү­ті­ле­тін құ­ны) 2.23 Қай­та құ­ры­лым­дау: 2.23.1 қай­та құ­ры­лым­дау бел­гі­сі 2.23.2 қай­та құ­ры­лым­дау жүр­гі­зі­л­ген күн 2.24 Құн­сызда­ну бел­гі­ле­рі 3 Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша порт­фель­дік негіз­де қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) ту­ра­лы ақ­па­рат: 3.1 Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша порт­фель­дің ата­уы: 3.1.1 бір­тек­ті ак­тив­тер­дің 3.1.2 құн­сызда­ну бел­гі­сі жоқ же­ке ак­тив­тер­дің 3.2 Дис­конт (сый­лы­қа­қы) (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 3.3 Дис­конт (сый­лы­қа­қы) бой­ын­ша шот нө­мі­рі 3.4 Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша порт­фель­дік негіз­де ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) нақ­ты қа­лып­та­сты­ры­л­ған со­ма­сы 3.5 Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша порт­фель­дік негіз­де қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) бой­ын­ша шот нө­мі­рі 4 Есеп­ке алу кү­ні Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы _______________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға _______________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға _______________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20 __ жылғы «___» _________
Басқа 8. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп (индексі – КР_ООЗУО1, кезеңділігі – ай сайын немесе тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.
Тармақ 4
4. Егер өзгеше белгіленбеген болса, Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі үтірден кейін екі таңбалы сандармен белгіленеді, теңгемен көрсетіледі. Коэффициенттер және пайыздар үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі. Күндер мынадай форматта көрсетіледі: «КК.АА ЖЖЖЖ», мұнда «ЖЖЖЖ» - жылы, «КК» - күні, «АА» - айы. Уақытсыз күнін көрсету көзделген жағдайларда уақыты көрсетілген күннің 0 сағаты 00 минуты 00 секунды ретінде қабылданады. Шетел валютасымен берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша беру, есептеу сомалары, есепті күндегі берешек қалдығы шетел валютасымен және ұлттық валютадағы баламасымен көрсетіледі. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, барлық көрсеткіштер толтыруға міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйедегі Нысанның мақсаты үшін мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Шот нөмірі; Портфельдер.
Тармақ 6
6. Нысанда есепті кезеңдегі қаражат қозғалысы туралы, қарыздар мен шартты міндеттемелер шарттары бойынша міндеттемелердің өзгерістері және ағымдағы жай-күйі, шарттар және біртекті кредиттер портфельдері, құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер портфельдері бөлігінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы мәліметтер беріледі. Нысанның көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына тәуелді болады және әрбір есепті күні маңызын арттыруға жатады.
Тармақ 7
7. 2.6, 2.8, 2.10, 2.13, 2.15, 2.20, 3.1, 3.3, 3.5 жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 8
8. 2.2, 2.3-жолдар есепті кезеңде берілген қарыз немесе шартты міндеттеме бойынша пайдаланылған лимит сомасын және оны беру (пайдалану) күнін көрсетуге арналған. Егер есепті кезеңде қарыз бөліп-бөліп берілген болса, қарыз бөліктерінің сомаларының және қарыздың тиісті бөлігін нақты беру күнінің массиві көрсетіледі. Нақты беру күні есепті кезеңнің басталу күнінен ертерек және міндеттеменің тоқтатылуының нақты күнінен немесе есепті кезеңнің аяқталу күнінен кеш болуына жол берілмейді. Кредит карталары бойынша 2.2-жолда берілген қарыз сомасы бөліктерге бөлмей-ақ бір сомамен көрсетіледі, 2.3-жол толтырылмайды.
Тармақ 9
9. 2.4-жолда қарыз алушының есепті кезең ішінде осы қарыз бойынша негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар мен өсімпұлдар, қарыз бойынша комиссиялар кіретін барлық міндеттемелерін өтеу есебіне нақты енгізген ақша қаражатының сомасы көрсетіледі. Кредит карталары және овердрафтар бойынша есепті кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 2.5, 2.6-жолдар қарыз бойынша мерзімі өтпеген, мерзімі өткен негізгі борыш қалдықтарының сомаларын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша негізгі борыштың есептен шығарылған не кешірілген қалдықтарының сомаларын көрсетуге арналған. Кредит картасы үшін лимиттің игерілген бөлігі осы көрсеткіш бойынша көрсетіледі, кредит картасы бойынша қаражаттың артық жұмсалуын көрсету үшін қосымша жол көзделген. «Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)» көрсеткіші бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді. Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 11
11. 2.7, 2.8-жолдар қарыз бойынша есептелген сыйақының өтелмеген, мерзімі өткен қалдықтарының сомаларын, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген сыйақының есептен шығарылған не кешірілген қалдықтарының сомаларын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған. Есептелген сыйақы қалдығы бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді. Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 12
12. 2.9, 2.10-жолдар есепті күнгі жағдай бойынша шартты міндеттеме сомасын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған. Екі шотта қалдық болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі. Шартты міндеттеме қалдығы бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді. Көрсеткіштер барлық шартты міндеттемелер үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 13
13. 2.11-жол өтелмеген қалдық сомасын, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) есептен шығарылған не кешірілген қалдықтарының сомаларын көрсетуге арналған. «Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығы» көрсеткіші бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді. Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 14
14. 2.12, 2.13, 2.14, 2.15-жолдар оң (теріс) түзету, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомаларын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған. Екі әр түрлі шот нөмірлерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомалары болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 2.16-жолда негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек шотына шығару күндері «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні: негізгі қарыз бойынша» және «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні: сыйақы бойынша» жолақтарында бөлек көрсетіледі. Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні ретінде шартта белгіленген негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша кезекті өтелмеген төлемді өтеу мерзімі бұзылған күн көрсетіледі. Негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек қалдығы болмаған жағдайда, негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек шотына шығару күні көрсетілмейді. Көрсеткіш есепті күнге негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің қалдығы бар барлық қарыздар үшін толтыру міндетті болып табылады.
Тармақ 16
16. 2.17-жолда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша есепті кезең ішінде жүргізілген мерзімі өткен берешекті толығымен не ішінара өтеу күні көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 2.19, 2.20-жолдар есепті күнгі жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған құнсыздану (шартты міндеттеме) белгілері анықталған жеке деп жіктелген қарыз бойынша резервтер (провизиялар) сомасын және сома ескерілетін шот нөмірін, сондай-ақ уәкілетті органның талаптары бойынша резервтер (провизиялар) сомасын көрсетуге арналған. Кредит карталары бойынша кредит картасы лимитінің игерілген және игерілмеген бөліктері бойынша резервтер (провизиялар) сомаларын көрсету үшін жеке жолдар көзделген. Көрсеткіштер резервтер (провизиялар) жеке негізде қалыптастырылатын барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 18
18. 2.22-жол халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес есептелген болашақ ақша ағынының дисконтталған құнын көрсетуге арналған. Көрсеткіш құнсыздану белгілері анықталған жеке деп жіктелген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 19
19. 2.23-жол жүргізілген күнін көрсете отырып, 2019 жылғы 1 шілдеден кейін қайта құрылымдау жүргізілген қарыздарды сәйкестендіруге арналған. Қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен (бұдан әрі - № 269 қаулы) бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес анықталады. Егер қарыз жаңа қарыз шартын жасау жолымен қайта құрылымдалған болса, қайта құрылымдау туралы мәліметтерді жаңа шартта көрсету қажет. Егер есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген болса, онда 2.23.1-жолда «1» мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда «0» көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді. Көрсеткіш 2019 жылғы 1 шілдеден кейін қайта құрылымдау жүргізілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 20
20. 2.24-жол № 269 қаулыда анықталған құнсыздану белгілері бар қарыздарды сәйкестендіруге арналған. Егер есепті кезеңде құнсыздану белгілері болса, онда 2.24-жолда «1» мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда «0» көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді. Көрсеткіш 2019 жылғы 1 шілдеден кейін бағалау жүргізілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 21
21. 3-жол біртекті активтердің және құнсыздану белгілері жоқ жеке активтердің портфельдері туралы, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша дисконт (сыйлықақы), портфельдік негізде қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомалары және сомалар ескерілетін шоттар нөмірлері туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Портфель кредитордың есеп саясатына және өзге де iшкi құжаттарына сәйкес айқындалады. Кредитор белгілі бір портфельге кіретін әрбір қарыз (шартты міндеттеме) шартын анықтамалықтағы тиісті портфельге байланыстырады. Портфельдер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады. Анықтамалыққа енгізілген әрбір мән бойынша тарихы сақталады. Дисконт (сыйлықақы), халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептеледі. Дисконт (сыйлықақы), халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша портфельдік негізде қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы сомалар ескерілетін шот нөмірімен бірге көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 4-жол қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.