О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 313 «Об утверждении перечня, форм, сроков и Правил представления отчетности по займам и условным обязательствам банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, акционерным обществом «Банк Развития Казахстана» и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18220 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 6-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 20 қазандағы № 91 Қаулыға 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_CC1 Кезеңділігі: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай Есепті кезең: 20__жылғы «___» ________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор) Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Нысан 1-кесте. Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Мәні 1 2 3 1 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі - қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты­ның та­ра­пы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 1.1 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің тү­рі (рө­лі) 1.2 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сін сәй­кестен­дір­гіш: 1.2.1 сәй­кестен­дір­гіш тү­рі 1.2.2 сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 1.3 Қыз­ме­тін же­ке кә­сіп­кер­лік тү­рін­де жү­зе­ге асы­ра­тын да­ра кә­сіп­кер бел­гі­сі 2 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 2.1 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) тү­рі 2.2 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты­ның нө­мі­рі 2.3 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты­ның кү­ні 2.4 Кре­дит­тік же­лі­ге ти­е­сі­лі­лі­гі: 2.4.1 кре­дит­тік же­лі шар­ты­ның нө­мі­рі 2.4.2 кре­дит­тік же­лі шар­ты­ның кү­ні 2.5 Банк ке­піл­ді­гін (ке­піл­де­ме­ні) шы­ға­ру нө­мі­рі 2.6 Банк ке­піл­ді­гін (ке­піл­де­ме­ні) шы­ға­ру кү­ні 2.7 Қарыз­ға (шар­тты мін­дет­те­ме­ге) қыз­мет көр­се­те­тін фи­ли­ал 2.8 Шар­ттың та­лап­та­ры бой­ын­ша қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні 2.9 Шарт бой­ын­ша ва­лю­та тү­рі 2.10 Шар­ттың ва­лю­та­сы­мен қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) со­ма­сы 2.11 Шарт бой­ын­ша жыл­дық сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі: 2.11.1 мөл­шер­ле­ме тү­рі (бел­гі­лен­ген, өзгер­ме­лі) 2.11.2 өзгер­ме­лі ин­декс ата­уы 2.11.3 бел­гі­лен­ген мөл­шер­ле­ме­нің жыл­дық пай­ы­здар­мен мөл­ше­рі (өзгер­ме­лі мөл­шер­ле­ме­нің бел­гі­лен­ген спр­э­ды) 2.11.4 жыл­дық пай­ы­здар­мен өзгер­ме­лі ин­декс 2.12 Шарт бой­ын­ша жыл­дық ти­ім­ді сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі: 2.12.1 ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша ба­стап­қы мөл­шер­ле­ме мөл­ше­рі 2.12.2 шы­найы жыл­дық ти­ім­ді са­лы­стыр­ма­лы түр­де есеп­тел­ген сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің мөл­ше­рі 2.13 қарыз бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету­дің бол­мау бел­гі­сі 2.14 Қары­здың (шар­тты мін­дет­те­ме­нің) ны­са­на­лы мақ­са­ты: 2.14.1 кре­дит­теу мақ­са­ты 2.14.2 кре­дит­теу объ­ек­ті­сі 2.14.3 қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) со­ма­сы­ның үле­сі (пай­ы­здар­мен) 2.15 Қары­зды қар­жы­лан­ды­ру кө­зі: 2.15.1 қар­жы­лан­ды­ру кө­зі­нің тү­рі 2.15.2 қарыз со­ма­сы­ның үле­сі (пай­ы­здар­мен) 2.16 Қарыз алушы­да ва­лю­та­лық тү­сім­нің және (неме­се) хеджир­леу құ­рал­да­ры­ның бо­лу бел­гі­сі 3 Қарыз бой­ын­ша та­лап ету құқы­ғын бе­ру (са­ту), қа­был­дау (са­тып алу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 3.1 бе­ру (са­ту), қа­был­дау (са­тып алу) бел­гі­сі 3.2 та­лап ету құқық­та­ры бе­рі­л­ген (са­ты­л­ған) (қа­был­дан­ған (са­тып алын­ған)) ұй­ым­ның тү­рі 3.3 та­лап ету құқық­та­ры бе­рі­л­ген (са­ты­л­ған) (қа­был­дан­ған (са­тып алын­ған)) ұй­ым­ның ата­уы 3.4 та­лап ету құқық­та­ры бе­рі­л­ген (са­ты­л­ған) (қа­был­дан­ған (са­тып алын­ған)) ұй­ым­ды сәй­кестен­дір­гіш: 3.4.1 сәй­кестен­дір­гіш тү­рі 3.4.2 сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 3.5 бе­ру (са­ту), қа­был­дау (са­тып алу) кү­ні 3.6 са­ту (са­тып алу) со­ма­сы (тең­ге­мен) 4 Қай­та қар­жы­лан­ды­ры­л­ған қарыз бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 4.1 ал­дың­ғы кре­ди­тор ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 4.1.1 сәй­кестен­дір­гіш тү­рі 4.1.2 сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 4.2 ал­дың­ғы қарыз алушы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 4.2.1 сәй­кестен­дір­гіш тү­рі 4.2.2 сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 4.3 қай­та қар­жы­лан­ды­ры­л­ған қарыз шар­ты­ның нө­мі­рі 4.4 қай­та қар­жы­лан­ды­ры­л­ған қарыз шар­ты­ның кү­ні 5 Мін­дет­те­ме­ні тоқ­та­ту: 5.1 мін­дет­те­ме­ні тоқ­та­ту негіз­де­рі 5.2 ше­шім қа­был­да­ған кре­ди­тор­дың уәкі­лет­ті ор­га­ны 5.3 мін­дет­те­ме­нің нақ­ты тоқ­та­ты­л­ған кү­ні 6 Есеп­ке алу кү­ні 2-кесте. Қарызды өтеу кестесі № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Мәні 1 2 3 1 Қарыз бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.1 шар­ттың нө­мі­рі 1.2 шар­ттың кү­ні 2 Кесте­ні жа­сау кү­ні 3 Өтеу ва­лю­та­сы­ның тү­рі: 3.1 негіз­гі бо­ры­штың 3.2 сый­а­қы­ның 4 Тө­лем­дер: 4.1 тө­лем кү­ні 4.2 тө­лем со­ма­сы: 4.2.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша (шарт ва­лю­та­сын­да) 4.2.2 сый­а­қы бой­ын­ша (шарт ва­лю­та­сын­да) 4.3 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша бе­ре­шек қал­ды­ғы (шарт ва­лю­та­сын­да) 5 Есеп­ке алу кү­ні Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы _____________________________________ ___________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ________________________________________ _________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 1.0. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп (индексі – CR_CC1, кезеңділігі - қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)
Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп (индексі – CR_CC1, кезеңділігі - қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі. Коэффициенттер мен пайыздар үтірден кейін көп дегенде төрт таңбаны көрсете отырып, сан форматында көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер «КК.АА.ЖЖЖЖ», мұнда «КК» - күні, «АА» - айы, «ЖЖЖЖ» - жылы форматында көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Кредиттік тарих субъектісінің түрлері (рөлдері); Сәйкестендіргіш түрлері; Қарыздың, шартты міндеттеменің түрлері; Филиалдар; Валюта түрлері; Мөлшерлемелер түрлері; Өзгермелі индекстер; Кредиттеу мақсаты; Кредиттеу объектілері; Қаржыландыру көзі; Беру (сату), қабылдау (сатып алу) белгілері; Талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған)) ұйымдардың түрлері; Міндеттемені тоқтату негіздері; Кредитордың уәкілетті органдары.
Тармақ 8
8. Нысанда кредитордың кредиттік тарих субъектісімен кредиттік тарих субъектісі және кредитор арасында жасалған шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қарым-қатынастарға байланысты қалыптасқан барлық өзара қарым-қатынастар туралы мәліметтер беріледі. Мәліметтер есепті кезеңде жасалған және (немесе) қолданыстағы немесе есепті кезеңде қолданылуы тоқтатылған барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттары бойынша, оның ішінде баланстан шығарылған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген, есепті кезеңде өтелген, кешірілген немесе сатылған және барлық шартты міндеттемелер бойынша ұсынылады. Нысан мақсатында төлем карточкаларына төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты лимит шегінде төлем карточкасын ұстаушыларға берілетін және кредитордың мақұлдауын талап етпейтін қарыздар жатады. Әрбір қарыз алушы сұраған қарыз үшін кредитор белгілейтін ауыспалы лимит шеңберінде төлем карточкаларын ұстаушыларға берілетін қарыздар Нысанда кредиттік желі шеңберінде берілетін қарыздар ретінде сыныпталады. Қазақстан Республикасының бейрезидент-филиалы үшін баланс деп активтер мен міндеттемелер туралы есеп түсініледі. Қарыздың (шартты міндеттеменің) кредиттік тарих субъектісімен байланысы қарыздар және шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде субъектіні сәйкестендіргіш бойынша белгіленеді. Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті күнгі жағдай бойынша жаңартылуы тиіс.
Тармақ 9
9. 1-кестенің 1.1, 1.2.1, 2.1, 2.7, 2.9, 2.11.1, 2.11.2, 2.14.1, 2.14.2, 2.15.1, 3.1, 3.2, 3.4.1, 4.1.1, 4.2.1, 5.1 және 5.2-жолдарында және 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарында мәндер анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 10
10. 1-кестенің 1-жолының көрсеткіштерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) шартына түрі 1-кестенің 1.1-жолында көрсетілетін әртүрлі рөлдері бар бірнеше кредиттік тарих субъектісі сәйкес келуі мүмкін. 1-кестенің 1.2-жолында кредиттік тарихтың бір субъектісі бойынша бірнеше жаңартылған мәндерді бір мезгілде көрсетуге жол беріледі. 1-кестенің 1.3-жолында «1» мәні егер қарыз (шартты міндеттеме) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерге берілсе көрсетіледі. Кредиттік тарихтың бір субъектісіне және бір қарыз шартына 1-кестенің 1.3-жолындағы көрсеткіштің бірден аспайтын өзекті мәні сәйкес келеді.
Тармақ 11
11. 1-кестенің 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2,6, 2,7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11, 2.12, 2.13 және 2.16-жолдарында бір шартқа біреуден аспайтын жаңартылған мән сәйкес келеді.
Тармақ 12
12. 1-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында кредитор кредиттік тарих субъектісі мен кредитор арасында жасалған шартты бірдей сәйкестендіретін көрсеткіштердің көрсетілуін қамтамасыз етеді. «Шарттың нөмірі», «шарттың күні» көрсеткіштері қарыздар және шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде қарыз (шартты міндеттеме) шартының сәйкестендіргіштері қызметін атқарады және шарт туралы мәліметтерді ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады. Егер кредитордың ішкі құжаттарында кредитордың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде қарызға (шартты міндеттемеге) сәйкестендіру нөмірін беру көзделсе, шарттың нөмірі ретінде кредитордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен сәйкестендіру нөмірін беруге рұқсат етіледі. Кредитор өзі жасасқан қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күніне ұқсас көрсеткіштердің көрсетілуін қамтамасыз етеді. Егер тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкалары бойынша төлем карточкаларын шығару туралы жалпы шарт ресімделетін болса, «шарттың нөмірі» көрсеткіші бойынша төлем карточкасын шығару туралы жалпы шарттың нөмірі және «/» таңбасы арқылы төлем карточкасының нөмірі көрсетіледі. Егер кредиттік желі шеңберінде қарыз өтініш негізінде берілетін болса, «шарттың нөмірі» көрсеткіші бойынша кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімнің нөмірі және «/» таңбасы арқылы қарыздың сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасын ұстаушыға берілетін қарыздар үшін «шарттың нөмірі» көрсеткіші бойынша төлем карточкасын шығару туралы шарттың нөмірі және «/» таңбасы арқылы қарызды сәйкестендіргіш көрсетіледі. Автоматты тәсілмен жасалған керi репо операцияларының мәмілелері бойынша мәміле сәйкестендіргіші көрсетіледі. Шарттың күні нақты беру күнінен, шарттың талаптары бойынша өтеу күнінен, міндеттемені нақты тоқтату күнінен кеш болуы немесе есепті күннен кеш болуы мүмкін емес.
Тармақ 13
13. 1-кестенің 2.4-жолы қарыз берілетін кредиттік желіні сәйкестендіруге арналған және кредиттік желі шеңберінде берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады. Кредитор көрсеткіш мәндерінің тиісті кредиттік желінің нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. 1-кестенің 2.7-жолында қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсетілетін кредитордың өңірлік бөлімшесінің (филиалының) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету кредитордың бас ұйымының орналасқан жері бойынша немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жүзеге асыратын болса, кредитордың бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының анықтамалығын кредитор ұсынған, жаңартылуы қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын өз филиалдары туралы мәліметтері негізінде қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде жүргізеді.
Тармақ 15
15. 1-кестенің 2.8-жолы қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта көрсетілген қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күнін көрсетуге арналған. Егер шартта оның қолданылуының аяқталу мерзімі болмаса, көрсеткіш берілмейді.
Тармақ 16
16. 1-кестенің 2.10-жолы қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта белгіленген валютамен қарыз (шартты міндеттеме) сомасын көрсетуге арналған. Төлем карточкаларын, кредиттік желіні, овердрафтты ұстаушыларға берілген қарыздар үшін қарыз (шартты міндеттеме) сомасы ретінде таңдап алынған валютада шарт бойынша кредиттік лимит көрсетіледі. Шарт валютасымен қарыз (шартты міндеттеме) сомасы немесе шарт бойынша валюта түрі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат жаңартылуға жатады. Шарт валютасындағы қарыз сомасы төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкаларын ұстаушыларға берілген қарыздарды қоспағанда, шарт валютасындағы негізгі борыш қалдығының сомасынан аз болуы мүмкін емес.
Тармақ 17
17. 1-кестенің 2.11-жолындағы көрсеткіштерде өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген спрэдына және өзгермелі индекске бөле отырып, мөлшерлемені көрсету 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған немесе өзгерістер енгізілетін, сыйақының өзгермелі мөлшерлемесі белгіленген барлық қарыз шарттары үшін міндетті болып табылады. Өзгермелі индекстер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, кредиторлар анықтамалықтағы тиісті ақпаратты қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.
Тармақ 18
18. 1-кестенің 2.13-жолында қарыз (шартты міндеттеме) бойынша қамтамасыз ету болмаған кезде «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайда «0» көрсетіледі немесе көрсеткіш берілмейді. Көрсеткіш қамтамасыз етуі жоқ барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 19
19. 1-кестенің 2.14-жолы қарыздың нысаналы мақсатын көрсетуге және қарыз сомасын кредиттеу мақсаты бойынша бөлуге арналған. «Кредиттеу мақсаты», «кредиттеу объектісі» және «қарыз сомасынан үлесі» көрсеткіштері қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартқа сәйкес көрсетіледі және жаңартылады. Қарыздың нысаналы мақсаты «кредиттеу мақсаты» және «кредиттеу объектісі» көрсеткіштерінің мәндерін аралас қолдану арқылы айқындалады. Қарыз сомасын мақсаттар бойынша бөлуді көрсететін бір қарыз бойынша үлестердің жиынтық сомасы 100 (бір жүз пайызға) тең болады. 1-кестенің 2.14-жолының көрсеткіштері кері репо операциялары мен кредиттік желілер болып табылмайтын шартты міндеттемелер үшін берілмейді.
Тармақ 20
20. 1-кестенің 2.15-жолы қарыз қаржыландырылатын немесе қарыз бойынша талап ету құқықтарын иеленген қаражат көздерін көрсетуге және қарыз сомасын қаржыландыру көздері бойынша бөлуге арналған. Қарыз сомасын қаржыландыру көздері бойынша бөлуді көрсететін бір шарт бойынша үлестердің жиынтық сомасы 100 (бір жүз пайызға) тең болады. Көрсеткіштер барлық қарыздар бойынша толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 21
21. 1-кестенің 2.16-жолында кредиттік тарих субъектісінде валюталық түсім және (немесе) хеджирлеу құралдары болған жағдайда «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайда «0» көрсетіледі. Көрсеткіш шарт валютасы теңге болып табылатын қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін және кері репо операциялары үшін берілмейді.
Тармақ 22
22. 1-кестенің 3-жолының көрсеткіштері талап ету құқықтары үшінші тұлғаға берілген (сатылған) немесе үшінші тұлғадан қабылданған (сатып алынған) қарыздарды сәйкестендіруге арналған. Көрсеткіштер талап ету құқықтары берілген (сатылған) немесе қабылданған (сатып алынған) барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 23
23. 1-кестенің 4-жолының көрсеткіштері жаңа қарыз шарты шеңберінде берілген қаражат есебінен қайта қаржыландырылған қарыз шартын сәйкестендіруге арналған және қайта қаржыландырылған қарыз бойынша міндеттемелері орындалған алдыңғы қарыз алушының және алдыңғы кредитордың сәйкестендіргіштерін көрсетуді қамтиды. Кредитор 1-кестенің 4-жолы бойынша берілген мәліметтердің қайта қаржыландыру операциялары жүзеге асырылғанға дейін берілген қайта қаржыландыру объектісі болып табылатын қарыз туралы сәйкестендіру мәліметтерімен сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Бір қарыз шартына 4-жол бойынша бірнеше өзекті мән сәйкес келуі мүмкін. 1-кестенің 4.1 және 4.2-жолдары басқа қарызды қайта қаржыландыру мақсаты үшін берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады. 1-кестенің 4.3 және 4.4-жолдары кредитор ішкі қайта қаржыландыру мақсаты үшін берген қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 24
24. 1-кестенің 5-жолының көрсеткіштері шарт бойынша талап ету құқықтарын беруді (сатуды) қоспағанда, қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша тараптардың міндеттемелері толық тоқтатылуын көрсетуге арналған. 1-кестенің 5.3-жолында шарт бойынша міндеттеме тоқтатылған күн көрсетіледі. Міндеттеменің нақты тоқтатылған күні шарт күнінен ерте және есепті күннен кеш болуы мүмкін емес. Егер міндеттемені тоқтату негізі кредитордың ішкі құжаттарында регламенттелген болса, «кредитордың шешім қабылдаған уәкілетті органы» көрсеткіші көрсетіледі, бұл ретте тиісті ішкі құжатты бекіткен кредитордың органы көрсетіледі. Кредитордың борышты кешіруіне байланысты міндеттеме толығымен тоқтатылған барлық қарыздар үшін бұл көрсеткіш міндетті болып табылады. 1-кестенің 5.1 және 5.3-жолдарындағы көрсеткіштер міндеттеме толығымен тоқтатылған барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша толтыру үшін міндетті болып табылады және талап ету құқығы кері сатып алу талабымен берілген (сатылған) қарыздар үшін көрсетілмейді.
Тармақ 25
25. 1-кестенің 6-жолында және 2-кестенің 5-жолында қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы және қарызды өтеу кестесі туралы тиісті мәліметтер ескерілген жағдай бойынша күндер көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 2-кестенің көрсеткіштері тиісті төлемдері бар қосымша келісімдерді ескере отырып, шартта белгіленген қарызды өтеу кестесі бойынша мәліметтерді беруге арналған және тиісті шарттарда өтеу кестесі белгіленген барлық қарыздарға толтыру үшін міндетті. Өтеу мерзімділігі өзгеруіне немесе өтеу кестесі бойынша өзге де өзгерістерге әкеп соғатын шарттың талаптары өзгерген кезде жаңа талаптар ескеріле отырып, жаңа өтеу кестесі көрсетіледі. Жасалған күні бірдей белгілі бір шарт бойынша бірнеше өтеу кестесін көрсетуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 27
27. 2-кестенің 1-жолы өтеу кестесі берілетін қарыз шартын сәйкестендіруге арналған. «Шарттың нөмірі» және «шарттың күні» көрсеткіштері өтеу кестесінің ол бөлігі болып табылатын қарыз шартымен байланысын қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. 2-кестенің 2-жолында шарт бойынша өтеу кестесін жасау күні көрсетіледі, өтеу кестесі өзгертілген кезде жаңа кестенің жасалған күні көрсетіледі.
Тармақ 29
29. 2-кестенің 4-жолында төлем күндері бойынша жасау күніне өтеу кестесі бойынша алдағы барлық төлемдер көрсетіледі. Бір өтеу кестесі бойынша бірнеше төлемдерді көрсетуге рұқсат етіледі. 2-кестенің 4.2.1 және 4.2.2-жолдарында кесте бойынша төлем сомасын құрайтын негізгі борыш пен сыйақы сомасы көрсетіледі. 2-кестенің 4.3-жолында негізгі борыш бойынша кезекті төлем сомасын шегергенде негізгі борыш бойынша берешек қалдықтары көрсетіледі. Төлемдер сомасы, негізгі борыш бойынша берешек қалдықтары қосымша келісімдер ескеріле отырып, шарт валютасында көрсетіледі.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 20 қазандағы № 91 Қаулыға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Қамтамасыз ету туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_P1 Кезеңділігі: қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай Есепті кезең: 20__жылғы «___» «_______________» жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор) Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: қамтамасыз ету туралы деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Нысан 1-кесте. Қамтамасыз ету туралы есеп № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Мәні 1 2 3 1 Ке­піл шар­ты бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.1 ке­піл ту­ра­лы шар­ттың нө­мі­рі 1.2 ке­піл ту­ра­лы шар­ттың кү­ні 2 Ке­піл ту­ра­лы шар­ттың тоқ­та­ты­луы: 2.1 ке­піл ту­ра­лы шар­тты тоқ­та­ту­дың нақ­ты кү­ні 2.2 ке­піл ту­ра­лы шар­тты тоқ­та­ту негі­зі 3 Ке­піл бе­ру­ші (ке­пі­л­гер, ке­піл­де­ме бе­ру­ші, сақ­тан­ды­ру­шы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 3.1 субъ­ект тү­рі (заң­ды неме­се же­ке тұл­ға) 3.2 ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) 3.3 ке­піл бе­ру­ші­нің (ке­пі­л­гер­дің, ке­піл­де­ме бе­ру­ші­нің, сақ­тан­ды­ру­шы­ның) сәй­кестен­ді­ру де­ректе­рі: 3.3.1 сәй­кестен­дір­гіш тү­рі 3.3.2 сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 4 Қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 4.1 Қам­та­ма­сыз ету тү­рі 4.2 Шарт бой­ын­ша ва­лю­та тү­рі 4.3 Ке­піл құ­ны (тең­ге­мен) 4.4 На­рық­тық құ­ны (шарт ва­лю­та­сы­мен) 4.5 Қа­был­дан­ған қам­та­ма­сыз ету­ді есеп­ке алу бой­ын­ша шот нө­мі­рі 4.6 Ке­ліп мү­лі­гі­нің ор­на­лас­қан же­рі (тір­кел­ген же­рі) 4.7 Ке­піл мү­лі­гі объ­ек­ті­сі­нің сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 4.8 Қам­та­ма­сыз ету­ді соң­ғы ба­ға­лау (қай­та ба­ға­лау) кү­ні 5 Есеп­ке алу кү­ні 2-кесте. Қамтамасыз етілген қарыздар мен шартты міндеттемелерді сәйкестендіру № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Мәні 1 2 3 1 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.1 шар­ттың нө­мі­рі 1.2 шар­ттың кү­ні 2 Ке­піл ту­ра­лы шарт бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 2.1 шар­ттың нө­мі­рі 2.2 шар­ттың кү­ні 3 Бө­лін­ген үлес (пай­ы­з­бен): 3.1 қары­зды (шар­тты мін­дет­те­ме­ні) ке­піл­мен жа­бу 3.2 қары­зды (шар­тты мін­дет­те­ме­ні) жа­бу­ға ар­нал­ған ке­піл 4 Есеп­ке алу кү­ні Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы _____________________________________ ___________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ________________________________________ _________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 2.0. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қамтамасыз ету туралы есеп (индексі – CR_P1, кезеңділігі – қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай )
Қамтамасыз ету туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қамтамасыз ету туралы есеп (индексі – CR_P1, кезеңділігі – қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай )
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Қамтамасыз ету туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер «КК.АА.ЖЖЖЖ», мұнда «КК» - күні, «АА» - айы, «ЖЖЖЖ» - жылы форматында көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Кепілді тоқтату негіздері; Сәйкестендіргіш түрлері; Қамтамасыз ету түрлері; Валюта түрлері; Шот нөмірлері.
Тармақ 8
8. Нысанда келешекте түсетін ақша түріндегі қамтамасыз етуді қоса алғанда, кепіл, кепілдік және кепілгерлік туралы шарт, сақтандыру шарты негізінде кредитор қабылдаған қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша қамтамасыз ету немесе өзге қамтамасыз ету туралы мәліметтер беріледі. Егер қарыз (шартты міндеттеме) кепілмен, кепілдікпен немесе кепілгерлікпен және анықтамалықта көзделген қамтамасыз етудің өзге де түрлерімен қамтамасыз етілмесе, онда Нысан бойынша мәліметтер берілмейді. Егер қарыз бойынша кепіл туралы жеке шарт жасалмаса, бірақ кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) міндеттемелерді орындамаған кезде кепіл мүлкін өндіріп алу құқығы қарыз шартында көзделсе, тиісті қарыз шарты кепіл туралы шарт ретінде көрсетіледі. Қаржы лизингі бойынша қамтамасыз ету ретінде лизинг мәні көрсетіледі. Кепіл туралы шарт сәйкестендіргіштер арқылы барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттарымен байланысады, олар бойынша тиісті кепіл мүлкі (кепілдік немесе кепілгерлік немесе өзге мүлік) қамтамасыз ету болып табылады. Әрбір кепіл туралы шарттың қарыз (шартты міндеттеме) шартымен байланысы жеке көрсетіледі. Егер кепiл туралы шарт тоқтатылған болса, онда тиiстi есепке алу күнi 2-кестеде ол қамтамасыз еткен қарыздар (шартты мiндеттемелер) бойынша бөлiнген үлестiң жойылғаны көрсетiледi. Егер қарыз (шартты мiндеттеме) шарты тоқтатылған болса, онда тиiстi есепке алу күнi 2-кестеде көрсетiлген қарыз (шартты мiндеттеме) бойынша бөлiнген үлестiң жойылғаны көрсетiледi. 2-кестеде бір қарыз (шартты міндеттеме) шартына кепіл туралы бірнеше шарттың сәйкес келуіне, бір кепіл туралы шартқа бірнеше қарыз (шартты міндеттеме) шартының сәйкес келуіне жол беріледі. Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепке алу күні өзгеріс болған жағдай бойынша жаңартылуы тиіс.
Тармақ 9
9. 1-кестенің 2.2, 3.3.1, 4.1, 4.2, 4.5 және 4.6-жолдарында мәндер анықтамалықтардан таңдап алынады.
Тармақ 10
10. 1-кестенің 1.1 және 1.2-жолдарында кепіл, кепілдік және кепілгерлік немесе өзге де қамтамасыз ету туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі, оның негізінде кредитордың (кепіл ұстаушының) кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) қарыз (шартты міндеттеме) бойынша кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кепіл мүлкінің құнынан қанағаттану, кепілгерге немесе кепілдеме берушіге немесе шартқа сәйкес өзге тұлғаға орындалмаған міндеттеме бойынша талап қоюға құқығы бар. «Шарттың нөмірі», «шарттың күні» көрсеткіштері қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде кепіл шартының немесе өзге де қамтамасыз етудің сәйкестендірушісі болып табылады және шарт туралы мәліметтерді ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгеріссіз болады. Кредитор өзi жасаған кепiл шартының немесе өзге де қамтамасыз етудiң нөмiрi мен күнiне ұқсас көрсеткiштердi көрсетудi қамтамасыз етедi. Егер бір кепіл туралы шарттың шеңберінде қамтамасыз етудің бірнеше түрі көзделсе, осы қамтамасыз ету түрлерінің әрқайсысы осы шарттың нөмірімен және күнімен көрсетіледі. Бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында, егер кредитордың ішкі құжаттарында кепіл туралы шартқа автоматтандырылған жүйелердегі өзге сәйкестендіру нөмірін беру көзделсе, онда кепіл туралы шарттың нөмірі ретінде шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін осы сәйкестендіру нөмірін беруге жол беріледі.
Тармақ 11
11. 1-кестенің 2-жолында кепіл туралы шарттың қолданылу мерзімінің нақты аяқталу күні және кепілді тоқтату негіздемесі көрсетіледі. Кепіл туралы шартты нақты тоқтату күні кепіл туралы шарттың күнінен ерте болмайды және есепті күннен кеш болмайды.
Тармақ 12
12. 1-кестенің 4.1-жолы «Қамтамасыз ету түрі» анықтамалығына сәйкес түрлері бойынша шартта көзделген қамтамасыз етуді жіктеуге арналған.
Тармақ 13
13. 1-кестенің 4.3-жолы кредитордың кепіл саясатына сәйкес есептелген қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған. 1-кестенің 4.4-жолы есепті күнгі соңғы бағалау (қайта бағалау) негізінде басқа түзетулердің дисконттарын қолданғанға дейін қамтамасыз етудің нарықтық құнын көрсетуге арналған. 1-кестенің 4.5-жолы қамтамасыз ету құны ескерілетін шоттың нөмірін көрсетуге арналған. Кепіл құны және нарықтық құн кепіл туралы шарт шеңберінде әрбір қамтамасыз ету бойынша жеке көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 1-кестенің 4.6-жолы кепіл туралы шартқа сәйкес қамтамасыз етуге қабылданған жылжымалы мүлікті тіркеу орнын және жылжымайтын мүліктің орналасқан жерін көрсетуге арналған және жылжымалы және жылжымайтын мүлік болып табылатын қамтамасыз етудің барлық түрлері үшін толтыру міндетті болып табылады.
Тармақ 15
15. 1-кестенің 4.7-жолында жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастрлық нөмір, көлік құралдары үшін – көлік құралының бірегей коды (бар болса), жеке негізде бағаланатын кепіл мүлкінің басқа объектілері үшін – объектіні дәл сәйкестендіретін бірегей нөмір көрсетіледі, қамтамасыз етудің өзге түрлері үшін көрсеткіш берілмейді.
Тармақ 16
16. 1-кестенің 5-жолы және 2-кестенің 4-жолы жағдай бойынша қамтамасыз ету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.
Тармақ 17
17. 2-кестенің 1-жолында тиісті кепіл туралы шарт қамтамасыз ету болып табылатын қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні көрсетіледі. 2-кестенің 2-жолында тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша қамтамасыз ету болатын кепіл туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Кредитор Нысанда қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күнінің қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. 2-кестенің 3.1-жолы тиісті қарызды (шартты міндеттемені) қамтамасыз етуге келетін тиісті кепілдің бір бөлігі құнының осы қарыз бойынша берешекке (шартты міндеттеменің қалдығына) қатынасы ретінде айқындалған қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен өтеу үлесін көрсетуге арналған. 2-кестенің 3.2-жолы тиісті қарызды (шартты міндеттемені) қамтамасыз етуге келетін тиісті кепіл құнының бір бөлігінің осы кепілдің жиынтық құнына қатынасы ретінде айқындалған қарызды (шартты міндеттемені) өтеуге келетін кепіл үлесін көрсетуге арналған. Кепіл құны ретінде провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есепте көрсетілетін резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде енгізілетін қамтамасыз ету құны пайдаланылады. Қарыз бойынша берешек ретінде оған қарсы қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) шегергенге дейін қарыздың баланстық құны пайдаланылады, шартты міндеттемелер бойынша баланстан тыс шоттарда ескерілетін шартты міндеттеменің қалдығы пайдаланылады. Қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен өтеудің бөлінген үлесін және қарызды (шартты міндеттемені) өтеуге келетін кепілдің бөлінген үлесін есептеу резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде жүргізіледі. 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарындағы көрсеткіштер кредиторда тиісті ақпарат болған кезде толтыру үшін міндетті болып табылады.
Басқа 3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 20 қазандағы № 91 Қаулыға 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_CS1 Кезеңділігі: ай сайын – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, ипотекалық ұйымдар болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы; тоқсан сайын – ипотекалық ұйым болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Есепті кезең: 20__ жылғы 1 «________» жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, Ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары және ипотекалық ұйымдар болып табылатын, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор) Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін (қоса алғанда) Нысан № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Мәні 1 2 3 1 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.1 шарт нө­мі­рі 1.2 шарт кү­ні 2 Ағым­да­ғы та­лап­тар мен есеп­ті ке­зең­де­гі қа­ра­жат қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ақ­па­рат: 2.1 Есеп­ті ке­зең­де есеп­тел­ді (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен): 2.1.1 сый­а­қы 2.1.2 ай­ып­пұл­дар мен өсім­пұл­дар 2.2 Есеп­ті ке­зең­де бе­ріл­ді (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.3 Есеп­ті ке­зең­де нақ­ты бе­рі­л­ген кү­ні 2.4 Есеп­ті ке­зең­де өтел­ді (тең­ге­мен) 2.5 Негіз­гі бо­рыш қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен): 2.5.1 мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 2.5.2 мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек 2.5.3 ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек 2.5.4 ке­ші­рі­л­ген бе­ре­шек 2.6 Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша шот нө­мі­рі: 2.6.1 мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 2.6.2 мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек 2.7 Есеп­тел­ген сый­а­қы қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен): 2.7.1 өтел­ме­ген 2.7.2 мер­зі­мі өт­кен 2.7.3 ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған 2.7.4 ке­ші­рі­л­ген 2.8 Сый­а­қы бой­ын­ша шот нө­мі­рі: 2.8.1 мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 2.8.2 мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек 2.9 Шар­тты мін­дет­те­ме­лер қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.10 Шар­тты мін­дет­те­ме­лер шо­ты­ның нө­мі­рі 2.11 Есеп­тел­ген тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл, өсім­пұл) қал­ды­ғы (тең­ге­мен): 2.11.1 өтел­ме­ген 2.11.2 ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған 2.11.3 ке­ші­рі­л­ген 2.12 Оң (те­ріс) тү­зе­ту (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.13 Оң (те­ріс) тү­зе­ту бой­ын­ша шот­тың нө­мі­рі 2.14 Дис­конт (сый­лы­қа­қы) (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сы­мен) 2.15 Дис­конт (сый­лы­қа­қы) бой­ын­ша шот нө­мі­рі 2.16 Мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­ті шот­қа шы­ға­ру кү­ні: 2.16.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 2.16.2 сый­а­қы бой­ын­ша 2.17 Мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­ті өтеу кү­ні: 2.17.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 2.17.2 сый­а­қы бой­ын­ша 2.18 Ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ру кү­ні: 2.18.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 2.18.2 сый­а­қы бой­ын­ша 2.19 Бе­ре­шек ке­ші­рі­л­ген күн: 2.19.1 негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша 2.19.2 сый­а­қы бой­ын­ша 3 Есеп­ті ке­зең­де қай­та құ­ры­лым­дау: 3.1 қай­та құ­ры­лым­дау бел­гі­сі 3.2 қай­та құ­ры­лым­да­уды жүр­гі­зу кү­ні 4 Есеп­ке алу кү­ні Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы _____________________________________ ___________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ________________________________________ _________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 3.0. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп (индексі - CR_CS1, кезеңділігі - ай сайын немесе тоқсан сайын)
Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп (индексі - CR_CS1, кезеңділігі - ай сайын немесе тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп» әкімшілік деректер жинау нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі. Коэффициенттер мен пайыздар үтірден кейін көп дегенде төрт таңбаны көрсете отырып, сан форматында көрсетіледі. Шетел валютасындағы қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша беру, есептеу сомасы, есепті күндегі берешек қалдығы шетел валютасымен және теңгемен баламада көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер «КК.АА.ЖЖЖЖ», мұнда «КК» - күні, «АА» - айы, «ЖЖЖЖ» - жылы форматында көрсетіледі. Уақытсыз күнін көрсету көзделген жағдайларда уақыты көрсетілген күннің 0 сағаты 00 минуты 00 секунды ретінде қабылданады.
Тармақ 6
6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Шоттар нөмірлері.
Тармақ 8
8. Нысанда есепті кезеңдегі қаражат қозғалысы туралы, қарыздар шарттары бойынша міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің өзгерістері және ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер беріледі. Қазақстан Республикасының бейрезидент филиалы үшін баланс деп активтер мен міндеттемелер туралы есеп түсініледі. Нысанның көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына байланысты болады және есепті күні жаңартылуы тиіс. Кредитор Нысандағы қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді. 9. 2.6, 2.8, 2.10, 2.13 және 2.15-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады. 10. 2.2 және 2.3-жолдар есепті кезеңде берілген қарыздың немесе шартты міндеттеме бойынша пайдаланылған лимиттің сомасын және оны беру (пайдалану) күнін көрсетуге арналған. Егер есепті кезеңде қарыз бөліп-бөліп берілген болса, қарыз бөліктері сомасының және қарыздың тиісті бөлігін нақты беру күнінің массиві көрсетіледі. Нақты беру күні есепті кезеңнің басталу күнінен ертерек және міндеттеме тоқтатылуының нақты күнінен немесе есепті кезеңнің аяқталу күнінен кеш болуына жол берілмейді. Қарыз беру кредитордың бөлімшесіне бармай жүзеге асырылатын, берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары және овердрафт бойынша 2.2-жолда берілген қарыз сомасы бөліктерге бөлінбей бір сомамен көрсетіледі, 2.3-жол толтырылмайды.
Тармақ 11
11. 2.4-жолда қарыз алушының осы қарыз бойынша негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар мен өсімпұлдар, қарыз бойынша комиссиялар кіретін барлық міндеттемелерін өтеу есебіне қарыз алушы есепті кезең ішінде нақты енгізген ақшалай қаражатының сомасы көрсетіледі. Берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары және овердрафт бойынша есепті кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 2.5 және 2.6-жолдар қарыз бойынша мерзімі өтпеген, мерзімі өткен негізгі борыш қалдықтарының сомаcын және сома есепке алынатын шот нөмірін, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша негізгі борыштың есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомаcын көрсетуге арналған. Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін негізгі борыш бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын білдіреді. Берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары үшін лимиттің игерілген бөлігі осы көрсеткіш бойынша көрсетіледі, төлем карточкасы бойынша қаражаттың артық жұмсалуын көрсету үшін қосымша жол көзделген. «Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)» көрсеткіші бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді. Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 13
13. 2.7 және 2.8-жолдар қарыз бойынша есептелген сыйақының өтелмеген, мерзімі өткен қалдықтарының сомасын, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген сыйақының есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған. Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін есептелген сыйақы бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын бiлдiредi. Есептелген сыйақының қалдығы бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді. Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 14
14. 2.9 және 2.10-жолдар есепті күнгі жағдай бойынша шартты міндеттеме сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған. Екі шотта қалдық болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі. Шартты міндеттеме қалдығы бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді. Көрсеткіштер барлық шартты міндеттемелер үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 15
15. 2.11-жол өтелмеген қалдық сомасын, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомасын көрсетуге арналған. Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын білдіреді. «Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығы» көрсеткіші бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді. Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 16
16. 2.12, 2.13, 2.14 және 2.15-жолдар оң (теріс) түзету, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған. Екі әр түрлі шот нөмірлерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомасы болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 2.16-жолда негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күндері «Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні: негізгі қарыз бойынша» және «Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні: сыйақы бойынша» деген жолдарда бөлек көрсетіледі. Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні ретінде шартта белгіленген негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша кезекті өтелмеген төлемді өтеу мерзімі бұзылған күн көрсетіледі. Негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша баланста есепте тұрған немесе баланстан есептен шығарылған мерзімі өткен берешек қалдығы болмаған жағдайда, негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні көрсетілмейді. Көрсеткіш есепті күнге негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша баланста есепте тұрған немесе баланстан есептен шығарылған мерзімі өткен берешектің қалдығы бар барлық қарыздар үшін толтыру міндетті болып табылады.
Тармақ 18
18. 2.17-жолда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша есепті кезең ішінде жүргізілген мерзімі өткен берешекті толығымен немесе ішінара өтеу күні көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 2.19-жолда есепті кезең ішінде жүргізілген негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толығымен немесе ішінара кешіру күні көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 3-жол жүргізілген күнін көрсете отырып, есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген қарыздарды сәйкестендіруге арналған. Қайта құрылымдау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (бұдан әрі - № 269 қаулы) сәйкес анықталады. Егер қарыз жаңа қарыз шартын жасау жолымен қайта құрылымдалған болса, қайта құрылымдау туралы мәліметтер жаңа шартта көрсетіледі. Егер есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген болса, онда 2.23.1-жолда «1» мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда «0» көрсетіледі немесе көрсеткіш берілмейді. Көрсеткіш есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 21
21. 4-жол қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.
Басқа 4. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 20 қазандағы № 91 Қаулыға 4-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына 6-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_PRA1 Кезеңділігі: ай сайын – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, ипотекалық ұйымдар болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы; тоқсан сайын – ипотекалық ұйым болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Есепті кезең: 20__жылғы 1 «________» жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор) Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін (қоса алғанда) Нысан 1-кесте. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Мәні 1 2 3 1 Қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) шар­ты бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.1 шар­ттың нө­мі­рі 1.2 шар­ттың кү­ні 2 Про­ви­зи­я­лар және тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 2.1 Ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) нақ­ты қа­лып­та­сты­ры­л­ған со­ма­сы (тең­ге­мен): 2.1.1 ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша 2.1.2 уәкі­лет­ті ор­ган­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша 2.2 Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) бой­ын­ша шот­тың нө­мі­рі 2.3 Ре­зерв­теу мөл­шер­ле­ме­сі (пай­ы­з­бен) 2.4 Порт­фель­дік ак­тив­тер­ге жат­қы­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 2.4.1 Бір­тек­ті ак­тив­тер порт­фе­лі­нің ата­уы 2.4.2 Құн­сызда­ну бел­гі­ле­рі жоқ же­ке ак­тив­тер порт­фе­лі­нің ата­уы 2.5 Қар­жы ак­ти­ві бой­ын­ша ба­стап­қы ти­ім­ді пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме­ні пай­да­ла­на оты­рып дис­конт­тал­ған бо­ла­шақ ақ­ша ағы­ны­ның кел­ті­рі­л­ген құ­ны 2.6 Құн­сызда­ну бел­гі­ле­рі 2.7 Кре­дит­тік тәу­е­кел­дің ұл­ғаю бел­гі­ле­рі 2.8 Кре­дит­тік тәу­е­кел ке­зе­ңі 2.9 Де­фолт­тың ба­ста­лу ық­ти­мал­ды­ғы (пай­ы­з­бен): 2.9.1 қары­здың (шар­тты мін­дет­те­ме­нің) ба­стап­қы та­ны­лу кү­ніне он екі ай ішін­де 2.9.2 қары­здың (шар­тты мін­дет­те­ме­нің) ба­стап­қы та­ны­лу кү­ніне кү­ті­ле­тін қол­да­ны­лу мер­зі­мі ішін­де 2.9.3 он екі ай ішін­де 2.9.4 қары­здың кү­ті­ле­тін қол­да­ны­лу мер­зі­мі ішін­де 2.10 Де­фолт жағ­дай­ын­да шы­ғын дең­гейі (пай­ы­з­бен) 2.11 Де­фолт тәу­е­ке­ліне ұшы­ра­ған қарыз бой­ын­ша та­лап­тар (тең­ге­мен) 2.12 Есеп­ті күн­ге қарыз алушы­ның іш­кі рей­тин­гі 2.13 Кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ра­лан­ған қары­здың (шар­тты мін­дет­те­ме­нің) са­на­ты 2.14 Шар­тты мін­дет­те­ме бой­ын­ша кон­вер­сия ко­эф­фи­ци­ен­ті (пай­ы­з­бен) 2.15 Бо­рыш жүк­те­ме­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті (пай­ы­з­бен) 2.16 Бо­рыш жүк­те­ме­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­тін есеп­теу кү­ні 3 Есеп­ке алу кү­ні 2-кесте. Қамтамасыз ету бойынша тәуекелдерді бағалу туралы есеп № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Мәні 1 2 3 1 Ке­піл ту­ра­лы шарт бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 1.1 ке­піл ту­ра­лы шар­ттың нө­мі­рі 1.2 ке­піл ту­ра­лы шар­ттың кү­ні 1.3 қам­та­ма­сыз ету тү­рі 1.4 ке­піл мүл­кі объ­ек­ті­нің сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 2 Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 2.1 Про­ви­зи­я­лар­ды есеп­теу мақ­сат­та­ры үшін өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті 2.2 Ке­піл мүл­кін са­ту мер­зі­мі (ай­лар­мен) 2.3 Ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) есеп­теу ке­зін­де қо­сы­ла­тын қам­та­ма­сыз ету құ­ны (тең­ге­мен) 2.4 Тәу­ел­сіз ба­ға­лау ком­па­ни­я­сы­ның ба­ға­лау ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рі 2.4.1 Тәу­ел­сіз ба­ға­лау ком­па­ни­я­сы­ның ба­ға­ла­уы бой­ын­ша на­рық­тық құ­ны (тең­ге­мен) 2.4.2 Тәу­ел­сіз ба­ға­лау ком­па­ни­я­сы жүр­гіз­ген ба­ға­лау (қай­та ба­ға­лау) кү­ні 2.4.3 Тәу­ел­сіз ба­ға­лау ком­па­ни­я­сы ту­ра­лы сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі: 2.​4.​3.​1 сәй­кестен­дір­гіш тү­рі 2.​4.​3.​2 сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 2.​4.​3.​3 ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)) 2.5 Іш­кі ба­ға­лау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 2.5.1 Кре­ди­тор­дың іш­кі ба­ға­ла­уы бой­ын­ша на­рық­тық құ­ны (тең­ге­мен) 2.5.2 Кре­ди­тор жүр­гіз­ген ба­ға­лау (қай­та ба­ға­лау) кү­ні 3 Есеп­ке алу кү­ні Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы _____________________________________ ___________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ________________________________________ _________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 4.0. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп (индексі – CR_PRA1, кезеңділігі – ай сайын немесе тоқсан сайын)
Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп (индексі – CR_PRA1, кезеңділігі – ай сайын немесе тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп» әкімшілік деректер жинау нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі. Коэффициенттер мен пайыздар үтірден кейін көп дегенде төрт таңбаны көрсете отырып, сан форматында көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер «КК.АА.ЖЖЖЖ», мұнда «КК» - күні, «АА» - айы, «ЖЖЖЖ» - жылы форматында көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме 7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Шоттар нөмірлері; Портфельдер; Құнсыздану белгілері; Кредиттік тәуекелдің ұлғаю белгілері; Кредиттік тәуекелдер кезеңдері; Қарыз алушының ішкі рейтингтері; Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған қарыздың (шартты міндеттеменің) санаттары; Қамтамасыз ету түрлері; Бағалаушылар; Сәйкестендіргіштер түрлері.
Тармақ 8
8. Нысанда кредитор жеке, біртекті немесе құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер ретінде сыныптаған қарыздар (шартты міндеттемелер) шарттары бойынша бөле отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы, қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдерді бағалау үшін, қамтамасыз ету бойынша тәуекелдерді бағалау үшін қажетті өлшемдер мен сипаттамалар туралы мәліметтер беріледі. 1 және 2-кестелердің көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына және кепіл туралы шарттарға байланысты болады және есепті күні жаңартуға жатады. Кредитор 1-кестедегі қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкес келуін, 2-кестедегі кепіл туралы шарттың нөмірі мен күнінің, қамтамасыз ету түрінің және кепіл мүлкі объектісінің сәйкестендіру нөмірінің қамтамасыз ету туралы есепте көрсетілген кепіл туралы шарттың нөмірі мен күніне, қамтамасыз ету түрі мен кепіл мүлкі объектісінің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. 1-кестенің 2.2, 2.4, 2.6, 2.7, 2.8, 2.12 және 2.13-жолдарындағы және 2-кестенің 1.3, 2.4.3 және 2.4.3.1-жолдарындағы мәндер анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 10
10. 1-кестенің 2.1 және 2.2-жолдары есепті күнгі жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған қарыз (шартты міндеттеме) бойынша резервтер (провизиялар) сомасын және сомасы ескерілетін шот нөмірін, уәкілетті органның талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) сомасын көрсетуге арналған. Төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкалары бойынша кредиттік лимиттің игерілген және игерілмеген бөліктері бойынша резервтердің (провизиялардың) сомаларын көрсету үшін жеке жолдар көзделген.
Тармақ 11
11. 1-кестенің 2.3-жолында резервтеу мөлшерлемесінің мәні оң болып табылады және 100 (бір жүз) пайыздан аспайды.
Тармақ 12
12. 1-кестенің 2.4-жолы портфельдік активтерге жатқызылған қарыздар (шартты міндеттемелер) шарттары үшін толтырылады. 1-кестенің 2.4.1-жолы шартты біртекті активтер портфеліне жатқызған кезде, 1-кестенің 2.4.2-жолы шартты құнсыздану белгілері жоқ жеке активтерге жатқызған кезде толтырылады. Портфельдер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.
Тармақ 13
13. 1-кестенің 2.5-жолы барлық сценарийлерді ескере отырып, қаржы активі бойынша бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемесін пайдалана отырып дисконтталған болашақ ақша ағынының келтірілген құнын көрсетуге арналған. Көрсеткіш құнсыздану белгілері анықталған жеке ретінде сыныпталған барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.
Тармақ 14
14. 1-кестенің 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11 және 2.12-жолдарында көрсеткіштердің мәндері № 269 қаулыға сәйкес айқындалады. 1-кестенің 2.6 және 2.7-жолдарында бірнеше мән көрсетуге рұқсат етіледі. 1-кестенің 2.9 және 2.10-жоларында мәндер оң болып табылады және 100 (бір жүз) пайыздан аспайды. Құнсыздану белгілері, кредиттік тәуекелдің ұлғаю белгілері, қарыз алушының ішкі рейтингтері анықтамалықтарын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтардағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.
Тармақ 15
15. 1-кестенің 2.13, 2.14 және 2.15-жолдарында мәндер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына сәйкес айқындалады.
Тармақ 16
16. 1-кестенің 3-жолы және 2-кестенің 3-жолы провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойыша күндерді көрсетуге арналған.
Тармақ 17
17. 2-кестенің 2.1, 2.2 және 2.3-жолдарында көрсеткіштердің мәндері № 269 қаулыға сәйкес айқындалады.
Тармақ 18
18. 2-кестенің 2.3-жолы дисконттар мен өзге де түзетулерді қолданғанға дейін резервтер (провизиялар) есебіне енгізілетін қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған. 2-кестенің 2.4.1 және 2.5.1-жолдары бағалауды (қайта бағалауды) есепке алу күніне соңғысын негізге ала отырып, дисконттарды және өзге де түзетулерді қолданғанға дейін қамтамасыз етудің нарықтық құнын көрсетуге арналған. Бағалаушылар анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады. 1-кестенің 2.6, 2.7, 2.9, 2.10, 2.11, 2.12, 2.13 және 2.14-жолдарындағы және 2-кестенің 2.1 және 2.2-жолдарындағы көрсеткіштердің мәндері кредиторда тиісті ақпарат болған кезде толтыру үшін міндетті болып табылады.