О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2018 года № 391 «Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды жою актісінде көрсетілген күн тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі пайдалануға жарамсыз деп тану күні болып танылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.