О признании утратившим силу приказа исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 71 «Об утверждении перечня налогоплательщиков, осуществляющих на территории Республики Казахстан деятельность в рамках контракта на недропользование, соглашения (контракта) о разделе продукции, в соответствии с условиями которого освобождаются от налога на добавленную стоимость импортируемые товары» Қолданыста
Басқа 0
«Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 71 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 71 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16752 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі