О признании утратившим силу приказа исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 72 «Об утверждении перечня налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в рамках межправительственного соглашения о сотрудничестве в газовой отрасли, обороты которых по реализации на территории другого государства-члена Евразийского экономического союза продуктов переработки из давальческого сырья, ранее вывезенного этими налогоплательщиками с территории Республики К Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 72 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 72 бұйрығының (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16641 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экномика министрлігі