О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 863 «Об утверждении Типовых правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат» Қолданыста
Басқа 0
«Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларында және өкілдік шығындардың нормаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өкілдік шығындар – бұл тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге пайдаланылатын қаражат.
Өкiлдік шығындарға:
1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жай жалдауға;
2) автокөлiктік қызмет көрсетуге;
3) аудармашылардың қызметiн төлеуге;
4) ресми түскi астарға, кешкi астарға, фуршеттерге;
5) кәдесыйлар, естелiк сыйлықтар сатып алуға;
6) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының тиісті тәртібі негізінде жүзеге асырылады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі іс-шаралар өткізілгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына бірінші басшының (оны ауыстыратын тұлғаның) қолын қойдырып өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті тапсырады, ол мыналарды қамтиды:
1) іс-шараны жүргізу үшін негіздеме, осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген шығыстар сметасы мен құжаттар;
2) өткізілген іс-шараға қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;
3) шығыстар сметасы бойынша іс жүзіндегі шығындарды растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері, шарттар).
7. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы өкілдік шығындардың қажеттілігін осы шығындардың жүзеге асырылу қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелері негізінде жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуын ескере отырып айқындайды.»;
9-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.