О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 28 февраля 2019 года № 155 «Об утверждении перечня отдельных товаров, работ, услуг, при государственных закупках которых к потенциальным поставщикам и поставщикам могут быть установлены дополнительные требования» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18359 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1229 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі № Ата­уы Қо­сым­ша та­лап 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер: 1.1. Ме­ди­ци­на­лық қа­рап тек­се­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер Ме­ди­ци­на­лық қа­рап тек­се­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­те­тін әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер және өнім бе­ру­ші­лер көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­ді са­тып алу жос­пар­ла­на­тын ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің (об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла және аста­на) ау­ма­ғын­да бо­лу­ға ти­іс 1.2. Та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер Та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­те­тін әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер және өнім бе­ру­ші­лер көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­ді са­тып алу жос­пар­ла­на­тын ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің (об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла және аста­на) ау­ма­ғын­да бо­лу­ға ти­іс 1.3. Ме­ди­ци­на­лық қал­дық­тар­ды кә­де­ге жа­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер Ме­ди­ци­на­лық қал­дық­тар­ды кә­де­ге жа­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­те­тін әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер мен өнім бе­ру­ші­лер ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің (об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла және аста­на) ау­ма­ғын­да бо­лу­ға ти­іс 1.4. Кор­по­ра­тив­тік бас­қа­ру­ға тәу­ел­сіз ба­ға­лау жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер Кор­по­ра­тив­тік бас­қа­ру­ға тәу­ел­сіз ба­ға­лау жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­те­тін әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер мен өнім бе­ру­ші­лер кор­по­ра­тив­тік бас­қа­ру жүй­е­ле­рін ба­ға­лау бой­ын­ша қыз­мет­ке ке­мін­де бес жыл неме­се Қа­зақ­стан­да да, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан­нан тыс жер­лер­де де он ірі ком­па­ни­яда тә­жі­ри­бе­нің бо­луы ти­іс 1.5. Гүл­дер­ді са­тып алу мен олар­ды кү­тіп ұстау бой­ын­ша қыз­мет­тер Гүл­дер­ді жет­кі­зу мен олар­ды кү­тіп ұстау бой­ын­ша қыз­мет­тер­ді ұсы­на­тын әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер мен өнім бе­ру­ші­лер осы қыз­мет­тер­ді са­тып алу жос­пар­лан­ған ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің (об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла және аста­на) ау­ма­ғын­да ор­на­ла­суы ти­іс