О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2019 года № 225 «Об утверждении перечня, форм, сроков представления отчетности кредитным бюро и Правил ее представления» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес кредиттік бюро есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есептің нысаны; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес есепті тоқсан ішінде қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.»; 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 7-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 1. Кредиттік бюро есептілігінің тізбесі
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 1-қосымша Кредиттік бюро есептілігінің тізбесі Кредиттік бюроның есептілігінде:
Тармақша 1
1) кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп;
Тармақша 2
2) есепті тоқсан ішінде қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп қамтылады.
Басқа 2. Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны және ақпаратты берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны және ақпаратты берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: Pril_2 Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезең: 20__ жылғы «______» ____________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей. Нысан 1-кесте. Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы есеп № Көрсеткіштің атауы Есепті кезеңдегі кредиттік тарихтың саны Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік тарихтың саны 1 2 3 4 1 Кредиттік тарихтың жалпы саны6 оның ішінде 1.1 жеке тұлғалар бойынша 1.2 заңды тұлғалар бойынша 2-кесте. Ақпаратты берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп № Ақ­па­рат бе­ру­ші­нің ата­уы Биз­нес - сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін, оның ішін­де же­ке кә­сіп­кер үшін) Есеп­ті ке­зең­де­гі қары­здар бе­ру, қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі шар­ттар­дың са­ны Есеп­ті ке­зең­де­гі шар­тты мін­дет­те­ме­лер жө­нін­де­гі шар­ттар­дың са­ны бар­лы­ғы оның ішін­де бар­лы­ғы оның ішін­де же­ке тұ­лға­лар бой­ын­ша да­ра кә­сіп­кер­лер бой­ын­ша заң­ды тұ­лға­лар бой­ын­ша же­ке тұ­лға­лар бой­ын­ша да­ра кә­сіп­кер­лер бой­ын­ша заң­ды тұ­лға­лар бой­ын­ша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер 1.1 1.n 2 Банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар 2.1 2.n 3 Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар 3.1 3.n 4 Та­у­ар­лар­ды және көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi кре­дит­ке өт­кi­зетiн не тө­лем­дер­дiң мерзi­мiн ұзар­та­тын же­ке кәс­iп­кер­лер неме­се заң­ды тұ­лға­лар 4.1 4.n 5 «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы 6 Ком­му­нал­дық қыз­мет көр­се­те­тін та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­ле­рі 6.1 6.n 7 Кол­лек­тор­лық агент­тіктер 7.1 7.n 8 Ақ­па­рат бе­ру ту­ра­лы шар­ттар негі­зін­де өзге де тұ­лға­лар 8.1 8.n Бар­лы­ғы кестенің жалғасы Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап қарыздар беру, қызметтер көрсету жөніндегі шарттардың саны Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны Ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні барлығы оның ішінде барлығы оның ішінде жеке тұлғалар бойынша дара кәсіпкерлер бойынша заңды тұлғалар бойынша жеке тұлғалар бойынша дара кәсіпкерлер бойынша заңды тұлғалар бойынша 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Атауы _______________________________________________________ Мекенжайы _______________________________________________________________ Телефоны ________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________ Орындаушы ______________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _____________________ ____________________________________________________ _________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы Күні 20__ жылғы «______» ______________
Басқа 2-1. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есептің нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп (индексі: Pril_2, кезеңділігі тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Кредиттік бюро Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға орындаушы және басшы немесе ол есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 1-кестенің 3-бағанында есепті кезеңде кредиттік тарих дерекқорына енгізілген кредиттік тарихтың саны көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 1-кестенің 4-бағанында үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік тарих дерекқорына енгізілген кредиттік тарихтың саны көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарында тиісінше есепті тоқсан ішінде кредиттік бюроның дерекқорына түскен қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 2-кестенің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарында үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік бюроның дерекқорына түскен қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 2-кестенің 20-бағанында ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 2-кестенің 3-жолында «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 2-кестенің 4-жолында жүйелендiрiлген белгiлерi «Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 25 қаулысында тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Басқа 3. Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: Pril_3 Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезең: 20__ жылғы «______» ____________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын. Нысан Кесте. Қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп № Клиенттің атауы Негізі Қызметтің атауы Қызметтің құны, мың теңгемен Қызмет көрсету күні 1 2 3 4 5 6 1. 1-қызмет түрі 1.1 1.n 2. 2-қызмет түрі 2.1 2.2 2.n n. n қызмет түрі n.1 n. n Барлығы Атауы _______________________________________________________ Мекенжайы ________________________________________________________ Телефоны ________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________ Орындаушы ______________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)    қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол функциясы жүктелген адам _____________________________________________ ______________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)      қолы Күні  20__ жылғы «______» __________________
Басқа 3-1. Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп (индексі: Pril_3, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысанына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп (индексі: Pril_3, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы екінші бөлігіне және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Кредиттік бюро Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға орындаушы мен басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 2-бағанның 1, 2 және n-жолдарында «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағында көзделген шеңберінде есепті тоқсан ішінде қызметтер көрсетілген қосымша қызмет түрлерінің атаулары көрсетіледі.
Басқа 4. Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 4-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 4-қосымша Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы екінші бөлігіне, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Есептілік «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйені пайдалану арқылы электрондық форматта ұсынылады.
Тармақ 3
3. Кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
Тармақ 4
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.