О внесении изменения в решение маслихата от 28 августа 2020 года № 531 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9424 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне, табыстарын есепке алмай, 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.