О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 6С-53/2-20 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Ерейментауском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С-53/2-20 «Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С-53/2-20 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8124 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына сәйкес есептеледі.»;
6-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.