О внесении изменений в решение Тюлькубасского районного маслихата от 28 декабря 2020 года № 65/4-06 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тюлькубасском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 65/4-06 «Түлкібас ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас аудандық мәслихатының «Түлкібас ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 65/4-06 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-қосымшаның 1-тармағының 5-абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.»; 1-қосымшаның 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.