О внесении изменений в решение акима Уилского района от 28 июня 2021 года № 1 «Об образовании избирательных участков на территории Уилского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойыл ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ойыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ойыл ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23251 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: № 397, № 408 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын: «№ 397 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Қаратал ауылы Ж.Жүсібалиев көшесі 2, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Берсиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратал ауылы: Ш.Берсиев, Әбілқайыр хан, Ақтөбе, Абай, Ө.Бақаев, И.Қарағұлов, Шәкәрім, Ж.Жүсібәлиев, Республика, Бейбітшілік, З.Баймолдина, Көкжар, Тәуелсіздік, Сүлеймен әулие, Қобыланды батыр, Ә.Молдағұлова көшелері.» «№ 408 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Саралжын ауылдық округі Саралжын ауылы Көктал көшесі 2, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесінің шекаралары: Саралжын ауылы: Ә.Дербісәлин, Алаш, Ботагөз-2, Ақтөбе, Қазақстан, И.Құрманов, Көктал, Қ.Шоланов, Таубатыр, Бейбітшілік, С.Керімбаева көшелері; Коңырат ауылы: Қоңырат, Ойыл көшелері.»
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы