О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министр культуры и информации Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 123 «Об утверждении Правил подушевого нормативного финансирования творческих кружков для детей и юношества» Қолданыста
Басқа 0
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электрондық қатысу табелінде көрсетілген мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың мәртебесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді;
4) электрондық қатысу табелінде көрсетілген балалардың мәртебесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің цифрлық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Оператор электрондық есепті мақұлдағаннан кейін өнім беруші электрондық шот-фактура мен көрсетілген қызметтер актісін ұсынады, олар цифрландыру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – цифрлық жүйе) электрондық төлем шотын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.»;
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Оператор қаржы саласындағы уәкілетті органның қазынашылықтың цифрлық жүйесі арқылы төлемдерді жөнелтуді жүзеге асырады:»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру міндеттерін жүзеге асыратын цифрлық жүйе электрондық шот-фактураларды ұсыну, оларды келісу, оператор мен өнім беруші арасында қол қою және күшін жою міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саласындағы уәкілетті орган қазынашылығының цифрлық жүйесімен интеграцияланады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі