Об отмене карантинного режима на территории Акмолинской области и внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 28 мая 2021 года № А-5/270 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Акмолинской области» Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 12 наурыздағы № 03-08-93 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жүйелі тексеру нәтижелері бойынша карантиндік аймақ белгіленген сәттен бастап 3 (үш) жыл бойы карантиндік объект – жатаған (қызғылт) укекіре анықталмуына байланысты Ақмола облысының аумағындағы келесі аудандардан карантиндік аймақтың күшін жоюды:
Тармақша 1
1) Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі, залалданған алаң – 125 гектар;
Тармақша 2
2) Егіндікөл ауданы, Алакөл ауылдық округі, залалданған алаң – 86 гектар, Узынкөл ауылдық округі, залалданған алаң – 374 гектар, Бауман ауылы, залалданған алаң – 100 гектар;
Тармақша 3
3) Біржан сал ауданы, Макинск аулдық округі, залалданған алаң – 91 гектар;
Тармақша 4
4) Есіл ауданы, Бұзылық ауылдық округі, залалданған алаң – 1041 гектар; Красивинский ауылдық округі, залалданған алаң – 472 гектар;
Тармақша 5
5) Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, залалданған алаң – 378 гектар, Белағаш ауылы, Жақсы-Державинск автожолы, залалданған алаң – 55 гектар;
Тармақша 6
6) Жарқайын ауданы, Львов ауылы, залалданған алаң – 4 932 гектар;
Тармақша 7
7) Зеренді ауданы, Зеренді ауылдық округі, залалданған алаң – 80 гектар;
Тармақша 8
8) Сандықтау ауданы, Веселов ауылдық округі, залалданған алаң – 2 гектар, Мәдениет ауылы, залалданған алаң – 464 гектар;
Тармақша 9
9) Целиноград ауданы, Родина ауылдық округі, залалданған алаң – 300 гектар, Жаңаесіл ауылдық округі, залалданған алаңы –758 гектар;
Тармақша 10
10) Шортанды ауданы, Бектау ауылдық округі, залалданған алаңы – 281 гектар.
Тармақ 2
2. «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/117 қаулысына
1-қосымша
Акмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№
Аудандардың атауы
Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің және ауылдардың атаулары
Залалданған алаң (гектар)
1
Ақкөл
ауылдық округтері: Новорыбин,Урюпин
392
2
Астрахан
ауылдық округтері: Астрахан, Есіл, Ұзынкөл, Николаев, Острогор, Новочеркаск, Первомай;
Каменка ауылы
13 968,7737
3
Атбасар
Атбасар қаласы;
ауылдық округтері: Макеев, Сергеев, Шұңкыркөл, Ярослав;
ауылдар: Бастау, Новосельское
4 268,3489
4
Аршалы
ауылдық округтері: Жібек жолы, Бірсуат, Константинов
960
5
Біржан сал
ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат;
Мамай ауылы
2572
6
Егіндікөл
ауылдық округтері: Алакөл, Жалманқұлақ, Спиридонов, Ұзынкөл;
ауылдар: Абай, Бауман, Буравестник, Егіндікөл
17 851,3
7
Ерейментау
Еркіншілік ауылдық округі
900
8
Есіл
ауылдық округтері: Бұзылық, Двуреченый, Жаныспай, Қаракөл, Красивинский, Свободный;
ауылдар: Ақсай, Московский;
Красногорский кенті
20 577,93
9
Жарқайың
Державин қаласы;
ауылдық округтері: Уәлихан, Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный;
ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Үшқарасу, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл
86 838,3
10
Жақсы
ауылдық округтері: Беловод, Жаңа Қийма, Запорожье, Ешім, Калинин, Қызылсай, Тарасов;
ауылдар: Белағаш, Жақсы, Киевское, Новокиенка, Подгорное, Терісаққан
14 239,9536
11
Зеренді
ауылдық округтері: Зеренді, Троицк, Қанай би, Күсеп
2 290
12
Сандықтау
ауылдық округтері: Барақпай, Веселов, Жамбыл, Максимов, Сандықтау, Широков;
Мәдениет ауылы
4 668
13
Қорғалжын
ауылдық округтері: Амангелді, Арықты, Қарашалғын, Кеңбидайық, Қорғалжын, Қызылсай, Майшұкыр
36 998,26
14
Целиноград
ауылдық округтер: Арайлы, Жаңаесіл, Жарлыкөл, Рахымжан Қошқарбаев, Нұресіл, Оразақ, Родина, Софиевка, Шалқар;
ауылдар; Мәншүк Мәметова, Ақмол
36 656,1077
15
Шортанды
ауылдық округтері: Андреевка, Бектау, Бозайғыр, Дамса, Новокубанка, Петровка, Раевка, Новоселовка, Пригородный; Шортанды кенті
19 340,369
Барлығы:
262 521,3429
Басқа 2. Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – далалық арамсояумен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/117 қаулысына
2-қосымша
Акмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – далалық арамсояумен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№
Аудандардың атауы
Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің және ауылдардың атауы
Залалданған алаң (гектар)
1
Атбасар
Атбасар қаласы
1
2
Есіл
ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Красивинский, Интернациональный, Свободный
45
3
Жақсы
ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай
10,188
4
Жарқайың
Державинск қаласы;
ауылдық округтері: Жаңадала, Отрадный, Пятигор;
ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Пригород, Далабай
69,3
5
Зеренді
Айдабол ауылдық округі
0,4884
6
Сандықтау
ауылдық округтері: Балқашин, Сандықтау, Широков
6,9
Барлығы:
132,8764
Басқа 3. Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/117 қаулысына
3-қосымша
Акмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
3-қосымша
Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№
Ауданның атауы
Аулдық округтердің атауы
Залалданғаң алан (гектар)
1
Сандықтау
Балкашин аулдық округі
17,5
Белгород аулдық округі
35
Барлығы:
52,5