О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 28 мая 2021 года № 7С 4/9 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Атбасарском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 «Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22934 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептеледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.