О внесении дополнения в постановление акимата района Аққулы от 28 сентября 2022 года № 1-03/260 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики и развития языков района Аққулы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 1-03/260 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 1-03/260 «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 172444) келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде (бұдан әрі - Ереже): Ереженің 20-тармағы 29); 30) тармақшаларымен келесідей мазмұнда толықтырсын: 29) Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды; 30) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдарда маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады».
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді; осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды; осы қаулының Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.