О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 28 января 2022 года № 30 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақта:
26-14), 26-15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«26-14) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
26-15) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21), 26-22), 26-23), 26-24), 26-25) тармақшалармен толықтыру:
«26-16) тиісті аумақта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
26-17) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тартуға жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
26-18) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
26-19) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ғылым жөніндегі өңірлік кеңесті құрады;
26-20) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) жарғылық капиталына қатысады;
26-21) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
26-22) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп қатысады;
26-23) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
26-24) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және оларды іске асыруды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
26-25) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітеді;».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.