О внесении изменения в решение акима Шардаринского района от 28 декабря 2023 года № 10 «Об образовании избирательных участков на территории Шардаринского района» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шардара ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 10 «Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шардара ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 10 «Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443-13 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Шардара ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінде: № 858 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын: «Орталығы: Шардара қаласы, И.Тайманов көшесі, №1Б үй, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.» № 868 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын: «Орталығы: Ұзын ата ауылдық округі, Ұзын ата ауылы, Ынтымақ көшесі, № 2А үй, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шардара аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының Ұзын ата ауылдық «Мәдениет үйі» мекемесінің ғимараты.» № 908 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын: «Орталығы: Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан ауылы, Абай көшесі, №2В үй, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.» № 871 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын: «Орталығы: Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, № 17 үй, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шардара аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының Қызылқұм ауылдық «Мәдениет үйі» мекемесінің ғимараты.»
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы _________________С.Кошалиев « » ________ 2026 жыл