«О внесении дополнения в постановление акимата Джангельдинского района от 28 декабря 2023 года № 183 «Об утверждении положения о государственном учреждении «О реорганизации и переименовании государственного учреждения» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жангелдин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 183 «Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту қаулысына толықтырулар енгізу туралы Жангелдин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 183 «Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту қаулысына толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жангелдин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 183 «Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне: 14-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) маңдайшаларды ауылдарда орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады» ; «8) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды және әкімшілік жаза қолданады»;
Тармақ 2
2. «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.