О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 28 апреля 2023 года № 2/16-VIII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жарминскому району» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78-18 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден» деген сөздер «1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден» деп өзгертілсін; көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында реттік нөмері 3 жолы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.