О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-17-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Астраханском районе» Қолданыста
Басқа 0
Астрахан аудандық мәслихатының
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 8С-17-2 «Астрахан ауданында
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
10 тармақтың 3- тармақшасының бірінші абзацы алып тасталсын;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:
1) кірістерді есепке алмағанда:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын алты айдан артық емес 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
босатылған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) кірістерді ескере отырып жылына бір рет:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алмайтын адамдарға (отбасыларға) 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.