О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-17-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Астраханском районе» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына бір рет, екі жылда бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»; 7-тармақта: 5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 10 тармақтың 3-тармақшасының жаңа редакцияда жазылсын: «3) 9 мамыр - Жеңіс күніне: жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес)айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 10 тармақтың 7-тармақшасының жаңа редакцияда жазылсын: «7) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне: «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»; 11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі: 1) кірістерді есепке алмағанда: дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын алты айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде; «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына бір рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) кірістерді ескере отырып жылына бір рет: жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»; 14 тармақтың 3-тармақшасының жаңа редакцияда жазылсын: «3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.