О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 103 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Сарани и поселке Актас» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгерiстер енгізу туралы Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін»; көрсетілген шешіммен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін уәкілетті орган Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында бекітілген нормалар шегінде есептейді.»
Тармақ 2
2. «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Саран калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.