О внесении изменений в постановление акимата Аулиекольского района Костанайской области от 28 июня 2024 года № 110 «Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров Аулиекольского района» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 110 «Әулиекөл ауданы жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға тарифтерді белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 110 «Әулиекөл ауданының жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға тарифтерді белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 198427 тіркелген) мынадай өзгеріс:
көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Әулиекөл ауылы жолаушыларын «Сигнал дүкені»
– Орталық – Аудандық аурухана – ДСУ 20» № 1 маршрутына 100 теңге мөлшерінде тариф белгіленсін, «Әулиекөл – Аманқарағай – Әулиекөл» № 2 маршрутына әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының ішінде 100 теңге, Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының арасында 150 теңге тариф белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Әулиекөл аудандық
мәслихатының төрағасы
________ Д. Қойшыбаев