О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 119/18 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Аксу» Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 «Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 «Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7531-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы»;
1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
шешімнің қосымшасы осы шешімге сәйкес жаңа редақцияда жазылсын;
3 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін
көрсетудің Қағидалары мен мөлшері
Ақсу қалалық
мәслихатының
2025 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 255/44
шешіміне қосымша
Ақсу қалалық
мәслихатының 2024
жылғы 28 наурыздағы
№119/18 шешімімен
бекітілген
Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін
көрсетудің Қағидалары мен мөлшері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 97-бабының 5-тармағына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айкындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидарларда пайдаланатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;
Тармақша 3
3) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
Тармақша 4
4) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы;
Тармақша 5
5) шекті жол берілетін шығыстар – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Ақсу қаласында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азамттарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 5
5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес нормативтер шегінде уәкілетті орган есептейді.
Тармақ 7
7. Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қағидалардың 19-48 тармақтарында айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 8
8. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді. Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Аз қамтылған отбасы (азаматтар) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тағайындау үшін (немесе нотариалды куәландырылған сенімхатпен оның өкілі) тұргын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Тармақ 12
12. Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Тармақ 13
13. Аз қамтылған отбасы (азаматтар) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе «жеке кабинетке» электрондық құжат түрінде жолданады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсу қаласының бюджетіндн көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда жиынтық табысы бойынша және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша құжаттарды беру уақытына қарамастан бір тоқсан мерзімге тағайындалады оның ішінде алдыңғы тоқсанның телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу сметасы мен шоттарына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган Қағидалардың 18 - тармағында көрсетілген негіздер бойынша тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.
Тармақ 19
19. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.
Тармақ 20
20. Алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді алушылардың өтініші бойынша уәкілектті орган ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейін айдың 25 - іне дейін екінші деңгейдегі банктер, ұйымдар, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, «Казпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.