О внесении изменений в решение Уилского районного маслихата от 28 марта 2024 года № 124 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уилском районе» Қолданыста
Басқа 0
Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 124 «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 124 «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8556-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен айқындалған, Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
атауы келесі мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:
2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2.Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.»;
9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.