О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 28 марта 2024 года № 13/105 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каракиянском районе Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/105 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/105 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4690-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»; 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Көрсетілетін қызмет алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.»; 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасының 4-1-тармағына сәйкес есептейді.».
Тармақ 2
2. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.