О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июня 2024 года № 378/НҚ «Об утверждении Правил деятельности контакт-центра «111» по вопросам семьи, защиты прав женщин и детей и его взаимодействия с центральными государственными органами, местными исполнительными органами» Қолданыста
Басқа 0
«Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 378/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 378/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі;
2) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға цифрлық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
3) жолданым – «111» байланыс орталығына телефон қоңырауын қабылдау барысында алынған не «111» байланыс орталығына жазбаша (қағаз және (немесе) цифрлық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс нысанында жолданған өтініш немесе шағым;
4) «111» байланыс орталығының ақпараттық-анықтамалық білім базасы (бұдан әрі – Білім базасы) – азаматтардың сұрау салуы бойынша жауап беру үшін қажетті ақпаратты сақтауға, толықтыруға, жаңартуға және іздеуге арналған цифрлық деректер базасы;
5) «111» байланыс орталығының консультанты (бұдан әрі – консультант) – «111» байланыс орталығының отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық консультацияны, ұйымдастырушылық, психологиялық көмекті жүзеге асыратын қызметкері;
6) Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылда олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін адам;
7) Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығы (бұдан әрі – «111» байланыс орталығы) – цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
8) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган – цифрландыру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «111» байланыс орталығы:
өтініш берушінің таңдауы бойынша жеке және заңды тұлғаларға өз қызметтерін тәулік бойы, үзіліссіз, демалыс және мереке күндерінсіз қазақ және орыс тілдерінде ұсынады;
өтініш берушілерге ақпараттық-анықтамалық консультациялар, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсетеді;
келіп түскен жолданымдардағы мәселелер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
құзыретіндегі мәселелері бойынша орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен хат алмасуды жүргізеді;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
ресми байланыс арналары арқылы және цифрлық объектіге: 111.gov4c.kz келіп түсетін ауызша және жазбаша жолданымдарды қабылдайды және қарайды;
келіп түскен мәселелер бойынша шешудің неғұрлым тиімді жолын айқындау үшін жолданымдар бойынша ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
келіп түскен жолданымдар бойынша қажетті көмек көлемін таңдау туралы шешімді өз бетінше қабылдайды;
қажетті ақпаратты беру және алу үшін орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға шығыс қоңыраулар жасайды;
жедел ден қою шаралары талап етілетін жолданымдар келіп түскен жағдайда, қолданыстағы байланыс арналары бойынша дереу орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпаратты береді;
келіп түскен жолданымдарды тіркеудің цифрлық жүйесіндегі сұрау салу нысанына қажетті деректерді енгізеді;
жеке және заңды тұлғаларға олардың ауызша немесе жазбаша сұрау салу бойынша жолданымды тіркеу нөмірі, қойылған мәселені шешу бойынша ағымдағы мәртебесі мен жұмыс барысы туралы ақпарат береді;
Білім базасында бар ақпарат бойынша өз қызметін ақпараттық-анықтамалық қолдауды жүзеге асырады;
егер жолданымдағы мәселе Бірыңғай байланыс орталығы операторларының құзыретіне кіретін болса, онда ол туралы өтініш берушіні хабардар ете отырып, қоңырауды Бірыңғай байланыс орталығына бағыттайды;
егер жолданымдағы мәселе «111» байланыс орталығының құзыретіне кірмейтін болса, консультант өтініш берген адамға аталған мәселені шешу құзыретіне кіретін субъектіге қатысты қолда бар ақпаратты береді;
цифрландыру саласындағы уәкілетті органның жазбаша талабы бойынша сұрау салынатын мерзімде «111» байланыс орталығына қоңырау шалған жеке немесе заңды тұлғамен консультанттың сөйлесу жазбасын ұсынады;
консультанттардың кәсіби құзыреттілігін арттыруды, оқытуды және қайта оқытуды жүзеге асырады;
консультанттарға көтермелеу және ынталандыру шараларын қолданады;
Қазахстан Республикасы азаматтарының «111» байланыс орталығының қызметі, ақпараттық-анықтамалық консультациялар беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарда ақпараттандыру, цифрлық ресурстарда жарияланымдар орналастыру, сыртқы жарнама, түрлі ақпараттық іс-шаралар өткізу арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласында ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсету тәртібі мен процесі туралы хабардар болу деңгейін арттырады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «111» байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылға қатысушылар:
«111» байланыс орталығы;
цифрландыру саласындағы уәкілетті орган;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдері;
орталық мемлекеттік органдар;
жергілікті атқарушы органдар;
жеке және заңды тұлғалар болып табылады.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
« 1) Қазақстан Республикасының адамы мен азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру, заңдылықтың сақталуын қадағалау;»
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жолданым бойынша жедел ден қоюды талап ететін жағдайларда, қолданыстағы байланыс арналары бойынша орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен ауызша және (немесе) жазбаша (цифрлық объектілер арқылы) ақпарат алмасуға жол беріледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі