О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 28 февраля 2024 года № 9-11 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Уральск» Қолданыста
Басқа 0
Орал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 9-11 «Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Орал қалалық мәслихатының «Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 ақпаңдағы № 9-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7330-07 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларда бекітілген нормалар шегінде есептейді.»;
8-тармақтың 6-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықталады.».
Тармақ 2
2. «Орал қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Орал калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.