О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 мая 2025 года № 258 «Об утверждении Правил ведения бюджетного учета» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік қазынашылық органдары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – электрондық құжат айналымы) арқылы беретін бюджеттік есепке алу құжаттары Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесі арқылы электрондық түрде қалыптастырылады, Мемлекеттік қазынашылық органдары мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылады.»; 10-тармақтың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде операциялық күннің жабылуы туралы есеп;»; 82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «82. 013 «Бюджеттік кредиттер» баланстан тысқары шотында республикалық бюджеттен берілген және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері алған бюджеттік кредиттер, сондай-ақ аудандардың бюджеттеріне (облыстық маңызы бар қалалардың) облыстық бюджеттер берген бюджеттік кредиттер есепке алынады.»; көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; көрсетілген Қағидаларға 14, 15 және 16-қосымшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; көрсетілген Қағидаларға 17-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген Қағидаларға 18, 19 және 20-қосымшаларда орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, алтыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 17. ___________________________ (уәкілетті органның атауы) Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде операциялық күннің жабылуы туралы есеп 20___жылғы «__» ______________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы « » № бұйрығына қосымша Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесіне 17-қосымша нысан ___________________________ (уәкілетті органның атауы) Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде операциялық күннің жабылуы туралы есеп 20___жылғы «__» ______________ Өлшем бірлігі: теңге, тиын № Ата­уы Жыл ба­сын­да­ғы қал­дық Кі­ре­тін қал­дық Саль­до Бар­лық тү­сім­дер Тү­сім­дер Қай­та­ру­лар Та­сы­мал­дар Бар­лық шы­ғы­стар Шы­ғы­стар Қал­пы­на кел­ті­ру Тар­ту/ қай­та­ру­лар А 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1 Қа­зақ­стан бан­ка­ра­лық есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы­ның банк кө­шір­ме жа­з­ба­сы бой­ын­ша 2 Бар­лы­ғы 3 Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 4 Жер­гі­лік­ті бюд­жет­тің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты – жиы­ны 5 оның ішін­де, об­лы­стар бой­ын­ша 6 Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет Ақы­лы қыз­мет­тер­дің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Қай­ы­рым­ды­лық кө­мек­тің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Ақ­ша­лар­ды уа­қыт­ша ор­на­ла­сты­ру қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Ны­са­на­лы қар­жы­лан­ды­ру қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Сырт­қы қары­зды неме­се бай­ла­ны­сты грант­ты қай­та ай­ыр­ба­стау қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Қар­жы­лық қол­дау опе­ра­тор­ла­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты, ти­іс­ті са­ла­ның ор­та­лық уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 7 Жер­гі­лік­ті бюд­жет Ақы­лы қыз­мет­тер­дің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Қай­ы­рым­ды­лық кө­мек­тің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Ақ­ша­лар­ды уа­қыт­ша ор­на­ла­сты­ру қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты Қар­жы­лық қол­дау опе­ра­тор­ла­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты ти­іс­ті са­ла­ның жер­гі­лік­ті уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 8 Ұлт­тық қор­дың қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің де­по­зит­те­рі 10 Уа­қыт­ша бос бюд­жет­тік ақ­ша­лар шо­ты 11 Есеп­тер­де­гі ақ­ша 12 Анық­та­у­ға дей­ін­гі со­ма­лар шо­ты 13 Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­дің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 14 Мем­ле­кет­тік са­тып алу қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 15 Жә­бір­ле­ну­ші­лер­ге өте­ма­қы қо­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 16 Бі­рың­ғай қа­зы­на­шы­лық шо­тын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы­на сый­а­қы шо­ты 17 Мем­ле­кет­тік са­тып алу са­ла­сын­да­ғы бі­рың­ғай опе­ра­тор­дың қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 18 Мем­ле­кет­тік емес қары­здар­дың қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 19 Ұлт­тық ва­лю­та­да қыз­мет көр­се­ту­дің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 20 Пи­лот­тық жо­ба­ны іс­ке асы­ру бой­ын­ша ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­сі­нің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 21 Ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік қор қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 22 Дер­бес бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты 23 Бюд­жет­тік кре­дит­тер­дің қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты кестенің жалғасы Іш­кі банк­тік шот бой­ын­ша күн со­ңын­да­ғы бі­рың­ғай қа­зы­на­шы­лық шот қал­ды­ғы Сырт­қы банк­тік шот бой­ын­ша күн со­ңын­да­ғы бі­рың­ғай қа­зы­на­шы­лық шот қал­ды­ғы Іш­кі және сырт­қы шот­тар ара­сын­да­ғы ауыт­қу­лар 13 14 15 Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы ____________ _________________________ (қолы) (қолды таратып жазу)