О внесении изменения в постановление акимата города Шахтинска от 28 августа 2025 года № 41/01 «Об установлении публичного сервитута на земельные участки города Шахтинска» Қолданыста
Басқа 0
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №41/01 «Шахтинск қаласының жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №41/01 «Шахтинск қаласының жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізілсін, қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Шахтинск қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 100,3878 га жер учаскелеріне төсеу үшін 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін:
«Шахтинск» АГБС-тен «Шахтинск» ГБП-ға дейінгі жоғары қысымды газ құбыры: ұзындығы 10,55 шақырым, құрылыс жолағының ені 28 м, ауданы 29,55 га;
«Солтүстік-Батыс» ГБП, ауданы 0,007 га алаңдар;
«Шахтинск» ГБП, ауданы 0,0150 га алаңдар;
орташа қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 32,54 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 13,02 га;
төмен қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 143,68 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 57,48 га;
ауданы 0,022 га болатын 14 бірлік газ құбырын тарату шкафтық пункті;
шкафты бөлу пункті-86 бірлік, ауданы 0,103 га;
«Долинка» ГБП (газ тарату пункті) ауданы 0,0989 га кірме жолы;
«Шахтинск» ГБП (газ тарату пункті) ауданы 0,0919 га кірме жолы».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Саттыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.