О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июня 2025 года № 59 «Об утверждении Правил планирования и реализации государственных инвестиционных проектов, разработки или корректировки, проведения необходимых экспертиз инвестиционного предложения, технико-экономического и финансово-экономического обоснований, определения целесообразности бюджетного кредитования, формирования портфеля государственных инвестиционных проектов, а та Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:
3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Объектілерді аса маңызды жобаларға және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу тәртібі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 2 ақпандағы
№ 9 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаларды жоспарлау және іске асыру,
инвестициялық ұсынысты,
техникалық-экономикалық
және қаржылық-экономикалық
негіздемелерді әзірлеу немесе түзету,
қажетті сараптамалар жүргізу,
бюджеттік кредиттеудің орындылығын
айқындау, мемлекеттік инвестициялық
жобалар портфелін қалыптастыру,
сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық
жобалардың бекітілген (нақтыланған)
параметрлерін түзету, іріктеу,
іске асырылуын мониторингтеу
және бағалау қағидаларына
3-қосымша
Объектілерді аса маңызды жобаларға және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу тәртібі
Тармақ 1
1. Объектілерді аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Объектілерді аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу тәртібін (бұдан әрі - Тәртіп) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Жоғары тұрған бюджеттер дамуға арналған нысаналы трансферттерді қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға төмен тұрған бюджеттерге береді.
Тармақ 4
4. Аса маңызды объектілерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) қызметін авариялық тоқтату жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына алып келуі мүмкін объектілер:
ғылыми-зерттеу институттарының аумағында аса қауіпті патогендер мен бірегей биологиялық заттарды сақтауды қамтамасыз ететін биологиялық қауіпсіздік объектілері;
елді мекендердің су тасқыны және су басу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзендердің жағалауын нығайту жұмыстары;
гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау;
желілердің кемінде 70 %-ы тозған кезде қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары жылу электр орталықтары мен қазандықтарды реконструкциялау;
желілердің кемінде 70 %-ы тозған кезде кернеуі 35/10/0,4 кВ жоғары қосалқы станциялар мен электр беру желілерін реконструкциялау;
желілердің кемінде 70 %-ы тозған кезде техникалық күрделі объектілерге жататын кез келген диаметрдегі жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерін және олардағы шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) (қоса алғанда) жылумен жабдықтаудың тарату (орамішілік) желілерін және құрылысжайларын реконструкциялау;
ішкі диаметрі 300 мм (миллиметр) және одан астам топтық су тартқыштарды реконструкциялау;
өнімділігі тәулігіне кемінде 100 мың м3/тәулік (тәулігіне текше метр) кәріздік-тазарту құрылысжайлары;
Тармақша 2
2) ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жалпымемлекеттік инфрақұрылымдық объектілер:
қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары жылу электр орталықтары мен қазандықтар салу;
кернеуі 35/10/0,4 кВ жоғары қосалқы станциялар мен электр беру желілерін салу;
150 төсектен (қоса алғанда) астам мүгедектерге арналған оңалту орталықтары;
200-ден астам төсекке (қоса алғанда) арналған көпбейінді ауруханалар және ауысымына 250-ден астам адам (қоса алғанда) қабылдайтын емханалар;
200-ден астам төсекке (қоса алғанда) арналған перинаталдық орталықтар;
қан орталықтары;
200-ден астам төсекке (қоса алғанда) арналған жұқпалы аурулар ауруханалары;
300-нан астам төсекке (қоса алғанда) арналған ұлттық госпитальдар;
республикалық маңызы бар мәдениет объектілері;
бір мезгілде 500-ден астам адам (сыйымдылығы) болатын республикалық маңызы бар жабық спорттық-ойын-сауық ғимараттары немесе ашық құрылысжайлар;
Жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) кемінде екі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық дамуын қамтамасыз ететін объектілер:
республикалық маңызы бар тау шаңғысы инфрақұрылымының объектілері (аспалы арқан жолдары, кіреберіс автомобиль жолдары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым);
метрополитендер;
Тармақша 2
2) белгілі бір саладағы біртекті жобаларды ел ауқымында біржолғы іске асыру арқылы міндеттерді белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған объектілер:
республикалық немесе коммуналдық меншіктегі туристік өңірлердегі, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген облыстық маңызы бар өнеркәсіптік қалалардағы әуежайлар, терминалдар, ұшу-қону жолақтары және ақпараттық авиациялық инфрақұрылым объектілері;
магистральдық газ құбырлары, магистральдық газ құбырларынан жоғары қысымды газ құбырлары-бұрғыштары, автоматтандырылған газ тарату станциялары, кенттер арасындағы жоғары қысымды жеткізуші газ құбырлары, елді мекендер шекарасындағы (шегіндегі) газ тарату желілері;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын кез келген диаметрдегі жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерін және шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) (қоса алғанда) жылумен жабдықтаудың тарату (орамішілік) желілерін және олардағы құрылысжайларды салу;
ішкі диаметрі 350 мм (миллиметр) және одан артық топтық сутартқыштар салу;
гидротехникалық құрылысжайлар салу;
бірнеше облысың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағы бойынша ағатын ірі өзендерді тазарту;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға жеткізу;
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын білім беру объектілері;
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын денсаулық сақтау объектілері;
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері;
«Қолжетімді интернет» байланыс саласындағы ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері.
Тармақ 5
5. Объектіні аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызуды Кодекстің 148-бабының 8-тармағында айқындалған жоғарыда аталған өлшемшарттардың негізінде тиісті орталық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы объектіні аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу үшін тиісті орталық мемлекеттік органға мыналарды:
объектінің паспорты қоса берілген, қысқаша ақпаратты (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы, объектінің іске асыру орны, мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде, іске асыру кезеңі, компоненттері, инвестициялардың жоспарланған көлемі) ашатын өтінімхатты;
баланс ұстаушы туралы мәліметтерді, меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
проблеманы шешудің оңтайлы жолы ретінде объектіні таңдауды негіздей отырып, оны шешу нұсқасын таңдау кезінде қаралған балама нұсқалар туралы мәліметтерді;
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес ұсынылатын объектінің сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау нәтижесін (реконструкциялау жүргізілген жағдайда);
МИЖ-дің ерекшелігіне байланысты ТЭН немесе ҚЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның инвестициялық ұсынысқа, ТЭН-ге оң экономикалық қорытындыларын;
объект туралы ақпаратты растайтын және ашатын басқа да материалдарды, құжаттарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Тиісті орталық мемлекеттік орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын олардың жинақталуы және объектінің жоғарыда аталған өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және объектіні аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу туралы салалық сараптаманың тиісті қорытындысын (бұдан әрі – Салалық сараптаманың қорытындысы) одан әрі тиісті ведомстволық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін дайындайды.
Ведомстволық бюджет комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша тиісті орталық мемлекеттік орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті Салалық сараптаманың қорытындысын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді.
Тармақ 8
8. Салалық сараптаманың қорытындысы:
Тармақша 1
1) саланың одан әрі дамуына әсер ететін, оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
Тармақша 2
2) жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсерлерді, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құруға әсерін;
Тармақша 3
3) проблеманы шешудiң нұсқасын таңдау кезiнде қаралған қаржыландырудың балама көздерiн;
Тармақша 4
4) жобалардың өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігін бағалауды;
Тармақша 5
5) тұжырымдарды қамтиды.
Тармақ 9
9. Салалық сараптама қорытындысына мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген адам қол қояды және ресми құжаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, тиісті орталық мемлекеттік орган құжаттар топтамасы келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды қараусыз қайтарады.
Тармақ 11
11. Тиiстi орталық мемлекеттiк орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына салалық сараптаманың оң Қорытындысын бергеннен кейiн бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға осы Тәртiптің 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын жолдайды.
Тармақ 12
12. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган МИЖ бойынша ұсынылған құжаттаманы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде МИЖ-дің мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына және осы Тәртіптің 4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тармақ 13
13. Құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында МИЖ болмаған және МИЖ осы Тәртіптің 4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган құжаттаманы пысықтауға қайтарады.
Тармақ 14
14. МИЖ осы Тәртіптің 4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті орталық мемлекеттік органның салалық сараптамасының оң Қорытындысының және осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде аса маңызды жобалар мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес қалыптастырылатын МИЖ портфеліне қосады.
Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы ішкі өнім көлеміне салымның болжамды үлесін, бюджет түсімдерінің болжамды өсімін, салаға салынатын инвестициялардың болжамды өсімін және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да параметрлерін айқындау жолымен МИЖ портфеліне қосылған салалық МИЖ-дің экономиканың дамуына ықтимал әсерін талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Республикалық бюджет жобасына енгізу үшін аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызылған МИЖ-ді айқындауды және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруды МИЖ портфелі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Күрделі (қалпына келтіру) жөндеу жүргізуге бағытталған объектіні аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызуға жол берілмейді.