Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 28 ноября 2025 года № 604/НҚ «Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей»

Бұйрық · № 461/НҚ · қабылданған 07.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2025-no-604/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 28 ноября 2025 года № 604/НҚ «Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей» Қолданыста 07.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 28 ноября 2025 года № 604/НҚ «Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей»

Қолданыста Бұйрық № 461/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 28 ноября 2025 года № 604/НҚ «Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей»
Атауы (қаз.)
«Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 604/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
461/НҚ
Қабылданған күні
07.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
24.08.2026
Көрсетілген редакция
07.08.2026 228642_840188.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039540
ЭКБ идентификаторы
228642
Редакция идентификаторы
228642_840188
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:12
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 604/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 604/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 37506 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларында:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі – қазақстанда шығарылған тауар өндірушілер және олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісі;»;
5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығымен бекітілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38903 болып тіркелген) (бұдан әрі – тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары) белгiленген өлшемшарттарына сәйкес келетiн цифрлық объектiлердiң тізбесі;
6) өтініш беруші – Қазақстан Республика заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізу туралы өтініш берген жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
7) Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағдарламалық қамтылым сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізілген.»;
5-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағдарламалық қамтылымды өндіруді жүзеге асыратын өтініш берушінің есепті кезеңдегі жұмыскерлерге төленетін жалақы төлемдерін растайтын құжаттардың: 332 төлем тағайындау коды және (немесе) шығыс кассалық ордері бойынша банктік төлем құжаттарының көшірмелері;
3) өтініш берушінің бағдарламалық қамтылымды өндіру фактісін растайтын: өтініш берушімен бекітілген техникалық тапсырмалар, оған қолданыстағы толықтыруларды және бағдарламалық қамтылымды өндірістік пайдалануға енгізу туралы бұйрықты қоса алғандағы құжаттар;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) есепті кезеңде сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізуге өтініш берілген, бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді немесе түрлендіруді (бейімдеуді) немесе сүйемелдеуді (техникалық қолдауды) жүзеге асыратын жұмыскерлердің тізбесі.
Бұл ретте шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен төлемдер бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру және бейімдеу шығындарының бір бөлігін құрайтын шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен, сондай-ақ олар бақылайтын қазақстандық ұйымдармен, агенттермен және өкілдермен жасалған шарттар бойынша төлемдер сомасын қамтиды.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес бағдарламалық қамтылымды сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.»;
қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы мәліметтер:
Ұйымның атауы
[Ұйымның атауын енгізіңіз]
БСН/ЖСН
[Ұйымның БСН/ЖСН енгізіңіз]
Есепті кезең
[Есепті кезеңнің басталу және аяқталу күнін енгізіңіз]
Жауапты адам
[Жауапты адамның тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) енгізіңіз]
Байланыс деректері
[Байланыс деректерді енгізіңіз]
Шығындар бабы
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және компоненттер үшін төлемдер сомасы (жергілікті компонент)
Қазақстан Республикасынан тыс жерде өндірілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және компоненттер үшін төлемдер сомасы (шетелдік компонент)
Декодтау
Ескерту
Жалақы
Бұлттық сервистер
(мысалы, AWS)
Өзге құқық иеленушілерінің бағдарламалық қамтылымы және лицензиялары туралы мәліметтер
Әзірлеуге арналған мердігерлер (Қазақстан Республикасында)
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мердігерлер
Барлығы
».

2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.