О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 октября 2025 года № 634 «Об утверждении форм сведений, представляемых в орган государственных доходов, биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра «Астана» о проведенных резидентами Республики Казахстан и нерезидентами операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами, а также Қолданыста
Басқа 0
«Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37274 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.Qoldau.kz интернет – ресурста орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.Qoldau.kz интернет – ресурста орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.Qoldau.kz интернет – ресурста орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі және (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;
4) цифрлық активтер биржалары – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, есептелуін және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген Мәліметтер мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйесінде техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйесі арқылы Комитетке ұсынылады.
Техникалық ақаулар (қателер) болған кезде Мәліметтер Комитетке қағаз күйінде ұсынылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3)осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы