О внесении изменений в решение маслихата города Кокшетау от 28 ноября 2026 года № С-26/10 «Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по городу Кокшетау на 2026 год» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қаласы мәслихатының 2026 жылғы 28 қарашадағы № С-26/10 «2026 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізі туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы №166 бұйрығының 1-тараудың 4-тармағына сәйкес «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде №20284 болып тіркелген) қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласы мәслихатының 2026 жылғы 28 қарашадағы № С-26/10 «2026 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Көкшетау қаласы бойынша 2026 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері ай сайын 1 (бір) шаршы метр үшін 72,23 теңге мөлшерінде бекітілсін, бұл тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,0167 бөлігін құрайды.»; 2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.