О внесении изменений в совместное постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 28 апреля 2026 года № 84 и Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 апреля 2026 года № 51 «Об определении предельных размеров годовой эффективной ставки вознаграждения по займам и микрокредитам» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38605 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38746 болып тіркелген) бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға 5-қосымшаның 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – күніне 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайыздан кем, бірақ 179 (жүз жетпіс тоғыз) пайыздан аспайды.»; екінші бөлік алып тасталсын; 5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2027 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бірлескен қаулының 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік қарыздар бойынша – кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35 (отыз бес) пайыз. Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері қарыз мөлшерінің қатынасы коэффициентінің (бұдан әрі – ҚКК) кепіл нысанасының құнына шекті мәніне байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді: ҚКК мәні қоса алғанда 0,7-ге (нөл бүтін оннан жетіге) дейін болғанда – 20 (жиырма) пайыз; ҚКК мәні 0,7-ден (нөл бүтін оннан жетіден) жоғары болғанда – 25 (жиырма бес) пайыз. Осы тармақтың мақсаттары үшін ҚКК ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл нысанасының құнына қатынасы ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі: мұндағы: қарыз сомасы – шарт талаптары бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызының сомасы; кепіл нысанасының құны – сатып алу-сату шартында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің құны мен «Бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес бағалаушы айқындаған және ипотекалық тұрғын үй қарызын беру күнінде өзекті болып табылатын жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құны арасындағы ең төмен мән. Банктік салым шарты бойынша құқықтар түрінде қосымша кепіл болған кезде ҚКК коэффициентін есептеу үшін кепіл нысанасының құны банктік салым шарты бойынша құқықтарды кепілге беру күніне банктік салымның сомасына ұлғайтылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен қаулы ресми жариялануға тиіс және осы бірлескен қаулының 1-тармағының 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.